Қазақстанда тағы 67 адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 сәуір таңертеңгі сағат 9.40-та коронавирус инфекциясы тағы 67 адамнан табылғанын хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында — 6, Алматы қаласында — 7, Шымкент қаласында — 1, Шығыс Қазақстан облысында — 3, Қызылорда облысында — 11, Маңғыстау облысында — 1, Павлодар облысында — 1, Қостанай облысында — 4, Батыс Қазақстан облысында — 8, Ақтөбе облысында — 1, Қарағанды облысында — 7, Ақмола облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.
Қазақстанда барлығы 3205 адамға вирус жұққан. 819 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3205 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 944
- Нұр-Сұлтан қаласы – 627
- Қызылорда облысы – 198
- Шымкент қаласы – 190
- Қарағанды облысы – 149
- Атырау облысы – 135
- Батыс Қазақстан облысы – 146
- Түркістан облысы – 124
- Павлодар облысы – 128
- Алматы облысы – 122
- Жамбыл облысы – 116
- Ақмола облысы – 99
- Ақтөбе облысы – 82
- Қостанай облысы – 49
- Маңғыстау облысы – 46
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 20
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 29 сәуір күнгі брифинг кезінде Қазақстанда вирус жұқтырғандар 8 пайыздан 5,5 пайызға азайды, бірақ жекелеген аймақтарда сырттан келгендерден вирус анықталуына байланысты науқастардың өсуі байқалады деп мәлімдеген. Ол мамыр айының соңына дейін науқастар 5300-ге жетеді деп болжайды.