Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:00, 20 Тамыз 2019

ҚДТ-ны қолдады деп күдікке ілінген Жәукерова изоляторда аштық жариялады

None
None

"Тыйым салынған ұйым қызметіне араласты" деп күдікке ілініп, қамауда отырған төрт баланың шешесі Оксана Шевчук түрмеде қысым көріп жатыр деп есептейді оның адвокаты.

20 тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында оның қорғаушысы Ғалым Нұрпейісов "Шевчуктің адам өліміне күдіктілермен бір камерада отырғанын қысым деп санайтынын" айтты.

Адвокаттың сөзінше, Шевчук ісін тергеу аяқталып, қазір іспен танысу жүріп жатыр.

Адам құқығын қорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина "тыйым салынған ұйым жұмысына араласты" деп изоляторда қамауда отырған Гүлзипа Жәукерованың аштық жариялағанын айтты. Төреғожинаның сөзінше, Жәукерова тергеудің танысынан куәгер ретінде жауап алғанына қарсылық ретінде аштық жариялаған. Құқық қорғаушы Жәукерованың танысы оны митинг ұйымдастырмақ болды деп айыптағанын айтады.

Жәукерова отырған тергеу изоляторының басшысы Әсет Жұмадиев Азаттыққа оның 19 тамыздан бері аштық жариялағанын растады.

Төреғожинаның сөзінше, үшінші күдікті Жазира Демеуова адвокатсыз қалған. Демеуова қорғаушыдан бас тарту туралы арыз жазған. Демеуова мен оның адвокаты бұл жайлы ешқандай пікір білдірген жоқ.

1 маусымда Алматының тергеу соты Жазира Демеуованы, жалғызбасты әйел Гүлзипа Жаукерова мен көп балалы ана Оксана Шевчукті екі айға үйқамаққа алған. Кейін оларды "үйқамақ ережесін бұзды" деп изоляторға ауыстырған.

Оқи отырыңыз: Билікті сынаған үш белсендіні үйқамақтан абақтыға ауыстырды

Жазира Демеуова, Гүлзипа Жәукерова және Оксана Шевчук — 1 мамырда Алматыда өткен рұқсат етілмеген наразылық акциясы кезінде ұсталған ондаған азаматтың бірі. Мамыр айының ортасында олардың Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған ҚДТ қозғалысына қатысы бар деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Күдіктілер "ҚДТ-ға мүше емеспіз, бірақ бағдарламаларының кейбір тұстары ұнайды" дейді.

20 тамызда Адам құқығы жөніндегі бюрода үш әйелдің ісіне қатысты өткен баспасөз мәслихатына келгендерді тексеріп кіргізді. Осының алдында, 22 шілдеде Оксана Шевчуктің ісіне қатысты бюрода жоспарланған баспасөз жиыны өтпей қалған. Белгісіз әйелдер ұйымдастырушылар мен журналистерге шабуыл жасаған. Шабуылға ұшырағандар арасында Азаттық тілшілері де болды.

Хроника. Тілшілерге шабуыл қалай жасалды?

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Хроника. Тілшілерге шабуыл қалай жасалды?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Хроника. Тілшілерге шабуыл қалай жасалды? please wait Embed Бөлісіңіз
Хроника. Тілшілерге шабуыл қалай жасалды?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30077216.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:05:42 0:00 Жүктеп алу

Жергілікті құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар бюродағы тілшілер мен белсенділерге шабуылды сынап, биліктен істі толық тексеруді талап еткен. Кейбір сарапшылар бұл шабуылды билік адамдарды ұйымдастырды деп санайды. Ішкі істер министрлігі бұл сөзді жоққа шығарып, оқиғаны "екі тараптың кикілжіңі" деп атады.

Соңғы апталарда Қазақстанда саяси тұтқындарды босатуды талап еткен бірнеше пикет өткен. Наразылар биліктен Жазира Демеуова, Гүлзипа Жәукерова және Оксана Шевчукті босатуды сұраған.

Human Rights Watch халықаралық адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатында ҚДТ қозғалысының жақтастарына қысым жасамауға шақырған. Ұйым хатында Демеуова, Шевчук және Жәукерованың да есімі аталады.

ҚДТ қозғалысын Қазақстан билігі 2018 жылы көктемде экстремистік деп таныған. Бұл ұйымды бұрынғы банкир, Қазақстан билігін сынаушы Мұхтар Әблязов құрған. Нұр-Сұлтан Әблязовті ақша жымқырды, қылмыстық топ құрды, тапсырыспен адам өлтірді деп айыптап, сырттай ұзақ жылға соттаған.

Тегтер: