Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:42, 28 Сәуір 2023

Қазақтар құлды өздеріне сіңіріп алған

None
None

Құл иеленудің классикалық түрі ертеде – Рим, Египет, Сирия, Ирак, Греция, т.б. елдерде болған.

XVI ғасырда Батыс Еуропада капиталистік қатынастар дамып, Америка материгін отарлау жорықтарын жасады. Олар отарлаған жерлерді игеру үшін Африка мен Азия халықтарынан құл апарып, күшін пайдаланды.

      Қазақ халқы өз ішінен құл ұстамаған. Соғыста қолға түскен тұтқындарды жалшы ретінде ұстаған. Алайда, қазақтар оларды ауыр жұмысқа салмаған. Мал бақтырған. Еңбекке баулып, қатарға қосуға үйреткен. Ұзақ уақыт құлдықта ұстамаған.

    Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысында Саурық, Жетен батырлар бастаған Жетісу қазақтары Ілені тазарту жорықтарын жасады. Осы реткі соғыста Іледегі Өөлт, Чахар, Торғауыт қалмақтарынан тұтқындар көп түсті. Қазақтар олардың біразын Шелекке Шоқан бидің үйіне жинағаны жайлы Шоқан Уәлиханов 1864 жылы 27 желтоқсандағы дерегінде мәлімет қалдырады. Кейін оларды патшалық Ресей Қырғызстанның Ыстықкөл облысы, Ақсу ауданына орналастырған. Бұлар қазір қырғыздың ішінде, бұғы қырғыздарының арасында сарт-қалмақ болып жасап жатыр.

Ал Іледегі тұтқын қалмақтарды қазақтар өз ішіне алып, қатарға қосқан. Бүгінде олар қазақтың құрамындағы бір рулы ел ретінде өмір сүріп жатыр. Қазаққа сіңген осы торғауыт-қалмақтары Іле аймағының Нылқы ауданындағы Кілең ауылында тұратын төрелердің арасына сіңіп кетті. Қазақ болып жүр бәрі.

Міне, қазақтың құл ұстау дәстүрі осындай. Қазақтар отырықшы елдердегідей жаппай құл ұстап, құл сатпаған, керісінше, құлға жалшы, малшы ретінде қарап, белгілі бір уақыттан кейін бостандық беріп, басын азат қылып, өздеріне сіңіріп алған жағдайлар көп кездеседі

Тегтер: