13:05, 29 Сәуір 2020
Қазақстанда вирус жұқтырғандар 36 адамға көбейді
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 29 сәуір таңертеңгі сағат 9.10-да коронавирус инфекциясы тағы 36 адамнан табылғанын хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында — 7, Алматы қаласында — 5, Ақмола облысында — 3, Жамбыл облысында — 2, Батыс Қазақстан облысында — 1, Қостанай облысында — 2, Маңғыстау облысында — 2, Павлодар облысында — 2, Түркістан облысында — 3, Шымкент қаласында — 6, Атырау облысында 3 адамға вирус жұққаны анықталған.
Қазақстанда барлығы 3063 адамға вирус жұққан. 774 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3063 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 924
- Нұр-Сұлтан қаласы – 612
- Қызылорда облысы – 187
- Шымкент қаласы – 182
- Қарағанды облысы – 139
- Атырау облысы – 131
- Батыс Қазақстан облысы – 127
- Түркістан облысы – 124
- Павлодар облысы – 122
- Алматы облысы – 113
- Жамбыл облысы – 113
- Ақмола облысы – 98
- Ақтөбе облысы – 65
- Қостанай облысы – 45
- Маңғыстау облысы – 34
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 17