Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:42, 05 Қазан 2022

Қазақстандағы олигархиялық капитализм дәуірі аяқталуға жақын – Тоқаев

None
None

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды мәселені көтерді.

«Мемлекет елімізде жұмыс істейтін барлық ірі тау-кен өндіруші компаниялардың қызметін жіті қадағалап отыр. Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз. Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруын қадағалаймыз. Өндірісті жаңғырту үдерісіне, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Ерекше бақылауда – салық төлемдері. Егер ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бұл талаптарды орындамаса, серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда олигархиялық капитализм дәуірі аяқталып келеді, ел азаматтары алдындағы әлеуметтік жауапкершілік кезеңі келе жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы олигарх

Тегтер: