Қазақстандағы референдум: exit poll нәтижесі шықты
Exit poll Қазақстандағы Конституциялық түзетулерге байланысты референдум нәтижесін шығарды, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Exit poll нәтижесі бойынша:
Иә" деп 76,7 пайызы;
«Жоқ» деп 23,3 пайызы дауыс берген.
Экзитпол нәтижесі бойынша, референдумға дауыс бергендер келгендер саны 67,5 пайыз болған.
Еске салайық, 5 маусымда таңғы 07.00 мен 20.00 аралығында Конституциялық түзетулерге байланысты референдум өтті.
Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс берді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беруі керек болды.