Қоғамның өгей баласы

28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлер
«Газеттің өзі бір күндік болғанымен, сөзі мыңкүндік» дейтін тәмсіл ертеден бар.
Оны газет оқитын біздің аға буынның өкілдеріжақсы біледі. Электронды БАҚ пенинтернеттің дәурені жүріп тұрған қазіргі кезде жұрттың күнделікті басылымдарғадеген ықыласы аздап төмендегені рас. Бірақ бұл газет пен журнал бұдан былай қоғамға мүлде қажет емес дегендібілдірмейді. Газетпен журнал қай уақытта да, қай кезеңде де өміршеңдігін жоғалтқан емес. Ондағы сөздер – тасқа түскен рухани қазына,өткен күндердің ұмытылмас шежіресі. «Газеттің сөзі мың күндік» деген сол.
Басқаларды қайдам, өзімізгазет-журналдың қадірін карантинде «үйқамақта» отырған кездері қатты сезіндік. «Бүкіл дүниені бір тарыныңқауызына сыйғызған» сын сағаттарда елге рухани күш-қуат берген газеттердің орныбөлек болды. Ол рас. Өзім жаздырып алатын «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «ЖасАлаш», «Дат», «Алматы ақшамы» газеттерін үйге бас сұққан туған-туыстар қалап,сұрап әкетіп жүрді. Яғни шын оқырманын тапса (мүмкіндік туғызса), газеттер әлі де оқылады екен.Ал осыгазет-журналдарды уақыт сынына қарамай, мезгілінде шығарып, асыға күткеноқырмандарға жеткізіп отырған кімдер? Әрине, журналистер. Қалың көпшілікБАҚ-тың арқасында елімізде қаншама медицина, полиция қызметкерінің КВИжұқтырғанын, қанша сыйақы алғанына дейін біліп отырды. Бірақ алғы шепте өзгелерден қалыспай, зыр қағып жүргенжурналистердің қаншасы ауыр сырқатқа ұшырағанын жұртшылық білмей де қалды. Өйткені қоғамның өгей баласы секілді күйкешкен бұл тілшілердің жағдайы ешкімді қызықтырмайды. Билік тарапынан баршағаүлестірілген алғыс хат та оларға берілмеді, сыйақы төленбеді. (Есесінеқарамағындағы қызметкерлері блокпоста парамен ұсталған Жетісу ауданының әкімі «Құқықтәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Парадокс!)
ШерханМұртаза айтқандай, «Арқалағаны алтын, жегені жантақ түйе секілді» БАҚқызметкерлерінің бағы неге ашылмай келеді? «Жапалақты таспен ұрсаң да, таспенжапалақты ұрсаң да, жапалақ өледі» дегендей, жазықсыз таяқ жейтін де солар.Неліктен? Осығанбайланысты Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының БАҚ бөлімінде қызметтежүрген кезімдегі бір-екі оқиға есіме түсіп отыр.
Алматы – Еуразия кеңістігіндегі үлкен мегаполис, ірі рухани, мәдени,бизнес орталығы екені белгілі. Сондықтан еліміздегі беделді, танымал ақпаратқұралдарымен тығыз байланыс орнатуға тырысамыз. Республикалық «Айқын», «Литер»,қалалық «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», ресейлік бірқатар басылымдар бар.Бір күні, 2012 жылдың ақпанында өңірліктексеру комиссиясының адамдары келе қалып, ақпарат саласындағы тендерлікқаражаттың жұмсалуын тексерді. Солардың бірі шаң басқан газет тігінділеріналдына жиып алып, ондағы мемлекеттік тапсырыспен жарияланған материалдарды орындалуактісімен салыстырып, әлденеге басын шайқай берді.
– Ағасы, бас шайқауыңыз ұзап кетті ғой? – дедік сыртартып.
– Тыңдаңыз, – деді түсі суық тексерушіміз түсін одан арысуытып. – Сіздер келісімшарттағы мына бір пунктті өрескел бұзып отырсыздар. Қараңыздар, біршаршы сантиметрде 9 белгі (знак) болу керек. Ал сіздердің газеттеріңіз 6-7белгіден асырмаған. Ұқтыңыздарма? – Одан әрі орысшалап кетті. – Вотгде собака зарыта…
Ойпырмай, қаншама жыл республикалықбасылымдарда қызмет істесем де, дәл осындай әріп санаған ит тірлікті көрмеппін.Жалма-жан заңгерімізді көмекке шақырдым. Өкінішке қарай, ол да тексерушіге ештеңе айтаалмады.
– Басы артық жұмсалған қаржы тегісқайтарылсын. Бір ай уақыт береміз, – деді тексерушілер.
Заңның аты – заң. Орындалу керек. Бірақәлдеқашан жұмсалып кеткен қыруар қаржыны қайтару да оңай шаруа емес екен. «Актігеқол қойдыңыздар ма? Қойдыңыздар! Қабылдадыңыздарма? Қабылдадыңыздар! Бұларыңыз не енді?» деп, бас редакторлар шырылдап қояберді. Бір жағынан, олардың айтқандары да дұрыс. Мыңжылдық тарихы бар Алматытуралы тереңнен толғаған, айызыңдықандырар небір қызықты материалдар үлкен ізденістен туғаны көрініп тұр.Көлемді-ақ. Көркем безендірілген. Мазмұны да, маңыздылығы да жап-жақсы.Оқырмандарды тартады. Бірақ әріп, нүкте, үтір санаған билік өкілдеріне оныңқажеті шамалы боп шықты. Далаға кеткен есіл еңбек.
Сонымен,жоқ жерден «кінәлі» болыпқалған басылымдар алған қаражатыныңедеуірбөлігін қайтарып, біраз уақыт әуре-сарсаңға түсті. Бәрінен бұрын, қатардағы журналистердіңжыл бойы қаламақыдан қағылғаны обал болды.
Мұныне үшін еске алып отырмын? Еліміздегі қолданыстағы заңдардың БАҚ мүддесінқорғамайтынын айту үшін. Жуырда сұрастырып білсем, ақпарат кеңістігіндегітендерлік қаржыны жұмсаудың сол тәртібі әлі өзгермеген екен. Яғни бұл мемлекеттенқаржыландыратын кез келген баспасөз құралы меншік нысанына қарамастан, тікелейбилік ықпалында қала береді деген сөз.
Бұдан кейін басылым басшысының тағдыры қандай күйде болатынын өзіңізбағамдай беріңіз. Кез келген уақытта басына ноқта кигізілуі мүмкін екенінбілетін редактор газеттің өткірлігін ойлай ма? Әрине, жоқ. Тапсырыс берушібиліктің мадаққа толы материалдарын жариялап, тып-тыныш отыра береді. Сапаемес, сан қуалаған басылымның беделі құлдырайтынын, бәсекеге қабілеттілігітөмендейтінін білсе де, қылар қайраны жоқ. Мұның мысалын жалғыз әдебижурналымыз «Жұлдыздың» басындағы жағдайдан көруге болады. Редакция құлағындамықты редактор отырғанына қарамастан, мемлекеттік тапсырыс аясындағығылыми-педагогикалық материалдар журналға еріксіз тоғытылып жатыр.
Бұлне деген сөз? Бұл билік пен БАҚ-тың іргесін ажыратпайынша, басылымдарға шығармашылықжәне материалдық еркіндік берілмейінше, баспасөз әлеуеті ілгері дамымайды дегенсөз. Оның мысалын алыстан іздеудің қажеті жоқ. Халықаралық «Шекарасызрепортёрлар» («Репортёры без границ») үкіметтік емес ұйымының 2020 жылғы бірінші тоқсандағы зерттеуіналып қарасаңыз, бәрін түсінесіз. 180 елдің арасында Норвегия, Финляндия, ДанияБАҚ еркіндігі бойынша алдыңғы үш орынды иеленсе, Қазақстан 157-орында тұр.Былтырғыдан бір саты ғана ілгерілеппіз. Біздің алды-артымызда Өзбекстан менСингапур тұр. Көршілес ТМД елдеріндегі ағайындардың да қарасы көш соңында.
Ал,енді, осылайша 30 жылдан бері отандық баспасөзіміздің әлемдік демократиялықүрдіске ілесе алмай отырғанын айғақтайтын бұл көрсеткіштің алдағы уақыттаоңалатынына үміт артуға бола ма? Кесіп айту қиын. Бірақ үміт бар.
Жуырдаақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тізгінін ұстаған Аида Балаева БАҚсаласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында үкіметтіңбекітуімен 2020-22 жылдарға арналған «Ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспары»қабылданғанын жариялады. Осында көрсетілген отандық ақпарат кеңістігін дамытудың үшнегізгі бағыты – бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігінарттыру; адами капиталды дамыту; ақпарат саласындағы заңнама мен құқықтықмәселелерді жетілдіру уақыт сұранысына жауап бере алатын қадамдар. Егер шындапжүзеге асыра алсақ.
АлАида Балаева ұлттық жоспардың жүзеге асырылатынына сендіріп отыр. «БАҚ-тыңбәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың бірқатар тәсілдеріқайта қаралады. Ең алдымен өңірлердегі мемлекеттік ақпараттық тапсырыстыңтиімділігін жетілдіруді қолға аламыз», – дейді ол. Биліктің төменгі буыннан бастап, барлық сатыларынан жүріп өткен біліктімаманға сенуге болатын сияқты. Өйткені ол жаңағы біз айтып отырғанпроблемалардың себеп-салдарларын және оларды жоюдың жолдарын жақсы біледі. Сонымен қатар БАҚ саласын жақсартуғақатысты бірнеше ұсынысты министр назарына жеткізудің орайы келіп тұр. Оныңалғашқысы – мерзімдік жазба басылымдардың таратылуына қойылған шектеуді алу.
Кезінде Алматы қалалық әкімдігі «көшекелбетіне кері нұқсан келтіріп тұр» деген қисынсыз сылтаумен 1000-ға жуық газеткиоскілерін («қос» деген сөзден шыққан) түгел сырғызып тастады. Неге екенінқайдам, биліктің «Караван» жүйесіндегі киоскілерге шамасы келмеді. Олармызғымастан сол қалпында тұр. Міне, осы газет-журнал сататын шағын нысандардытегіс қалпына келтіруге ықпал етуді сұраймыз. Сонымен қатар ірі сауда-саттықорталықтарында көрнекті жерден қазақ тіліндегі басылымдарды тарататын арнайынүктелер ашуды ұсынамыз. Екі миллиондай тұрғыны бар алып мегаполистің 800 мыңыжастар екенін ескерсек, қаншама оқырманды қайтарар едік? Бұл ұсыныс министрліктіңұлттық жоспарындағы «адамикапиталды дамыту» бағыты мен Алматыны «ақылды қалаға» айналдырудыкөздеген әкімдіктің жобасымен де үндесіп тұр. «Ақылды қаланың» адамдары да, сөз жоқ, асқан мәдениетті, рухани бай болуы парыз. Оның бастапқы көрінісі күнделіктігазет-журнал оқудан басталады.
Министрдіңекінші айтқан сөзі – БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру тәсілдері қайтақаралатыны біраз ойға жетелейді. Бәсекелестік дегенде, алдымен әңгіменің басынашып алғанымыз жөн. Бұл арада қазақ пен орыс тілдеріндегі басылымдарды өзаражарыстырудың реті жоқ. Әрқайсысының бөлек аудиториясы бар. Бір ғана ескеретін нәрсе, тәуелсіз Қазақстанда өмірсүріп отырғандықтан, негізгі басымдықты қазақтілді ұлттық БАҚ-тарға беру керек.
Мысалы,Англия, Балтық елдерінің тәжірибесінде ұлттық басылым санатындағы газеттер ментелеарналар мемлекет тарапынан тікелей қаржыландырылады. Бұл үрдісті бізде негеқолданбасқа? Балалар мен жастарға арналған («Ұлан», «Балдырған», «Ақ желкен»,«Жас Алаш»), әдеби, рухани («Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жұлдыз») басылымдарыұлттық деңгейде мемлекет қолдауына лайықты және бұл қатарға ғылыми-техникалықбағыттағы арнайы журнал шығарып, қосуға болады. Осының бәрін қолжетімді бағаменқалың оқырманға, әсіресе жас ұрпаққа жеткізу игілікті істің басы болмақ.
БАҚ-тыңбәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін басылымдарды «мемлекеттік» немесе«мемлекеттік емес» деп бөлуді тоқтатудан бастағанымыз дұрыс. Мысалы,үстіңіздегі киімді кім тіккені маңызды емес. Қонымды, жарасымды болса жеткілікті.Кеңес өкіметі кезінде «Жетісу» аяқкиім фабрикасының біркелкі, сүреңсізөнімдерінен жұрттың жүрегі шайлығатын. Сол сияқты бүгінгі оқырмандар дамерзімді баспасөз өнімдерінің сапалы болғанын қалайды. Ал еліміздегіреспубликалық, өңірлік деңгейдегі 200-ден аса (орысша нұсқасын қоссаңыз, екіесе көп) ресми басылымның сапасы жұрт көңілінен шығады деп ойлайсыз ба? Өте күмәнді.Әлгі айтқан «Жетісудың» біркелкі өнімдері көз алдыңызға елестейтіні сөзсіз.
Ендеше,солардың барлығын бюджеттен қаржыландыруды тоқтатып, бәсекелестік ортада бақсынасып көруге еркін жіберетін уақыт жетті. Бұл арада партиялық газеттер туралыәңгіме жоқ. Сөз ел қалтасынан қыруар қаржы жұмсалып отырған мемлекеттікбасылымдар туралы болып отыр. Қара нан мен қара суға қарап қалғанкедейшіліктегі жұрттың проблемаларын жазудың орнына әкімдердің шашбауын көтеріпжүрген қолбала басылымдардың қоғамға не пайдасы бар? Ешқандай. Ендеше, еңсесібиік ел боламыз десек, алдымен баспасөзімізді сауықтырайық.
Ендігібір өзекті мәселе – министрліктің жоспарында көрсетілгендей, ақпаратсаласындағы заңнама мен құқықтық мәселелерді жетілдіру бағыты. Бұл орайда,алғашқы қадамды тендер қаражатының бөліну ережесін қайта қараудан бастағанләзім. БАҚ сапасыздығына апарып ұрындыратын осы бір «ең төменгі баға ұсыну»тәртібінен бас тартып, тендерге қатысатын басылымның сапасы мен таралымынаназар аударғанымыз дұрыс. Әділдікке жүгінсек, БАҚ-тар оқырман үшін өздері таласуықажет. Соның нәтижесінде ең көп оқырманның сеніміне ие болған басылым ғанақаржыға ие болуы заңдылық. Нарық талабы солай.
Бірмысал, егер тендер бөлісінде нағыз бәсекелестік дода болса, Алматыдан шығатын қоғамдық «Дат», «Қазақүні», Шымкенттен шығатын «Замана» газеттері республикалық санаттағы үкіметтікгазеттерді шаң қаптырып кетеріне күмәнім жоқ. Бұлардың оқырмандарды тартатынерекшелігі – ашықтығы, батылдығы және халық көкейінде жүрген сауалдарды дөпбасып тани алатындығында. Көтерілген тақырыптарға сараптамалық талдау жасап,тиянақты жауап бере алатын осындай қарымды басылымдарға мемлекеттік тапсырыстыорналастыру билікке де, қоғамға да әлдеқайда тиімді екенін кімге айтарыңдыбілмей дал боласың.
Дегенменкеңес жүйесінен бері қатып қалған сең қозғалды. Отандық БАҚ арасындағы шынайыбәсекелестікті қалыптастыру әріп санаған биліктің бақылаушылық рөлін тоқтатып,ақпарат айдынындағы журналистердің еркін тыныстауына мүмкіндік ашатыныүміттендіреді.
ҚАСЫМНАН–АҚСҰҢҚАРҒА ДЕЙІН
«Берсең бер, бермесең қой баспанаңды...» дейтін өр дауысты Қасымды таныстырудың қажетіжоқ-ау. Кеңестік жүйенің ащысы мен тұщысын қатар татып, бұ дүниеден арындап,арқырап, өз отына өзі өртеніп өткен арқалы ақын. Ал Ақсұңқар…
Ақсұңқар Ақынбабақызы – Алтайдың ар жағынан келген талантты ақын қызымыздың бірі.Белгілі журналист. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Құдайғашүкір, ортамызда аман-сау. Анда-санда Жазушылар одағы өткізетін жиындардатөбесін көріп қаламын. Жақсы танымасам да, сәлеміміз түзу. Ал ол Қасым мен бұлАқсұңқарды не байланыстырып тұр? Ең алдымен – киелі өлең. Екіншіден, өмір тауқыметі.Жә, басынан бастайын.
2007жылдың 15 наурызы. Қала әкімдігінің 700 адамдық үлкен залында мемлекетбасшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты кезекті жолдауын талқылау өтіпжатыр. Жиынды жүргізіп отырған Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеушілер біткенкезде: «Тағы да ой-пікір қосам деушілер бар ма?» – деп,кең залға шола қарады. Алдыңғы жақтан «мен...» деген нәзік үн естілді. Мұндай жиындардың регламенті алдын ала келісіліп бекітілетіндіктен, оқыс жағдайды ешкім күткен жоқеді. Ел есін жиғанша, лып етіп мінбеге көтерілген ақ көйлекті бойжеткен жұртпенбір сәлемдесіп алды да, «Иманғали аға, – деді даусы дірілдеп. – Өр Алтайданасқар Алатауға ұшып келген ару қарындасыңыздың өзіңізге арнаған назынтыңдауыңызды өтінемін».
«Сіз келгелі – Алматыға
Екі жыл.
Мен келгелі – Алматыға
Жеті жыл.
Аға да жоқ,
Жаға да жоқ.
Панасыз,
Жыры – озған,
Мұңы – тозған жетіммін.
… Алматыға
Сор қууға келіп пе ем?
Күнде көшем…
Өгіз атты көлікпен.
Жаны жомарт
Қолыңыздан үй алмай,
Бай қалада
Қаңғып жүрмін. Неліктен?..»
Залсілтідей тынып қалған. Тылсым тыныштықтың ауырлығы ма, әлде сыңғырлай төгілгенащы запыранға толы өлеңнің әсері ме, әдемі қызға қаршығадай қадалып қалғанИманғали кенет саңқ ете түсті: «Болды, қалқам, бәрі түсінікті. Әкел, маған бере ғой.Сонан соң оқимын. Бұйырса, көмектесермін».
Өлеңінаяқтай алмай тосылып қалған Ақсұңқар сенер-сенбесін білмей, сәл бөгеліпмінбеден түсті де, қағазын әкімге берді. Көп ұзамай қалалық тұрғын үйбасқармасына Ақсұңқардың өтінішін тездетіп шешіп беру туралы шұғыл нұсқаутүсті. Бірақ ондағы шенеуніктер жап-жақсы басталған шаруаны «қаладатіркелмегенсің» деген сылтаумен созып жүріп, Имекең елордаға ауысқанда аяғын құрдымғажіберіпті. Өкінішті-ақ.
«Елім», «жерім» деп, Алтай асып келген бұлжурналистің басындағы жағдайды сол уақытта Алматы қалалық ішкі саясатбасқармасын басқарған бүгінгі министр Аида Балаева ойына түсіріп көрер, бәлкім.Мүмкіндік болса, әлі де көмек қолын созар деп ойлаймын. Қаламнан басқа сүйенеріжоқ жандардың Алматы сынды алып шаһардан баспана алуға шамасы келмесі анық. Оныкезінде әкім тапсырмасымен «үрерге иті жоқ» қаламгерлердің құжаттарын бірлеседайындағанда аңғарғанбыз. Қазақ поэзиясының көшін бастаған Темірхан Медетбектентартып, Еркін Жаппасұлы, Маралтай Ыбырай, Жанарбек Әшімжан, Ақберен Елгезек,Қалдыбек Құрманәлі, Танакөз Ілиясова, Сержан Молдасан, Мақпал Жұмабай, Бақыт Ойса – жиыны 100-ден асып жығылатынүлкенді-кішілі қаламгерлердің барлығы да Иманғали Тасмағамбетовтің шапағатыменбаспаналы болды. Қаламгерлерден тыс,Құман Тастамбеков, Шәміл Әбілтай, Бағдат Сәмединова, Сәуле Жанпейісова, СаянАқмолда сынды өнер жұлдыздарының да пәтер кілтін алған қуанышты сәттерінкөрдік.
Иә,заманында пейілі кең сондай бір әкімнің болғанына бүгінгі журналистер сенбеуіде мүмкін. Өйткені қастерлі қалам мен құдіретті өнер иелерін құрметтеудіңигілікті дәстүрі сол Иманғалимен бірге кетті. Бұл ақиқат. Одан кейінгі қалатізгінін ұстаған әкімқаралардың журналистерді қолдауға билігі жетіп тұрса да,білігі жете қоймағанын айтудың өзі артық.
Осындайда«Ара» журналын басқарған Қалтай Мұхамеджановтың: «Қажытай пәтер кезегінетұрғанда Сталин тірі еді», – дегені еріксіз еске түседі. Сол айтқандай,Қасымнан Ақсұңқарға дейін жалғасқан баспана жыры Брежнев дәуірінен бері созылыпкеледі. Әлі ұшы-қиыры көрінетін емес. Өйткені туған елінің төл перзенті болатұра, журналистер санда да, санатта да жоқ. Еңбекақысы мектеп мұғалімініңайлығына жетпейтін қалам иелері адам құсап жеңілдетілген үй кезегіне де тұраалмайтыны өзегіңді ашытады.
Иә,ендігі уақытта ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ қызметкерлерініңәлеуметтік-тұрмыстық жағдайын өз құзыреті деңгейінде шешуге ықпал жасамаса,журналистер қауымы қоғамның өгей баласы сияқты күйінен бұл ғасырда да шығаалмасы хақ.
Қайым-Мұнар ТАБЕЕВ,
журналист-жазушы
___________________________________
Редакциядан: «Жас Алаш» газетінің бұрынғы қызметкері, бүгінгібелсенді авторымыз Қайым-Мұнар Табеевті Қазақстан журналистер одағыныңшешімімен «Құрметті журналист»атануыменқұттықтаймыз!