16:49, 10 Мамыр 2020
Қазақстанда вирус жұқтырғандар 5036 адамға жетті
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 мамыр таңертеңгі сағат 9.45-те тағы 61 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында — 31, Алматы қаласында — 11, Жамбыл облысында — 1, Маңғыстау облысында — 7, Ақмола облысында — 3, Қызылорда облысында — 3, Батыс Қазақстан облысында — 2, Атырау облысында — 1, Қарағанды облысында 2 адамға вирус жұққан.
Елде вирус жұқтырғандар 5036 адамға жетті. 1766 адам жазылған. 31 адам қайтыс болған.
Қарай отырыңыз:Қазақстанның коронавирус картасы
Қазақстанда 11 мамырда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай аяқталуы тиіс. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі елде карантин шаралары біртіндеп алынатынын айтады.