11:12, 03 Сәуір 2020
Қазақстанда тағы тоғыз адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 3 сәуір таңертеңгі сағат 9.40-та тоғыз адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Атырау облысында — 1, Солтүстік Қазақстан облысында — 3, Түркістанда — 3, Ақтөбе облысында — 2 адамға вирус жұққаны анықталған.
Жалпы науқастар саны 444 адам болды:
- Нұр-Сұлтанда — 199 адам
- Алматыда — 91 адам
- Қызылорда облысында — 26 адам
- Қарағандыда — 21 адам
- Атырау облысында — 20 адам
- Ақмола облысында — 19 адам
- Шымкентте — 11 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында — 14 адам
- Түркістан облысында -14 адам
- Алматы облысында — 9 адам
- Жамбыл облысында — 6 адам
- Ақтөбе облысында — 7 адам
- Батыс Қазақстан облысы — 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында — 3 адам
- Павлодар облысында — 1 адам
- Маңғыстау облысында — 1 адам
Вирустан 27 адам айыққан. 3 адам қайтыс болған. Қазір елдің басым бөлігінде карантин жарияланған. Адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылған.