Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:58, 25 Тамыз 2019

Қос қазақ қола үшін бір-бірімен күреседі

Қазақстанныңқос дзюдошысы қола жүлде үшін бір-бірімен күреседі. Олар әлем чемпионатында 60келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Ғұсман ҚЫРҒЫЗБАЕВ пен Елдос СМЕТОВ.

 Бұл туралы «Жас АЛАШ»сайты хабарлайды.

Әлемчемпионы, Азия ойындары мен Азия біріншілігінің жеңімпазы, олимпиадаойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов ¼ финалда жапон балуаны Рю НАГАЯМЕДЕНұтылып, жұбаныш белдесу арқылы қолаға таласу құқығына ие болды. ҒұсманҚырғызбаев жартылай финалға дейін жеткенімен ақтық сынға жете алмай қалды. Олөзбек спортшысы Шарафутдин ЛУТФИЛЛАЕВТАН ипонмен ұтылып қалды. Енді Ғұсман менЕлдос қола үшін таласатын болады. Айтпақшы, биылғы әлем біріншілігінің тағы бірқызығы осы 60 келідегі екінші қолаға екі жапон балуаны таласады. Олар РюНагаяме мен Наохиса ТАКАТО.

Жапонияныңастанасы Токиода өтіп жатқан 33-ші әлем чемпионаты 1 қыркүйекке дейінжалғасады. Еркектер мен әйелдер жеті салмақта өзара шын мықтыны анықтайды.Әлемнің 143 елінен 552 дзюдошы қатысып жатыр. Дзюдоның отанына Қазақстаннамысын қорғау үшін 11 балуан аттанды. 9 спортшы жекелей сында бақтарынсынайды. Ал екі дзюдошы аралас-командалық жарыста күреседі.

Елдос Сметов (60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

Ерлан Серікжанов (66 кг)

Елдос Жұмақанов (66 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Руслан Мұсаев (81 кг)

Дидар Хамза (81 кг)

Ислам Бозбаев (90 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Ақылбек Серік (mix team)

Ерасыл Қажыбаев (mix team)

Фото: fdk.kz

Тегтер: