Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:01, 12 Қаңтар 2023

Қош бол, Мәжіліс!

None
None

«Бидайдың барар жері диірмен» дегендей біздің парламент мәжілісінің де барар жері көбіне мерзімен бұрын тарқап кету болып табылады.

Тіпті, мұны  белгілі бір дәстүрге айналып кеткен десек те артық айтпағанымыз.

Өйткені парламент мәжілісінің тарихына көз салсақ, елдегі әр түрлі саяси  жағдайға байланысты мәжіліс толық мерзімін аяқтамай тарап кетіп  отырғанына талай мәрте куә болдық. 1996 жылға дейін парламент Жоғарғы  Кеңес деген атаумен келді. Тек 1995 жылы өткен бүкіл халықтық  референдумнан кейін Жаңа Конституция қабылданып, мемлекеттік  құрылымдарда өзгерістер болды. 1996 жылғы алғашқы сайланымнан бастап  ресми түрде «Парламент» деген ұғым енгізілді.

Сол 1996 жылдан бастап есептесек, 2021 жылға дейін мәжіліс жеті рет сайланыпты. Соңғы  яғни  жетінші Мәжілістің де бағы басынан тайғалы тұрған секілді. Кешелі бері әр-әр жерде «Мәжіліс алдағы аптада тарайды екен, жаңа сайлау наурызға белгіленіп қойылыпты» деген сыбыс ел ішінде сыпсың қағып жүр. Мүмкін. Өйткені өткен жылдың күзінен бастап «Мәжіліс алдағы көктемде тарайды» деген қауесет айтылып жүрген. Мүмкін дейтініміздің де себебі бар. Жаңа Қазақстан құрамыз десек, жаңа үкімет, жаңа парламент керек-ақ. Бұл аксиома. Үкімет аз да болса жаңарды. Сенат сайлауы 14 қаңтарға белгіленіп қойылған. Біраз құзырлы орындардың жаңа басшылары тағайындалды. Енді қалғаны осы Мәжіліс болатын. Демек, ел ішінде айтылып жатқан алыпқашпа  әңгіменің өзегінде өтірік жоқ секілді. «О тықыр мен бұ тықырдың жөні бөлек» демекші, бұл Мәжіліс сайлауы бұрынғыдан өзгерек болмақ. Бұл жолы додаға түсетін үміткерлердің 70 пайызы партиялық тізіммен өтсе, 30 пайызы мажоритарлық, яғни үміткерлер өз-өзін ұсынумен сайлауға қатыса алады. Демек, қазіргі мәжіліспен қош айтысатын күннің де ауылы алыс емес секілді.

Тегтер: