08:46, 01 Сәуір 2020
Қазақстанда үшінші науқас коронавирустан көз жұмды
1 сәуір таңертең денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыда бір науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады.
Қазақстанда барлығы үш адам вирустан қайтыс болды. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам қайтыс болған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған еді.
Министрліктің дерегінше, Нұр-Сұлтанда — 6, Алматыда — 2, Қарағанды облысында -1, Ақмола облысында — 6 адамға вирус жұққаны анықталған.
Елде науқастардың жалпы саны 263 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтанда — 184 адам
- Алматыда — 84 адам
- Қарағандыда — 14 адам
- Атырау облысында — 16 адам
- Ақмола облысында — 16 адам
- Алматы облысында — 8 адам
- Қызылорда облысында — 18 адам
- Жамбыл облысында — 3 адам
- Шымкентте — 3 адам
- Батыс Қазақстан облысы — 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
- Ақтөбе облысында — 3 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында — 2 адам
- Павлодар облысында — 2 адам
- Маңғыстау облысында — 1 адам
- Түркістан облысында — 5 адам.
Коронавирустан 24 адам (Алматыда — 8 адам, Нұр-Сұлтанда — 16 адам) айыққан.