11:12, 03 Сәуір 2020
Қазақстанда тағы бес адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 3 сәуір күндізгі сағат 14.00-де тағы бес адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысында — 3, Алматыда — 2 адамға вирус жұққаны анықталған.
Жалпы науқастар саны 453 адам болды:
- Нұр-Сұлтанда — 199 адам
- Алматыда — 93 адам
- Қызылорда облысында — 26 адам
- Қарағандыда — 22 адам
- Атырау облысында — 20 адам
- Ақмола облысында — 19 адам
- Шымкентте — 11 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында — 18 адам
- Түркістан облысында -16 адам
- Алматы облысында — 9 адам
- Жамбыл облысында — 6 адам
- Ақтөбе облысында — 7 адам
- Батыс Қазақстан облысы — 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында — 3 адам
- Павлодар облысында — 1 адам
- Маңғыстау облысында — 1 адам
Вирустан 29 адам айыққан. 3 адам қайтыс болған. Қазір елдің басым бөлігінде карантин жарияланған. Адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылған.