Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:57, 25 Сәуір 2020

Қазақстанда тағы 66 адамнан коронавирус табылды

None
None

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 25 сәуір таңертеңгі сағат 10.15-те тағы 66 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында — 8, Алматы қаласында — 4, Жамбыл облысында — 2, Түркістан облысында — 8, Шымкент қаласында — 5, Қызылорда облысында — 6, Павлодар облысында — 12, Қарағанды облысында — 3, Батыс Қазақстан облысында — 2, Атырау облысында — 10, Қостанай облысында — 1, Маңғыстау облысында 5 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2482 адам болды. 604 адам COVID-19 ауруынан жазылған. Барлығы 25 адам қайтыс болған.

24 сәуірде Қазақстанда бес адамның коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болды. Олардың біреуі — Маңғыстау облысында әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен 1980 жылы туған әскери қызметкер. Ол төтенше жағдай кезінде Ақтау көшелерін залалсыздандыруға атсалысқан.

Вирус табылған 2482 адам мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 791
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 454
  • Қызылорда облысы – 170
  • Шымкент қаласы – 146
  • Қарағанды облысы – 111
  • Жамбыл облысы – 103
  • Батыс Қазақстан облысы – 102
  • Ақмола облысы – 88
  • Атырау облысы – 98
  • Түркістан облысы – 93
  • Алматы облысы – 73
  • Павлодар облысы – 88
  • Ақтөбе облысы – 55
  • Қостанай облысы – 39
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Маңғыстау облысы – 25
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16

Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазақстанның біраз аймағы карантинде.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: