Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:19, 14 Ақпан 2019

Қазақстандық жас режиссер атақты жобаға қатысады

Былтыр көктемде ғана «Маусым соңы» туындысы арқылы Канның «Синефондасьон» фестиваліне қатысушылар тізіміне енген қазақстандық режиссер Жаннат АЛШАНОВА биыл да таңдаулылар тізіміне еніп отыр.
Жаннат Алшанова «Berlinale talents» жобасына өтінім беріп, 3400 қатысушының арасынан іріктеу кезеңінен өтті. «Berlinale talents» жобасы Берлинде өтетін әйгілі кинофестиваль. Ұйымдастыру комитеті 130 елдің өкілдері қатысып жатқан жобаның тек 250 қатысушысын ғана іріктеп алған. Сол 250 адамның ішінде Алшанова Қазақстан атынан сынға түскен жалғыз қатысушы екенін айта кету керек. Ал, былтыр «Маусым соңы» картинасы «Синефондасьон» фестиваліне қатысушы 2426 жұмыстың ішінен іріктеліп алынған 17 жұмыстың бірі болған.Әлемнің кино саласындағы жас дарындарына арналған «Berlinale talents» жобасы осыдан 16 жыл бұрын басталған. Жаннат Алшанова сол 16 жылдың ішінде Қазақстан атынан қатысқан 9-ны үміткер. Ол бұл жобаға қатысудың өзі үшін өте пайдалы болғанын алға тартады. Тіпті, өзі қатарлас әлем жастарымен сөйлесіп, ой бөліскеннен кейін кино өндірісі саласында жаңа бағыт-бағдарларға ойысуы мүмкін екенін де айтады.– Таңғы сегізден, кешкі сегізге дейін шеберлік сабақтары, семинарлар мен дәрістерге қатысамыз. Меніңше, бұл фестиваль кино өндірісіндегі жетекші мамандардан үлгі алып, өзіңнің түрлі идеяларыңмен бөлісуге арналған керемет мүмкіндік. Мен қазір бұдан басқа да бірнеше жоба бойынша жұмыс істеп жатырмын. Дегенмен, мұнда келіп, өзгелермен ой бөліскеннен кейін, бағыт-бағдарым өзгеруі әбден мүмкін, — дейді. Жоба ұйымдастырушылары іріктеу кезеңіндегі бәсекенің жоғары болды дейді. Олар қатысушының командамен жұмыс істеуіне және режиссерлық стиліне баса назар аударыпты. Оның сыртында өз білгенін, тәжірибесін өзгелермен бөлісу қабілеті де ескеріледі.Сондай-ақ, «Berlinale talents» жобасының жетекшісі Флориан ВЕГХОРН: — Қазақстаннан өтінімдер қашан да қуана қабылдауға әзірміз. Биыл Жанатты қабылдағанымызға өте қуаныштымыз, халықаралық тәжірибесі бар. Сонымен қатар, мұнда тиімді байланыс орнатуға болады. Сондықтан қазақстандық дарындарды танып жатсақ, тек қуанышты екенімізді айтқымыз келеді, — дейді.Фото: total.kz
Тегтер: