Қазақтың біртуар, қайтып келмес азаматы – Махмет Құлмағанбетов

Бізді, 20-дан жаңа асқан қос қазақ баласын түсі суықлагерьдің бір бұрышындағы баракқа іздеп келіп, әкеміздей бауырына басқан Бабайжылап тұр.
Биыл саяси айыпты болып Сібірдің талай лагерінде азапты күндер ментүндерін өткізгеніне – 32 жыл. Тағдыр жазса босап, елге бармақ.
– Қарақтарым-ай, қарттық басты, бұл өмірдегі санаулыкүнім қалды. Ендігі жылға жетемін бе, жетпеймін бе? Ажал келсе, ең болмасаекеуің бір дұға оқыр деп ойлаушы едім. Енді, міне, сендерді де әкетіп барады, –дейді Құнанбай Бейсенұлы ақсақал.
Осы лагерьдегі жастарды сұрыптап, басқа жаққа әкетпекші.Тек қана жастарды ғана.
– Мына кәрі-құртаң, ыңғай рецедивист пәлелер жастардыңмиын улап жатыр. Совет мектебін көргендерді енді олардың үгітінен арашалаукерек екен.
Топтап-топтапмал тиейтін вагондарға сықап салып, Орал тауының теріскейіндегі бір лагерьгеәкеліп төккен. Көршілес сегіз лагерьдің жастарын бізден бұрын алып келіпті. Лагерьденлагерьге адамдарды жиі ауыстырып жатады. Қазақ аз жетінші лагерьде Бабай,Зейнолла және мен ғана. Көрші (арамыз 30 шақырым) лагерьде екі қазақ бар депестиміз. Бірі Тоқтар деген Шу жағының азаматы, екіншісі – Махмет. Осы жаңажастар лагерінде кездесерміз деген едік, болмай шықты.
Жастар лагеріндегі жағдай тіпті ауыр, жұмысқа айдайды.Қалжырап келгенде ішетініміз бойға жұқпайды. Су не дымқыл тартқан киімдікептірер жер жоқ. Шалбарымызды астымызға төсеп жатып кептіреміз. Лагерьбасшыларына да бізбен жұмыс істеу оңайға соқпады. Бұрынғы лагерьде қайтаүлкендер бізге басу айтатын. «Бұлар аямайды, ұрыншақ болмаңдар, атудантайынбайды» деп тежейтін. Енді жастарға еркіндік тигендей болды. Бұйырғандарынакөнбеу, жұмысты ақсату, кішкентай поселканың көшесімен айдап бара жатқандажаппай отыра қалып қарсылық таныту өрістеп кеткен. Иә, осы лагерьде грузинИндико Кабалия екеумізді итке талатқан.
Ақыры келер жылы жастар лагерін жапты. Бәрімізді қойша айдапжөнелген. Иосиф Андрушкивке жасатқан домбырамды да алдыртпады. Түрікмен Ораздутар деп мәз болған, татар, башқұрт «домбыра» деп сүйсінген аспаппен жалғызшегінен жалғыз үн шығарып қоштастық.
Тағы жетінші лагерьге әкеп төкті. Міне, осы жердеМахметпен қоян-қолтық кездесіп, тағдыр айдаған дос болып кеттік. 33 жыл өмірінсарп еткен Бабай босап еліне кетіпті. Оның орнын Махмет басқан.
Тағы да бізді іздеп келген Махмет.
– Бауырларым-ау, бар екенсіндер ғой. Ауысып келгендер«сенің інілерің бар» дегенді сан айтқан. Япыр-ай, – дейді бетімізге қарап, –жап-жассыңдар ғой, қалай ілігіп жүрсіңдер КГБ-ның тырнағына?
– Үлкендер бастап, біз қостап, – деп, мәселені өзіне қарайаударып күлісіп алдық.
Махметтің жасы бізденүлкендеу екен. Арықтау келген қара қоңыр жігіт. Біреулер тесіле қарады деушіеді, жоқ, Махмет бар болмысымызды білгісі келгендей үңіле қарады да, ризаболғандай сәл езу тартты. Иә, онан кейін де лагерьдегі жігіттермен пікіралысып, кейде таласып қалған жағдайда оның қарқылдап күлгенін көрген емеспін. «ТегімҚостанай жағынан» деген еді. Аса тергей сұрамадық та, мұнымыз жастық та болар.Оның үстіне біз үшін қазақ деген ұғым бәрінен де қымбат. Руың кім деп сұрау бізүшін масқарадай көрінетін. Оған қызықпайтын едік. Әлі де солаймыз-ау. Биылқайтыс болған дос-жар інім Сәбит Бексейіттің руының қареке екенін өлерінен екіай бұрынғана білдім.
– Ал сендерді мұнда қонақжайға әкелмеген болар, непиғылдарыңмен ғана жақпай қалдыңдар? – дейді Махмет.
Қазақтың бүгінгі басындағы қорлығын, мына целина дегенпәледен қазақтың көрген қиянатын, қазақ мектептерінің жаппай жабылып жатқанын,ұлттың жойылу қатері үстінде тұрғанын айтып жатырмыз. Махмет үнсіз тындады,анда-санда басын изеп қояды.
– Сонан соң? – деді сәл жымиып. Біз бір-бірімізгеқарадық.
– Сонан жасырын ұйым құрдық, ЕСЕП деп атадық.
Біздің екі жылдан артық жасырын жұмыс істеп, листовкатаратқанымызды естігенде басын шайқап, «Қалай қолға түспей жүргенсіңдер», – дептаңғалған еді.
Махмет Құлмағамбетұлы Түрікменияның Чарджоу институтында студенттерге саяси экономикадандәріс оқыған екен. Оған Н.Хрущевтың тұсындағы социализмде ұстаған саяси бағытыда ұнамаған. Экономиканың дамуы қате жүргізіліп жатыр деген тұжырымға келген.Өзінің осы пікірін әбден қалыптастырып, политэкономика сабағын өзінің бағытыменжүргізген. Бұл жағдай студенттерге ұнағанымен, басқаша пікір айтады деген сөзбасшылыққа да жеткен. Институт басшылары Махметтің тәртібін қараған ауқымдыжиналысында Махмет тағы да өз пікірін дәлелдеп шыққан соң, ол жұмыстан қуылғанекен.
Махметтің барар жері –Алматы. Алматыда институттарда, техникумдарда, әр жерде жұмыс істеген ол өзіөткізген дәрістерінде пікірін айтуданқайтпаған. Сабақтардан кейін студенттермен жеке отырыстар жасап, өзінің жаңашапікірін дәлелдей түскен. Ақыры үстінен арыз жауып, КГБ-ның тұзағына ілігіп,жеті жыл арқалап, осы лагерьге тап болған.
– Сендер Қазақстанның барлықВУЗ-дарына листовкалар таратып, елдің сөніп қалған үмітін оятып, тұншығыпжатқан намысын түрткілеп, қазақ деген халықтың барын, болатынын да айтып жар салдыңдар,партия құрдыңдар. Ал мен тікелей ашық айқасқа кірістім. Мына биліктің бетпердесінсыпырдым. Жүздеген жастардың көңіліне от тастадым. Ол енді қанша тұншықтырса дасөнбейді, – дейді Махмет.
– Неге жасырын жұмысқа кетпедің?– деймін.
– Ол менің қолым емес. Әркімніңөз жолы бар. Бірақ мақсат – біреу. Қарандаршы, мына Хрущев «целина» деп, бүкілқазақ даласын ту-талақай етіп жатыр. Шаңы шыққан жерге ертең егін де өспейді,мал да жайылмайды. Мұның бәрі Хрущевқа атақ үшін, биліктің басында тұра тұруыүшін қажет. Оған қазақ деген халықтың түкке керегі жоқ. Әрі-беріден соң, «целина»шовинистерге қажет, қазақ жерін мәңгі басып қалудың жоспары.
– Сталиннің кінәсін тарих әлі айтажатар. Меніңше, СССР-дағы орнағаны – орыстың шовинистік социализмі. Социализмидеясын патшалық Ресейден келе жатқан тұтасқан шовинистік саясаты жеңген не соләбден бойына сіңген. Мұнымен СССР ілгері баспайды, түбі өзін-өзі жейді. Қарашы,мына Балтық бойы елдерін, күніне үш адам босап шықса, орнына бес адам келіпжатыр. Бәрі жастар, – деймін.
– СССР-дағы госкапитализм, – дейдіМахмет. – Бұл – социализмнің елесі ғана. Госкапитализмнің капитализмненайырмасы бар. Капитализм елдерінде халықта еркіндік бар. Фабрика, зауыттыңжұмыскерлері өзінің қақысын қорғап, жаппай ереуілге шыға алады. Бұл жағдайкапиталисті еріксіз ойландырады, жұмыстәсілін жаңартуға мәжбүрлейді. Ал біздегі жұмыскер билікке талап қоя ала ма?Жоқ. Ана Теміртауда, Новочеркаскіде көшеге шыққанды қырып салған жоқ па?!Жұмыскердің еш правосының болмауы оның ынтасын жояды. Ақыры ол өз еңбегінің нәтижесіне немкетті қарайтынболды. Мұның ақыры – экономикалық дағдарыс.
– «Госкапитализм орнатыпжатырсыңдар» деп Троцкий де қарсы шыққан еді ғой, – деймін.
– Иә, оның солай деп айтқаны бар.
– Ол партияның шексіз билігін деұнатпаған тәрізді.
– Оның рас-ей. Өзі сені тым жаспа десем, талай дүниені тексеріп тастағаның көрініп тұр. Иә, ол мемлекетті партияемес, профсоюз билесін деген. Партия билесе, партияның басшысы шексіз билеушіболып, тоталитарлық режим орнайды. Профсоюз деген – ашық демократиялық ұйым.Оның басшыларын жұмыскер қауым өзі сайлайды. Ұнамаған басшыны қуып та жібереалады. Басшы еріксізден елдің жағдайын ойлауға мәжбүр болады. Сол себептен «социализмелін профсоюз басқарсын» депті Троцкий, – деп, Махмет бұл жөніндегі пікірінанықтай түскен. Махметпен арамыз күн сайын жақындай түскен. Пікіріміз ашық.Менен ел жағдайын көп сұрайды.
– Ауылдың жағдайы қалай? – дейдіМахмет.
– Колхозды тастап, совхоз болдыққой.
– Мына Никита «совхоз болсақ, коммунизмнің есігі ашылады»деп жар салып жатыр ғой, – деп Махмет мырс ете қалды.
– Әй, қайдам. Колхоздардан қалғантүйе атаулыны бір айдың ішінде тегіс етке өткіздіріп жіберді ғой. Коммунизмдеген түйеден шошитын болса керек.
– Ойбай-ау, біз Американы қуып кележатырмыз ғой. Енді басып озамыз. Соның көрінісі – ет деген дүкендерде сыймай тұруыкерек. Бір түйе екі сиырдың етін береді. Міне, солай. Ана Францияныңкомпартиясының газетінде Американы қуып келе жатқан Хрущевтың суреті шығыпты.Белуардан жалаңаш көкең. Балтырынан бұрқ-бұрқ шаңға кірген. Тер дегенбұршақ-бұршақтай түсіп жатыр. Американы қуып жету оңай деп пе ең? – Махметтіңжүзін мысқыл басқан.
– Туф, сен де айтасың-ау, – депкүліп жібердім.
Көз алдыма қарны салақтағанХрушекең келе қалған.
– Әй, олар да коммунист емес пе еді?
– Коммунисі – коммунист. Бірақ олардыңкомпартиясы демократиялық негізінде. Шындықты жазбаса, ел ондай партияныңесігін ашпайды.
– Е, онда бізге коммунизмнен гөрібұлт жуық екен.
Бізел, ауыл туралы да талай рет пікір бөліскен едік.
