Қорланның финалдағы көз жасы
Грек-рим күресіненҚорлан ЖАҚАНША әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 55 келіде Қазақстан намысын қорғағанбалуанымыз грузиялық Нугзари ЦУРЦУМИЯДАН финалда айласын асыра алмады.
Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайты хабарлайды.
Қазақ балуаныфиналға дейін АҚШ-тан келген Макс НОВРИДІ, алжирлік Абделкарим ФЕРГАТТЫ және2018 жылғы әлем чемпионы Елдениз АЗИЗЛИДІ жеңді.
Қазақ балуандары 21 жылдан бері грек-рим күресінен әлем біріншілігінің алтынына қол жеткізе алмай келе жатыр. Бүгін «Барыс Аренада» жанкүйерлер Қазақстан әнұранын тыңдауға келіп еді. Грузиялық балуаннан 0-9 есебімен ұтылған Қорлан көз жасына ерік берді. Қарсыласы жұбатқандай болды.
Қорлан Жақанша 1992жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2014 жылы әскерилер арасындағы әлемчемпионатында қола жүлдегер атанса, 2018 Азия біріншілігінде үшінші орын алды.
Нұр-Сұлтан қаласында14 қыркүйек күні грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатыбасталды. Сондай-ақ, астанада 2020жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарына жолдамалар беріледі. Нұр-Сұлтанқаласына жүзге жуық әлемнің елдерінен 900 балуан бақтарын сынайды. БарысАренада өтіп жатқан әлем чемпионаты 22 қыркүйек күні аяқталады.
Фото: olympic.kz