Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:22, 01 Сәуір 2020

Қазақстанда үшінші науқас коронавирустан көз жұмды

None
None

1 сәуір таңертең денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыда бір науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады.

Қазақстанда барлығы үш адам вирустан қайтыс болды. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам қайтыс болған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған еді.

Министрліктің дерегінше, Нұр-Сұлтанда — 6, Алматыда — 2, Қарағанды облысында -1, Ақмола облысында — 6 адамға вирус жұққаны анықталған.

Елде науқастардың жалпы саны 363 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтанда — 184 адам
  • Алматыда — 84 адам
  • Қарағандыда — 14 адам
  • Атырау облысында — 16 адам
  • Ақмола облысында — 16 адам
  • Алматы облысында — 8 адам
  • Қызылорда облысында — 18 адам
  • Жамбыл облысында — 3 адам
  • Шымкентте — 3 адам
  • Батыс Қазақстан облысы — 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
  • Ақтөбе облысында — 3 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 2 адам
  • Павлодар облысында — 1 адам
  • Маңғыстау облысында — 1 адам
  • Түркістан облысында — 5 адам.

Коронавирустан 24 адам (Алматыда — 8 адам, Нұр-Сұлтанда — 16 адам) айыққан.​

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: