Қазіргі Ресей тоналып кеткен халқымен батып бара жатыр. 19 жылға қамалған Навальный сот отырысында не айтты?
Екі жылдан бері түрмеде отырған Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальныйға қатысты кезекті сот отырысы аяқталды.
Саясаткер экстремистік әрекет жасады деген айыппен 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.
Бұл іс бойынша Навальныймен бірге оның бұрынғы әріптесі Даниэль Холодный да сотталды. Ол да бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы түрмеде өтейтіні белгілі болды. Алайда журналистерді сот залына кіргізбегендіктен, желідегі видеоның сапасы өте нашар болғандықтан, Холодныйға қанша мерзімге жаза тағайындалғаны белгісіз. Прокурор 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
19 жыл — Навальный өзіне тағылған барлық айыптар бойынша өтеуі тиіс жалпы мерзім. Бұған дейін саясаткер алаяқтық жасады және сотты құрметтемеді деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Навальныйдың жақында соты жазасын өтеп жатқан Владимир облысындағы №6 колонияда өтіп, әдеттегідей БАҚ өкілдерінің қатыстырылмады.
Навальныйдың досы Иван Жданов оған Ресей Қылмыстық кодексінің алты бабы бойынша айып тағылғанын айтты:
1. «Экстремистік қоғамды» құру.
2. Экстремизмге жаппай шақыру. Бұған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қордың бұрынғы фотографы Павел Зеленскийдің жазбалары мен Уфадағы митингке қатысушылардың бірінің сөзі себеп болды.
3. Нацизмді реабилитациялау. Навальныйдың командасының айтуынша, оған қарсы 2017 жылы саясаткерге осындай затпен шабуыл жасалған кезде ашылған.
3. Кәмелетке толмағандарды өмірге қауіпті жұмыстарға тарту. Бұған Навальный өткізген митингілерге кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың қатысуы себеп.
4. Адам құқықтарымен айналысатын коммерциялық емес ұйым құру.
5. Қаржылық экстремизм. Оған себеп ретінде Навальный құрған қорға аударылған қайырымдылық көрсетілді.
Даниэль Холодныйға экстремистік әрекеттермен айналысты және оны қаржыландырды деген айып тағылды.
Навальныйды қолдап, қорғаушы тараптың атынан түрмеде отырған Владимир Кара-Мурза, Илья Яшин және Лилия Чанишева шықты.
Навальныйдың соты өте сапасыз бейнежазбада көрсетілгенімен, ол іс бойынша біраз жайттарды ашып үлгерді. Оның айтуынша, айыптау материалдарының ішінде әнші Моргенштерннің әнінен алынған «Навальный Лёха» деген сөздер болса, тағы бірінде әлемдегі ең бай адам Уоррен Баффет бар. Тергеу қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының крипто-шоты арқылы бірнеше төлем жасалған. Төлемдердің бірі «I Putin Huj» деп басталатын мекен-жайға, екіншісі миллиардер Уоррен Баффеттің атына жасалған.
Навальныйдың айтуынша, қазір Ресей «қан мен кірге боялған, сүйектері сынған». Ол Ресейдің аяғынан тік тұруы, болашақта неге сүйенетіні бүгінгі орыстарға байланысты екенін баса айтты.
«Адам әрқашан күтпеген жағдайда болады. Оның екі аяғы бар: ар мен ақыл… Ар-ожданның аяғына арқа сүйегісі келмей, менің Ресейім бірнеше рет үлкен секіремін деп жан-жағын жапырып, бәрін қиратып, құлады. Ал қазір ол лай, қан, сүйектері сынған, кедей, тоналып кеткен халқымен батып бара жатыр және оның айналасында ХХІ ғасырдағы ең ақымақ және мағынасыз соғыста қаза тапқан он мыңдаған адамдар жатыр. Бірақ ерте ме, кеш пе, әрине, қайта көтеріледі», — деді ол.
Аййта кетейік, Алексей Навальный 2021 жылдан бері түрмеде отыр. 2022 жылы ол алаяқтық және сотты құрметтемеушілік үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметінше, Навальный мен оның командасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорға берілген ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Дегенмен, қор өзінің қаржылық есебін дәйекті түрде жариялап келеді.