– Дегенмен сен мендей емес, нағыз ауылданкелдің ғой. Ауылда туып-өстің. Ауылдың тамырын басып көрдің. Сол тамыр недейді? – деп сұраған Махмет.
Мен 33 жыл отырып, биыл ғанабосап шыққан, бар лагерьге Бабай атанған Құнанбай ақсақалдан естігендерімненбастағанмын. Бай екен. Алашордашыл екен. Екі мыңнан аса жылқысы, мыңнан асақойы, жүз шамалы түйесі болыпты. Сол малды бағатын ағайын, туыстары екен.Жылқысын бірде-бір рет санап көрмепті. Ағайынның көңіліне келер деп. Қауымболып өмір сүрген. Қыз ұзату, келін түсіру шаралы Құнекеңнің мойнында.Ағайынның ішіп-жемі сол малдың ішінде. Құнекеңнің жұмысы ағайынның керек-жарағынтауып беру екен.
Мына колхоз-совхоз деген ғасырларбойы қауым боп өмір сүрген қазақтың көне жолына жақын. Әрине, біраз өзгерістеркерек. Қауым өз бетімен өмір сүруі қажет. Ауыл шаруашылығы қиын мәселе. Мемлекеттің қамқорлығы да қажет. Қазіртехниканың өскен заманы. Әр үйді жеке өмір сүр деп, тау-тастың қуыс-қуысынатығып тастау мәселені шешпейді. Әр қыстақта жеке қалған үй әлгіндей ауыртехниканы да сатып алып, меңгеріп кете алмайды. Қазақты XIX ғасырға кері сүйреукерікеткендік болар еді.
– Сондағы пікірің не?
– Мен қоғамдық меншікті жақтаймын.Қауым өзін-өзі түзете алатындай, өрістей алатындай еркін түрде құрылуы керек.
– Қауым болып өмір сүрсекқазақылығымыз сақталады дейсің ғой. Әрине, ұлтты сақтау керек. Дегенменқоғамдық меншік пен ұсақ жекеменшіктің де болғаны дұрыс дер едім. Қазақта үйжасайтындар, етікшілер, ер-тұрман жасаушылар, теріден қайыс жасаушылар, тағыбасқа талай өнер иелері болған ғой.Соның бәрін құртқан жоқ па мына әсірекоммунистер? Соны да қалпына келтіруқажет-ау, – дейді Махмет, – және бәсеке болады ғой.
Тағы бірде Махмет«Қазақстанда талай-талай шахталар, қалаларда фабрика-зауыттар бар. Солардыңбилігі тек Мәскеуде, министрлердің қолында» дегенді айтып қалды.
– Қазақ үкіметінде билік жоқ,біздің министрлер жоғарғының айтқанын бұлжытпай орындаушылар ғана, – деймін менде.
– Әлгі Троцкийдің госкапитализмдеп жүргеніде осыдан ғой? – Махмет маған сұраулы жүзін бұрды.
– Солай сияқты.
– Осы мәселе жөнінде ойланып көрдіңбе?
– Мына Югославияның басшысы ИосифБроз Тито өзінше жасап жүр ғой.
– Иә, – дейді Махмет менің көзқарасымдыанықтай түскісі келіп.
– Қаншалықты рас екенін білмеймін,әр жерден оқығаным, естігеніме қарағанда, зауыт-фабрикалардың иесі сонда еңбекететін жұмыскер қауым тәрізді.
– Иә, Титоның не істеп жатқаныжөнінде бізде ештеңені ашып жазбайды. Ол да коммунист, бұлар да коммунист. ХрушекеңТитомен араз. Ана Қытайдың Мао Цзе Дуны социализмді өзінше құрып жатқандай.Тіпті капиталистерін де сақтап отыр.
– Иә, – деймін қостап.
– Сонда…
– Сонда мен дегенмен де ірікәсіпорындардың билігі жұмыскер қауымында болғанын қалар едім.
– Марксшілсің бе?
– Әуелде Әлихан Бөкейханов тамарксшіл болған, – деп, бар қазақ мойынсынған Алаш көсемдерін алға тарттым.
– Маркстің идеясы XIX ғасыр үшінтұп-тура. Бірақ заман өзгерді ғой. Шексіз деспотизмнің заманы келмеске кетіпбара жатқанын мойындамасқа болмайды. Бірақ ана Рокфеллер сияқты миллиардерлердіңәлем билігін бере салуы күмәнді, – деп, Махмет тағы бір терең ойды арағатастаған еді.
– Рокфеллер, Морган, Дюпон… –деймін мен де.
– Олардың тамыры, шупальцы десеболады, бүкіл әлемді шырмаған. Әр елдің президенттерін де, қаптағанминистрліктерінде солардың адамдары жетерлік. Қару да соларда. Олар адамбаласының саны өскенін қатер деп есептейді. Сонда… – деп Махмет басыншайқаған.
– Махметтің істі болыпсотталғаннан кейін жазған кассациялық арызы да бір көркем әрі саяси шығармаданкем емес еді. Өзін тергегеннің, әділ соттың, прокурордың бейнесін мысқылдапжазғанын жай отырып оқып шығу мүмкін емес. Тергеушісі Ладыгин деген болсакерек. Ладыгин керзі етігімен қылтамағынан басып тұрып «признавайся, терориспінде» деп ақырады. «Демім бітіп, тұншығып өліп бара жатырмын. Шошынып атыптұрамын. Әйтеуір, түсім екен. Күнде түрмеде көретінім осы», – деп жазыптыарызында Махмет. Тура мылтық билеген заманның карикатурасы.
Махмет осы жоғарғы жаққа жазғанарызының қолжазбасын «сендер сақтаңдар» деп бізге берген. Мен лагерьдеелеусіздеу жүретін Зейноллаға тапсырдым. Айтысып-тартысып қалатын, карцерденкарцерге түсіп жүретін мені жиі шмондайтын. Ақыры Зейнолла сол арызды лагерьденалып шықты. Зейнолла 1988 жылы жүрек ауруынан қайтыс болып кетті де, соларыздың түпнұсқасы қолыма түспей жүр.
Карцерге түсе беретін мағанМахмет: «Бұл жерде қарсылық көрсетіп ештеңе таппайсың. Оларға жағынбасаң да,тік мінез көрсете бермей, басыңды сақта», – деп ескертетін еді.
Махмет Балтық бойыныңазаматтарымен ерекше араласты. Биік ойлы олардан рухани жәрдем алатындай еді.Бір айдың ішінде бір аптасын ғана лагерьде өткізіп, қалған уақытын карцердекешетін латын жігіті Гуннармен айрықша дос болды. Ақын Кнут скуинекс, ВикторКалмыныштармен қатты сыйласты. Жиырма шақты латыш жігітінің ортасында біркружка шай болатын. Сонан бәріміз бір ұрттағансып, келесі азаматқа ұсынамыз.Жалғыз кружка айналып шығады. Әсерлі әңгімелер басталатын. Махметтің саяси экономикатуралы дау тудырмас талдауын, әлем философиясының өрістеуі жайындағы пайымдарынжиналғандар ілтипатпен тыңдап, ара-арасында ризалықтарын да білдіріп отыратын.Гуннар, Кнут Скуинекстер жекеменшікті қолдаса, Виктор Калныныш қоғамдық меншікдұрыс деп есептейтін. Бұлар пікір алшақтығына қарамастан, керемет айырылмастайдос еді.
Лагерьде Совет өкіметін террористікжолмен де құлатып тастаймыз дегендер болған. Олар алғашқыда қатарын көбейткісікеліп, Махметке де жуықтады. «Осылар қай ғасырда өмір сүріп жатқанына есеп береме екен» деп күлуші еді Махмет.
Саяси лагерьдің іші толған нешетүрлі саяси ағымдар. Басқа жұртқа дүрдиіп менсінбейтіндіктерін жасырмайтынорыстың шовинистік топтарының адамдарының жағдайы салыстырмалы тәуірлейНадзиратель атаулының өзі оларға қамқорси қарайды. «Фашистер қайдан шығадыдейсің ғой, міне, осылар соның ұясы» дейді Махмет. Махметке бастан кешкен біржағдайды айтып бергенмін. Қан құсып,жағдайым ауырлап кеткен. Әйтеуір, бір жақтағы өздерінің ауруханасына алыпбарған. Ауруханадағының бәрі орыс. Қаншалықты науқас екенін кім білсін, бірқарағанда қажымаған адамдар. Мені айдаладан келген туземец санады білем, әуеліөз діндеріне тартып әлек болды, сонан соң қыс пен жаздың ауысуы туралысандырақтай жөнелді. Оларша күн жерді айналады екен. Сендер мектепте оқып паедіңдер деуге тура келді. Аз күннің ішінде байқағаным, сөздерінен аңғарғаным,орыс халқы дүниенің тірегі, патша ағзамдар әулие, оның тағына қайта отырғызукерек екен.
– Шовинистердің бәрі осыншалықсауатсыз деуге келмес. Олардың ішінде де сол идеяны ұстанған ірі тұлғалар бар.Бірақ олардан орта ғасырдың иісі мүңкіп тұр, – деген еді Махмет.
Махмет сол кішірек поселкағаорналасқан мебель фабрикасындағы диван жасайтын цехта жұмыс істеп жүрді. Ауысымдықнормасын орындамау деген – қияметтің қиыны. Орындамасаң жазаға тартыласың. Оғансол цехта істейтін латыш жігіттері көмек етті ғой деимін, әйтеуір, ішерлікнан-суынан қағылған жоқ.
– Мынау елде енді біз істерлікештеңе қалған жоқ. Біз үшін енді бәрі жабық. Күреспей қалай өмір сүремін.Кетемін. Шетелге кетемін. Ебін табамын, – деуші еді Махмет.
– Кетпе, қазаққа керексің.Біздің халық әлі ұйқыда. Соларды ояту керек. Мына лагерьде басқа ұлт өкілдерітоп-тобымен жүр. Тіпті алақандай башқұрттардан 20-ға жуық адам бар. Біздіқарашы, бар-жоғы үшеу-ақпыз. Сорлап жатыр халқымыз, – деймін.
– Сен сонда ЕСЕП-тің жұмысын қайтабастамақшысың ба? – дейді Махмет.
— Жоқ. Ендігі күрес жолы басқаболады.
Бір күні топ адаммен Махметті дебасқа лагерьге ала жөнелді. Тіпті қоштаса алмай да қалдық. Ендігі бір үш-төртайда бізді де босатар деген үмітіміз бар. Толқып жүрміз. Мені босатпауы дамүмкін. Әйтеуір, Махметті осы лагерьге тағы бір әкелер деген үміт бар. Оғанарнап хат жазып, досым ингуш Иса Кадзоевке бердім. Артық бірер көйлегім бареді, «Махметке берерсің» деп, грузин досым Индико Кобалиеге тапсырдым.
Кейін, пәлен жылдан соң, жаныншүберекке түйіп жүрген азамат Махметтің түрмеден шыққанын, ебін тауып шетелгекеткенін естідім.
Иә, ол біз туралы Азаттықрадиосында әлденеше рет хабар да жүргізді. Азаттық радиосының әр хабары бізүшін азаттық, жеңілдік емес, келесі бір қиындықтарды басымызға әкелетін.
Иә, ол «қайта құрушы» Горбачевпенде шетелде кездесіп, пікірталас жүргізген. Бірақ біздің тәуелсіз елдің тәуелсізбаспалары ол туралы тіс жарған жоқ.
Елінің болғанын, толғанын аңсағанқазақтың біртуар азаматы Махмет Құлмағанбетов шетелде дүниеден озды. Біздіңтәуелсіз ел оны керек қылған жоқ.
Тәуелсіз елге тәуелсіздіктіаңсаған ерлердің керегі болмай қалған заман-ай… Есесіне елді коррупцияжайлады.
Кәмел ЖҮНІСТЕГІ,
диссидент,жазушы