Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:17, 22 Қыркүйек 2019

Қойшыбек МҮБАРАК. Көршінің үйі

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">"Қазақ пен қала" прозалық байқауына түскен кезекті әңгіме.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Жоғары оқу орнын бітірген соң, арнайы жолдамамен осы қаладағы жалғыз көркемәдеби журналдың редакциясына келген бетім.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Мен келген журналдың редакциясы қаншама азып-тозып тұрғаныменқызметтестерім шетінен жаны жайсаң жақсы адамдар екен.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Бас редактор тіптен асты-үстіме түсіп менің келешегім, күнделікті тұрмысахуалым туралы толғана бастаған.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Сонымен бала,бізге сендей жас журналист ауадай қажет. Сендер – біздің келешегімізсіңдер.Бүгін біз сендердің жағдайларыңды жасасақ, ертең сендер бізді көркейтесіңдер.Иә, иә айтпақшы, саған енді тұратын үй-жай керек. Мекемеміз үлкен болғаныменшаруашылығымыз шағын. Сол себепті әзірге бірден кереметтей баспана тауып береалмаймыз. Сондықтан қаланың шет ауданында марқұм бұрынғы бас редактордың үйіқанша жылдан бері бос тұр. Ол енді сенікі. Сосын құжаттарын әзірлейміз. Қашанжағдайымыз жасалып, жоғары жақтан жаңа үй берілгенде береміз. Оған дейін сондатұра тұруыңа тура келіп тұр. Астыңғы қабаттағы есеп-қисап бөліміне барсаң,саған сол үйдің адресін айтып, кілтін береді. Орналастырып қойған. Түс ауыпкетті. Бүгінше алдымен орналасып ал. Ертеңнен бастап жұмысыңды бастайсың дакетесің. Жол болсын, бара ғой енді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Жалпы бастығымтек өзі ғана сөйлейтін адам секілді. Бірден қаланың шеті болса да баспаналыболғаныма, сенер-сенбесімді білмей, қайта-қайта рақметімді айтып, астыңғықабатқа қарай жөнелдім.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Тура өз анамсекілді қартаң әйел:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Ә, балам, жаңакелген қызметкер сен болдың ғой. Манада бас редактор айтып еді. Мынау үйіңніңкілті. Осыдан шығасың да жолдың қарсы бетіндегі аялдамадан он үшінші автобусқамініп, ең соңғы бекеттен түсесің. Сосын елден «Қабірлік көшесі» деп сұрасаң,көрсетіп жібереді. Онша алыс емес. Үй қараусыз тұрғанына біраз уақыт болған.Жассың ғой, бойыңда қайратың тасып тұрған, реттеп, тазалап аларсың. Әлі-ақ олауланы гүл бақшаға айналдырарсың. Жолың болсын, бара ғой, – деп қолыма ескіденқалған бір шумақ кілтті ұстатты да кабинетінің есігінен шығарып салды.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Бұл кісіге деалғысымды үйіп-төгіп, бағана қарауылға тастап кеткен буыншақ-түйіншегімді алып,жолдың қарсы бетіне өттім де автобус күттім.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Көп кешікпейавтобус та жетті. Тізгіншіден өзге қаусаған бес-алты шал-шауқаннан басқа адамжоқ. Есіктен кіре бос орынға жайғастым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Соңғы аялдамағажеткесін манадан өзіммен бірге келе жатқан бас-аяғына дейін аппақ болып киініпалған қариядан «Қабірлік көшесін» сұрап едім:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Менімен еріпжүре бер, сонда бара жатырмын, – деп көшенің аяғына қарай жіті баса жөнелді.Аса ауыр болмаса да буыншақтарымды арқалап ақсақалға әзер еріп келемін. Біршамажүрген соң жол екіге айы­рылды.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Шал:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Балам, сенмына оң жақтағы көшемен кетесің. Сенің барар жерің сол маңда. Ал сол жақтажатқан жол қабірстанға апарады. Сау бола ғой, мен сонда барамын, – деді. Мен:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Рақмет, атай,– деп айтып болғанша ары қарай біраз жерге кетіп қалды.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Қолымдағыкілтпен бірге байланған қалың матада «Қабірлік көшесі, 17 үй» деп жазылыптұрған жазуға қайталап бір қарап, көп ұзамай үйіме жеттім. Құлыптаулы үлкенқара қақпаның ашылмағанына талай заман өтсе керек, құлпын тат басып, алдына жабайышөп белуардан өсіп кетіпті.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Әзер дегендеқұлыпты ашып, ішке енгенімде тіптен бір ну қамыстың арасынан бір-ақ шыққандайболдым. Қаулай өскен шөп кісі бойымен бірдей болып, анадайда тұрған үйдіңшатырын әзер көрсетіп тұр.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Сағақтарықатайып, бұтарланып кеткен шөпті әзер табаныммен жапырып жүріп жалғыз аяқ ізсалып үйдің есігіне жеттім. Тура есіктің босағасына көнетоз тот басқан шалғысүйеулі тұр екен. Арқамдағы жүгімді сонда қойдым да шалғыны қолыма алып, шөптіңұзақ уақыт орылмай, қурап қалған қу түбірімен қоса қопара, тура қақпаға дейінкәдуелгідей жол аштым. Аз ғана жер болғанымен өтпес шалғымен жұлмалап жүріпкештің қалай батып бара жатқанын аңғармай қалған екенмін. Шалғыны есіктенқақпаға дейін шұбатыла созылып жатқан балдың үстіне тастай салдым да есіктіашып, босағадағы тоқтың қосқышын шырт еткізіп басып қалдым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Міне керемет,адам тұрмағанына қанша жыл болған үйге ұқсамайды. Тура бір епті қолдың жаңағана реттеп тазалап қойғанындай. Бәрі жарқырап тұр. Тіпті үй жиһаздарыныңжақтауынан шаңның жұғынын таппайсың. Өз жүгімді босағада қалдырдым да,бөлмелерді аралап көрдім. Бәрі тап-таза. Тіпті жатын бөлме де орын көрпесімендаяр тұр. Манағы шалғының шаршатуымен бірден дайын төсекке қойып кеттім. Лездеұйықтап кетіппін. Қанша жатқанымды білмеймін. Есікті бір ырғақпен әлдекім қағыптұр екен.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Бірден шешемнің:«балам, бейуақытта ұйықтама, жаман болады» дейтіні есіме түсіп, жүрегім өрекпіпала жөнелді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Қаншажүрексінсем де үйдің шырағы жанып тұрған соң көршілер «кім екенін білейін дегеншығар» деп, өзімді жұбатып есікке қарай еппен басып келдім де дауысымды барыншанығыздап:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Кіріңіз, –дедім.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Есік жеңіл сықыретіп ашылды да, ар жағынан шамасы он екі-он үш жас шамасындағы ер бала басынғана сұғып:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Апам мен әкемкөршіні шайға шақырып кел деді, – деп ақырын жымиып қойды.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Рақмет, көпрақмет, – деп едім:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Аға, бармасаңапам ренжиді, – деген тура бір ересек адамдар секілді баланың сондай байсалдыбейнесі мені ары қарай қарсылық көрсетуіме жол қалдырмады.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Ұят болды ғой,беймезгіл мазалап.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Ешнәрсеетпейді, көршіміз ғой.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Баланыңқозғалысының өзі соншама салмақты екен. Мен сыртқа шыққанда:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Пәлі, үлкенжол салып алыпсыз ғой… Бірақ бізге бұл жол керек емес, мына жақпен барасаламыз, – деп үйді айналып жол бастады.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Манадакелгенімде байқамаған екенмін, үйді жағалаған кәдімгі жалғыз аяқ жол сайрапжатыр.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Тура менің жатынбөлмемнің терезесінің тұсына қарама-қарсы селдір тартылған тор шарбақтыңбү­йірінде бір кісілік есік бар екен. Есіктен ары өте самаладай жанған қалыңшырақ көз ұялтады. Ауланың іші тола әралуан гүл. Әр гүлдің басында бір-біршырақ. Жалғыз аяқ жол қалың гүлді түп-түзу жара, көршімнің есігіне тіреледіекен.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Апа, көршінішақырып келдім, – деп дыбыстаған бала маған есік ашып берді де, кейін шегініпқалып қойды.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Бұл үй де тураменің үйімнен аумайды екен, тіпті жиһаздарына дейін бірін-бірі қайталайтынсекілді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Төрде мана мағанжол сілтеп жіберген қария. Жанында аппақ киінген кемпір жаюлы дастарқанныңбасында отыр екен. Менің сәлемімді еріндерін жыбырлата алғанымен, сосын бірденқабақтары ашылып жарқылдай сөйлеп кетті.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Қонысың құттыболсын, балам!

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Жаңадан келгенжурналистсің ғой.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Иә.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Дұрыс балам,мен де журналист болғанмын, атым Мақпоз. Жақсы кәсіп.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Иә.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Дастарқанғакел! Жақын отыр. Ас ал! Үйді бір жола саған берді ме?

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Білмеймін,атай. «Әзірге сенікі, құжаттарын сосын реттейміз, қашан жаңа үй болғанша сондатұра бересің» дейді бас редактор, – деп едім, кемпірдің жүзі бірден қуарып салаберді:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Сонда сенуақытша ғана тұратын болдың ба?

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Солай шығар,апай, білмеймін.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Жаңа үйдіқайтесің, осында өмір бойы тұра бер, – деді шал аппақ сақалын салалап.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Сөйтетіншығармын, – деймін мен де міңгірлеп.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Иә, сөйтбалам, осында тұра бер, басқа жақты не қыласың, балам… Кемпір самбырлапсөйлей жөнелді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">«Адам қартайғансоң қызық. Менің қайда тұратыныма қанша қатысы бар. Жаңа үй берсе, әрине сондакетемін» деп ойлап қоямын ішімнен.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Айнам! – дедіде кемпір әлдекімді дауыстап шақырып:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Мен ас даярлайын,көрші балаға сен шай құйып берші, – деп қарсыдағы есікті барып ашты. Арғы жақтааппақ қыз аппақ ағзудың бетіне қап-қара жіппен кесте тігіп отыр екен. Орнынансызыла тұрған ол жайлап басып дастарқан басына келді де, кемпірдің орнынаотырып шай құя бастады.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Ақсақалды шал –жаңа көршімнен қанша қысылсам да көзім қайта-қайта аққызға қыдырып қоймайды.Тіпті қарияның кей сөзін аңғармай қалып отырдым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Дастарқан толыас. Ас ішіліп болғасын мені үйге аққыз шығарып салды. Екі үйдің ортасындағыесікке келгенде:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Қайырлы түнболсын, – деді қыз сызыла.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Өзіңе де, –деген сөзді әзер айттым мен үздігіп.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Келіп тұрыңыз.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Сен де, –деппін сасқалақтап. Қыз сықылықтап күліп ары жүгіре жөнелді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Мен тура есіктіңтүбінде сәл кідіріп тұрып барып, өз үйіме қарай кеттім.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Жатын бөлмемекірдім де, шырақты өшіріп тастап терезенің түбіне келіп, көршімнің ауласынаұрлана көз салдым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Самаладайжарқыраған қалың шырақ аққыздың әрін тіпті асырып жібергендей. Қаншаотырғанымды қайдам, бір сәтте ұйқы қыса бастады. Тура соны сезгендей манаданбері қалың гүлдің арасында арлы-берлі бұрала биге басып жүрген аққыз мен жаққақарап қолын бір бұлғады да үйіне кіріп кетті.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Қараңғы үйдіңішінен көрінбейтін шығармын деп ұрланып қарап отырғанымды біліп қойғанына қаттыыңғайсыздандым. Манағы көзіме тығылған ұйқым шайдай ашылып кетті. Аунақшыпарлы-берлі жатып таң ата әзер ұйықтадым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Қабырға сағаттыңдаң-даң еткен қатты дауысынан шошып ояндым. Басымды жастықтан жұлып алғандабірден қабырғадағы сағат көзіме түсті. Жұмысқа баратын уақытым болған екен.Орнымнан атып тұрып, бетімді шала-пұла жуып аялдамаға қарай жөнелдім.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Редакцияғакеліп, бірден бас редактордың кабинетіне келдім.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Жарқылдай қарсыалған бастығым:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Бала, осыайдың журналын даярлап қойдық. Келесі журнал шыққанға әлі аттай бір ай бар.Оған дейін саған басқа жұмыс тауып қойдым. Есеп-қисап кабинетінің қасындағықоймаға барасың да, сол жердегі барлық журналды бірден қарап шық.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Осы редакциядағыең алғашқы ұстазың солар. Соның барлығын көріп шықсаң, ары қарай қаламыңдыешкім де тоқтата алмайтын жүйрік журналист боласың да шығасың, – депқолтығымнан ұстады да кабинетінен шығарып салды.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Астыға түсіп,қоймаға келдім де, журналдың ең алғашқы санынан бастап, әр бетін қалдырмай оқибастадым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Журналды оқыпотырып кешегі аққызға ойым қайта-қайта ауа берді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Жұмыс уақытыаяқтала сала алды-артыма қарамай үйіме қарай зауладым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Үйге келе салажатын бөлменің терезесіне келіп едім, кешегі бала келе жатыр екен. Терезеденмені көріп қалып, басын изеп сәлемнің ишарасын жасады да, айналып келіп есіктіқақты.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Апам шайғашақырып жатыр.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Рақмет, жаңажұмыстан шай ішіп алғам. Кешегі аққыздың көріп қалғанынан қысылып, қанша барғымкелсе де әдеп сақтап тұрғаным.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Бармасаңыз,апам ренжиді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Рақметбауырым, ертең барайын.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Бала біразтесірейе қарап тұрды да қайтып кетті. Енді терезеге баруға дәтім жетпей, манағыбала келген кезде отырған ауызғы үйдегі креслодан қозғалмай отырмын.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Сүт пісірімгежетпей есік тағы қағылды.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Кіре ғой, –дедім мен тағы сол бала келіп тұр екен деп.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Есік еппенашылып ішке аққыз кірді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Шайға жүріңіз.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Рақмет, ішіпалғам.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Кешегіге ұялыптұрсыз ба? – деп, қыз сықылықтай күлді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Мен өп-өтірікқызға қосыла күлген болдым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Жүріңіз енді.Қыз тура жаныма келді де, аппақ саусақтарымен менің білегімнен ұстап өзінеқарай тартты. Қолын тастай суға малып алғандай суық екен. Мен еріксіз орнымнантұрып аққыздың жетегіне ердім.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Атың кімқалқам, – дедім кібіртіктей.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Айна!

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Тамаша есімекен.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Қыз күлді де:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Сіздің атыңызше?

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Дастан.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Қыз үндемеді.Тамақтанып болғасын үйге қайттым. Шарбақтың түбіне дейін әкеліп салған Айна:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Шынымен менікөргіңіз келсе ренжімеймін, терезеңізден қарай беруіңізге болады, – деді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Не айтарымдыбілмей абдырап қалдым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Менренжімеймін, – деді қыз сөзін жалғап.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Таң бозына дейінтерезенің түбінде отырдым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Жұмысқа әзерүлгеріп келіп қоймаға кірдім де, есікті ішінен жауып алып, түс ауғанша ұйықтапалып, түс ауған соң қалған журналдарды шолып қарай бастадым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Осылай апта бойыкүндіз қоймаға келіп ұйықтап жүрдім. Түні бойы Айнамен бірге таңды ұйқысызатырамын. Үшінші күні-ақ Айна менің үйіме келіп, түн ортасы ауғанға дейінбітпейтін кестесін тігіп отырып жанымда сызылта ән салып берген-ді. Дауысыныңтамашалығы сондай, бойды балқытып, адамды есінен тандырып ұйықтатып кететін-ді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Ақыры бір кештеоған:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Саған үйленгімкеледі, – дедім құшағыма тартып.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Бауырыма тығылыпегіліп отырып жылаған ол «жоқ» деді.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Неге? – дегенсұрағыма:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Сұрамаңыз,айта алмаймын, – деп бірден кесіп тастады.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Мен жүрексөзімді айтып, жанын қоймай жалынып ем, бар айтқаны:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Сізденайырылып қалмау үшін айта алмаймын. Менен айырылып

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">қалғыңыз келмесе сұрамаңыз, осылай жүре берейікші, – деп мені тас қылыпқұшақтап алып өксіп тұрып жылады.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Ешнәрсенің байыбына бара алмай шала ұйқы болып жұмысқа жеткем, кіреберістенбас редакторға жолығып қалдым:

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">– Бала, қал жағдайың қалай? Қабағың кірбең ғой, қалың журналды оқып бітіреалмай жатырсың ба?

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Жарайды,онда барлығын емес, үш жылдан бергісін қарап шық. Ай соңы таяды. Саған тапсырмаберуім керек, жылдамдат, бала, – деді де өзіне көтеріліп кетті.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Қоймаға келдімде сөредегі ретімен тізулі тұран журналдардың ішінен үш жылдан бергісін реттепбөлек алдым да, оқу үстеліне алып келіп ақтарыстыра бастадым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Кенет көзіме бірсурет оттай басыла кетті. Айна, інісі, апасы мен атасы Мақпоз қария. Суреттетіпті өңді екен. Суретке емірене қарап отырып бас жағындағы қара әріптерменжазылған жазуға көзім түсіп кетті.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">«Қайғылы хабар»деп тұр. Жүрегім кеудеме сыймай тарсылдап соға жөнелді. Мен мәтіннің соңынжалғап оқи бастадым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">«Осы жылдыңмамыр айының он жетісі күні журналымыздың бас редакторы, білікті басшы, қартжурналист Мақпоз Зұлқарұлы алпыс үш жасында, жұбайы Зағира алпыс жасында, он үшжасар ұлы Жасұлан мен он сегіз жасар қызы Айна – төртеуі ауыр көлікшырғалаңының салдарынан бақилық болды...». Мәтіннің соңына жетпей жүрегім тастөбеме шықты. Қолымдағы журнал сусып жерге түсіп кетті. Үстел үстіндегі келесіжурналды қолыма ұстап қалып едім, бірден айқара беті ашылып кетті. Айқара беттеқабірліктің фотосы тұр. Төрт белгі таста төртеуінің кескіні мен аты жөні. Менсыртқа атып шығып, жолдың қарсы бетіне қарай өттім. Тура мені күткендей автобуста келе қалды. Соңғы аялдамадан түсе сала үйге қарай ұша жөнелдім. Алғаш ретМақпоз қарттың маған жол сілтеген жеріне жеткенде жол айрықта кілт тоқтапқалдым.

<span style=«font-size: 18px;» times="" new="" roman",«serif»;font-size:14pt;"="">Сол жақтақабірстан, оң жақта менің және көршімнің үйі...

Тегтер: