Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 26 Наурыз 2021

Қазақстандық оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды?

None
None

Төртінші тоқсанды оқытуға қатысты еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты.

Республиканың барлық өңірінде 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы бала санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға болады.

2021 жылғы 26 наурызда сағат 00-ден бастап күшіне енген Қаулыға сәйкес «2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:

— білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:

жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныптан бастап 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-сыныптан бастап 7-сыныпты қоса алғанда, мектепалды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі.

«Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау)», – делінген қаулыда.

Тегтер: