Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:17, 26 Наурыз 2021

Қазақстанда жерді жалға беру уақыты ұзартылуы мүмкін

None
None

«Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Жигули Дайрабаев Қазақстанда жерді жалға беру уақытын ұзарту бойынша шаруаларға басым құқық беруді ұсынды.

 Фермерлер одағының басшысы жер телімін пайдаланушы 49 жылға жалға алынған жерді адал және тиімді пайдаланса, ол үшін жалға алу мерзімін ұзартуды қарастыру қажет деп санайды.

«Жер телімін пайдалану, оның мұрагерлеріне жалға алу мерзімін ұзарту бойынша басым құқығын заң жүзінде қарастыру қажет. Ол үшін еліміздегі Жер кодексіне өзгерістер енгізу қажет», – деді Жигули Дайрабаев.

Тегтер: