15:24, 01 Мамыр 2020
Қазақстанда тағы 47 адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 1 мамыр түскі сағат 12.45-те коронавирус инфекциясы тағы 47 адамнан табылғанын хабарлады.
Алматы қаласында — 10, Шымкентте — 8, Павлодар облысында — 13, Қарағанды облысында — 2, Қызылорда облысында — 3, Жамбыл облысында — 4, Маңғыстау облысында — 6, Атырау облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.
Барлығы 3551 адамға вирус жұққан. 866 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3551 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 1140
- Нұр-Сұлтан қаласы – 650
- Қызылорда облысы – 204
- Шымкент қаласы – 201
- Қарағанды облысы – 151
- Атырау облысы – 140
- Батыс Қазақстан облысы – 152
- Түркістан облысы – 127
- Павлодар облысы – 142
- Алматы облысы – 138
- Жамбыл облысы – 136
- Ақмола облысы – 99
- Ақтөбе облысы – 109
- Қостанай облысы – 50
- Маңғыстау облысы – 55
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 23