Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:00, 27 Сәуір 2022

Қазақта пессимизм басым боп тұр

None
None

«Біреу Қазақстан дегенде, біз мұны коррупция деп естиміз. Егіз ұғым болды, өкінішке қарай.

Кешегі ел билігінің ең жоғары деңгейінде коррупция болғаны ашылып отыр. Тұңғыш президент, елбасы һәм ұлт көшбасшысының туыстары мен жақындары түгел жемқорлықпен айналысқан екен. Елді тонаған. Оны кезінде айтудан бәріміз қорқып келдік, жақ ашқанның бәрін тырп еткізбеді, кейбірін, тіпті атып тастады. Билікке жақса да, жақпаса да, Қазақстан деген «коррупция» сөзінің синонимі болып кетті. «Тұңғыштың» 30 жылдық билігі тұсындағы бар дамығанымыздың нәтижесі осы», депті саясаткер Қазбек Бейсебаев.  

– Иә, Сатыбалды ұсталды. Бес-алты жыл бұрын жасаған жемқорлықтары үшін оның бұрынғы әйелі де құрықталды. Бұл істер соңына дейін жете ме, жетпей ме, мәселе онда емес. Халықтың бойында үлкен пессимизм қалыптасып кетті. Сенім жоқтың қасы. Алматының ақылы тұрақтарын алыңыз. Оған ескі президенттің кіші қызының қатысы бар еді. Ауадан ақша жасап, халықтың қалтасын қағатын бизнестің түрін тапқан. Бұл қалай? Бәрі шетінен ұры, бюджет ақшасын асау мен халықты тонаумен ғана айналысатын елде не болашақ бар? Мұнай өңдеу зауытын модернизациялауға бөлінген қомақты қаражат қолды болды дейді. Сол кезде модернизациялауға жауапты болған кілең вице-министр кейін министр болады. Дәл солардың жемқорлығының кесірінен, биыл қаңтарда халық қырылды. Соған жауапты адамды кеше «ҚазМұнайГаздың» басқарма төрағасы етіп сайлап қойыпты. Ақылға сыймайды ғой бұл. Мұндай мысалдар өте көп.

Мен өзі расист емеспін. Бірақ Алматы көшелерінде жүргенде, Африканың өкілдерін жиі кездестіремін. Студенттерге ұқсамайды. Ендеше, олар қайдан бізге көптеп келіп алып, жұмыс істеп жүр? Көші-қон қызметі жемқорлыққа жол беріп отырған жоқ па, деген сұрақ туындайды. Біздің Африкамен еш жақындығымыз, тығыз байланысымыз жоқ еді ғой? Осындайда да жемқорлықтың жемістері байқалып қалады.

Біздің билік қандай партияны тіркесе де, ол өз бақылауындағы, бағынышты партия болып шығады. Қырғызстанда 200-ден астам партия тіркелген деседі. Бірақ сайып келгенде, бәрін халықтың өзі шешеді екен. Соңғы сайлауға – 40 партия ғана қатысып, қателеспесем, 5-6 партия ғана өтті. Ал қазақтың билік жүйесіне сырттан бөтен, белсенді азаматтардың келуі мүмкін емес, бюрократияның құдіретімен алабөтен партия құруға жол берілмейді. Сөз жүзінде бір бөлек, іс жүзінде басқаша келеді. Елінің нағыз патриоттарын, шын белсенділердің саяси сахнаға жолатпайды, – деп күрсінген екен саясаткер ZonaKZ интернет газетіне берген сұхбатында.

Тегтер: