Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
03:33, 20 Сәуір 2021

«Қазақтың басын батыс қатырып жүр»

None
None

Ресейлік ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, этноұлттық стратегиялар агенттігінің директоры Александр Кобринский деген кісі осылай деп отыр.

      Бұл білгіштің мақаласы «Независимая газета» деген басылымға «Қазақстан артқа кетіп барады» деген тақырыппен жарияланыпты. Сондағы бар айтпағы мынау екен: «Қазақ қоғамы кирилл әріптерін тастап, латын әріптеріне көшуді талай жыл талқылап келеді. Бұл елдің саяси элитасының шешімі. Қазақ қоғамы мұны қос қолдап қолдамаса да, оған қарсы шығып, наразылық білдіріп жатқан да ешкім жоқ.

      Кирилл әріптерінен бас тарту ел халқының бар сауаты мен білімін бір сәтте жоқ қылады. Қазақтың қазіргі буыны кешегі кеңестік кезеңді қанша жамандаса да, қазақ әдебиетінің інжу-маржаны сол кезеңде жазылған. Билік оның бәрін латын әріптерімен қайта басып шықпас, тек өзі керек деп санағанын ғана шығаруы мүмкін.

      Қазақтар ғана емес, кешегі КСРО кеңістігіндегі барлық дерлік халықтың өз тілі – негізінен, тұрмыстық деңгейде қалған тіл. Орыс тілінсіз ғылымды дамыту өте қиын болады.

       Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін кей күштер Түркияның сыртқы саясаттағы жеңісі деп бағалап отыр. «Ұлы Тұран мемлекетін тірілтемін» деген Түркияның, шындығында, жаңа тарих жағдайындағы Осман империясын құру туралы арманы бар.

       Сонымен, Қазақстанның латынға көшуі кімге керек? Бұл батысқа ұлттар мен елдерді бір-бірінен барынша алшақтату үшін керек. Сенбесеңіз, КСРО ыдырағалы бергі соңғы 30 жылда кирилл әріптерін латын әріптеріне ауыстырған ешбір мемлекет одан байып та, дамып та кеткен жоқ».    Ол осылай дейді. Сенесіз бе? Келісесіз бе?

Тегтер: