Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:14, 27 Сәуір 2022

Қазақстанның талантты балаларын қолдау – әрқашан маңызды

None
None

Жастайынан білім мен тәрбиені бойына жинап өскен бала – келешектің мықты іргетасын қалайды.

Ал әлемді таңдай қақтырар вундеркинд балаларды дайындау әрине, алдымен ата-ананың, одан кейін мемлекеттің міндеті. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп қабылдап, балаларға рухани, материалдық жағынан қолдау білдіруді тапсырды.

Әлемді таңдай қақтырған вундеркинд балалар елімізде де көптеп саналады. Мәселен, осыдан 2-3 жыл бұрын әлеуметтік желіден бастап әлемді таңғалдырған Данияр Құрманбаевты бәрі білер. Ол өзінің күрделі есептерді тез шеше алатын қасиетімен танылған. Яғни, 1-2 секундта бірнеше есепті шығара алатын дарын иесі. Күрделі есептерді шығару әдісін абакус жаттығуы арқылы үйренген. Осылайша, есептерді тез шығара алатын қасиетімен Ресейдің «Пусть говорят», «Мужское и женское» бағдарламаларына қатысып, ерекше қабілетін дәлелдеп, ресейліктерді де тәнті еткен болатын. Сондай-ақ Рамзан Байдәулетов есімді кішкентай бүлдіршін 8 минуттың ішінде 175 есепті шығара алатын қасиетке ие. Ол Индонезия, Дубай мемлекеттерін барып, халықаралық турнирлерден үздік көрсеткішке ие болған. Даниярдан бөлек, Қазақстанның атын шығарып жүрген вундеркинд балаларға тоқталатын болсақ, жаратылыстану-математика жанрынан бөлек гуманитарлық бағытта да ерекше білімімен әлемді таңғалдырып жүрген бүлдіршіндер де баршылық. Сондай-ақ спорт, домбыра, шахмат өнерлерінен бой көрсетіп, әлемді таңғалдыратын балалар қазақ атын шығарып жүргендерінің бір дәлелі.

Жоғарыда айтқан ерекше дарын иелеріне ұқсас вундеркинд балалар елімізде әлі де көп. Осы орайда, Данияр сынды вундеркинд балаларды дайындауға «абакус» әдісін үйретететін арнайы мектеп орындарыкөптеп ашылып келеді. Дарынды балалар миллионнан бір туады десек те, бұндай дарынды балаларды үйрететін мектептердің көп болуы балалардың қызығушылығын арттырады деп сенеміз. Мәселен, бір минутта 132 мың сөз оқитын кішкентай Адина Нұрланбаеваны жақсы таниыз. Ол өзінің ерекше қабілетімен ресейдің «Таңғажайып адамдар» телебағдарламасында 35 секундта 15 беттен тұратын мәтінді оқып, бағдарлама редакторларының түрлі сындарынан сүрінбей өткен қыз. Адинаның бұл қабілеті туғаннан дарымаған. Яғни, анасы Ардақтың ықпалымен кітап оқуға ынталандыратын арнайы үйірмеге қатысуының арқасында оның іштегі жасырын жатқан дарындылығы оянған. Дәл осындай үйірмелер мен «Дарын», «ҚТЛ», «НЗМ» секілді арнайы мектептербалаларды білімге құштарлықтарын одан әрі оятып келеді. Бұған биыл Мемлекет басшысы арнайы тапсырма беріп, дарынды балаларды дайындауға үлкен күш салынып келеді. мәселен, балалар жылы аясында «Вундеркинд» зияткерлік олимпиадасы 3-4 сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. сондай-ақ шахмат, домбыра үйірмелері мемлекеттің қолдауымен блаларды тегін үйірмелерге қатыстыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұндай жұмыстар тек балалар жылында ғана жүргізіліп, тоқтап қалмауы тиіс.

Тегтер: