Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:37, 15 Ақпан 2019

Қазақстанның бокс құрамасы Болгариядағы турнирге қатысып жатыр

Болгария астанасы София қаласында бокстан дәстүрлі «Странджа Мемориалы» басталды.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр.Ғалымбек КЕНЖЕБАЕВ жаттықтыратын ұлттық құрама 10 салмақ бойынша бақ сынайды. Осымен 69 рет ұйымдастырылып отырған жарыста отандастарымыз үнемі жоғары орындардан көрініп жүреді. Соңғы 4 жылда кемі бір алтынсыз қайтқан емеспіз.Мысалы, 2015 жылы Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі), 2016 жылы Ержан Жомарт (49 келі), 2017 жылы Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), 2018 жылы Сабыржан Бақбергенов (64 келі) тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілген еді.Биыл Болгарияға Ақтауда өткен соңғы Қазақстан чемпионатының 9 жеңімпазы қатысады. Тек 75 келідегі Әбілхан Аманқұл жарақатына байланысты турнирден тыс қалды. Оның орнын күміс жүлдегер Ерік Әлжанов басты. Жалпы тізім мынандай:49 келі: Теміртас Жүсіпов52 келі: Әнуар Мұзапаров56 келі: Қайрат Ерәлиев 60 келі: Зәкір Сафиуллин64 келі: Санатәлі Толтаев69 келі: Абылайхан Жүсіпов75 келі: Ерік Әлжанов81 келі: Бек Нұрмағанбет91 келі: Василий Левит+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев.Осылардың арасынан жарыс жолына бірінші шыққан 49 келідегі Теміртас Жүсіпов Шотландиядан келген Акиля Ахмедті 5:0 есебімен ұтты. Еліміздің 5 дүркін чемпионы ширек финалда жергілікті боксшы Эргунал Сабримен кездеседі. Қарсыласы – Болгарияның жастар арасындағы чемпионы.Ал 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов алғашқы кездесуінде америкалық Фрейдус Рохустан басым түсті. Енді ол Косово елінің үздігі Патриот Бехрамимен шеберлік байқасып көреді. Жарыс 19 ақпанға дейін жалғасады.Фотоларды автор ұсынды.   
Тегтер: