21:00, 07 Мамыр 2020
Қазақстанда вирус жұқтырғандар 21 адамға көбейді
Денсаулық сақтау министрлігі 7 мамыр кешкі сағат 17:25-те тағы 21 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Алматы қаласында — 5, Нұр-Сұлтан қаласында — 12, Батыс Қазақстан облысында — 2, Түркістан облысында 2 адамға вирус жұққан.
Елде вирус жұқтырғандар 4530 адам болды. Барлығы 1470 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, 30 адам қайтыс болды.