Қазақстанның кибер қалқаны қауіпсіз бола ала ма?

Интернет пен технология қарыштап дамыған әлемде ақпарат ағыны көзді ашып жұмғанша тарап, қажетке жарап жатыр.
Алайда мұндай игілікті істің көлеңкелі тұстары өте көп. Интернет пен компьютерлік технологиялардың үздіксіз дамуымен қоса интернет қолданушылардың бұл саланы меңгеруде сауатты бола бастауы адам өміріндегі бұрынғы қалыпты бұза бастады. Технологиясы дамыған заманды ақпарат тез алмасатын дәуір десек те болады. Компьютерлік технология заманы талай жанның нәтижелі жұмыс жасауына септігін тигізді. Дегенмен адамзат үшін мұның зиянды тұстары жетерлік. Бұл кибер қауіпсіздік мәселесі көз жұма қоятын жайт емес. Үкімет бұл мәселеге бей-жай қарамаудың қамын қарастыра бастаған. Елімізде 2017 жылдан бастап «Қазақстанның кибер қалқаны» кибер қауіпсіздік тұжырымдамасы іске асырылып келеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда интернет желісін пайдаланушылардың саны аса үлкен қарқынмен өсіп келеді. Мұның салдарынан интернет қолданушылар адамның ойына келе бермейтін түрлі қылмыстық іс-әрекеттерге куә болып жатыр. Көптеген Қазақстандық ғаламтордағы осындай қылмыстардың құрбаны болып зардап шегуде. Көп таралғаны бүгінде көпшілікке мәлім бола бастағаны ол интернетте жеке адамға қатысты ақпараттарды ұрлау, банк есеп шотындағы қаражатты электронды жолмен қолды ету болып тұр. Сонымен қатар ірі компаниялардың сайттарын, электронды платформаларын хакерлік жолмен бұғаттау арқылы ақша бопсалау және мемлекеттік электронды жүйелердегі мәліметті ұрлау тәрізді қылмыстар белең алып барады. Мұндай қылмыстармен күресу үшін киберқауіпсіздік жұмысының тез әрі оңтайлы жұмыс жасауы маңызды болып отыр. Киберқауіпсіздік электронды жүйелерді, желілерді, бағдарламалар мен түрлі деректерді кибер шабуылдан қорғау үшін технологиялармен басқару процестерін қолдану болып табылады. Яғни мұндай басқару тетіктері арқылы, интернетті пайдаланып, қитұрқы әрекетін қолданып, ақша көздегендердің ісіне тосқауыл қою елімізде іске асырылуда. Жалпы ғаламтордағы кибершабуылдан бүгінде әлем халықтары зардап шегіп отыр. Сарапшылар 2014 жылы киберқауіпсіздік салдарынан жаһандық экономикаға 445 млрд доллар залал келтірілгенін атап өткен еді. Ең сорақысы сол бұл көрсеткіш 2020 жылы 1 триллионға дейін өсіп кеткен. Ал Қазақстанда кибершабуыл коммерциялық банктерге жиі жасалып тұрады. Мамандар еліміздегі екінші деңгейлі банктерде кибершабуылға төтеп беру үшін қорғаныш жүйесін әлі де болса күшейте түсу керек деп есептейді. Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын жүзеге асыру елімізде екі кезең бойынша жүзеге асырылды. Бірінші кезең 2017-2018 жылдар болса, екінші кезең 2019-2022 жылдары кибершабуылға қарсы жұмыстар жүйелі жоспармен өткізілді. Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын жүргізу нәтижесінде киберқауіпсіздік мәселесіне жауапты құрылымдар айқындалды. Сондай-ақ нормативтік құқықтық ережелерге киберқауіпсіздікке қатысты өзгертулер енгізілді. Елімізде мемлекеттік органдар мен азаматтарды хакерлік шабуылдардан қорғау мақсатында «Қазақстанның киберқалқаны» қауіпсіздік тұжырымдамасы жүйелі түрде жүзеге асып келеді.