ҚПЛ: «Тобыл» мен «Астананың» мойны озық
Қазақстан премьер-лигасы.
5-тур. 14 сәуір
«Ақтөбе» – «Атырау» – 2:0(Радин, 3, Милишевич, 45)
«Шахтер» – «Ертіс» – 4:0 (Пешич, 2, 19-пенальтиден, Лувага,8, Ткачук, 50)
«Оқжетпес» – «Тобыл» – 1:2 (Нөсербаев, 90 – Квеквескири, 42, Федин, 56)
«Тараз» – «Қайсар» – 1:2 (Ньюадзи,23 –Граф, 43, Пуношевац, 76)
«Жетісу» – «Қайрат» – 3:0 (Наумов,25, Хромцов,88, Оганесян,90+6)
«Астана» – «Ордабасы» – 2:1 (Ротариу, 15, Томасов,65-пенальтиден – Жанғылышбай, 44)
- «Ақтөбе» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қолжеткізді. Алайда бес дүркін чемпиондар әлі де турнир кестесінің түбінен көтерілеалмайды. Ақтөбеліктер маусымды -12 ұпаймен бастаған еді. Осы турдан кейін бұл көрсеткіш-9 болып өзгерді.
- Бұл турда 18 гол соғылды. Нәтижелілігі жөнінен бұл туралғашқы турдан ғана қалыңқы (20 доп). Алайда бұл турда қазақстандық үш футболшы(Нөсербаев, Федин, Жанғылышбай) ғана мергендік танытты, басқа 15 доплегионерлер еншісіне жазылды. Бұған дейінгі төрт турда шеттен келген ойыншыларосынша көп гол соққан емес.
- «Оқжетпестің» шабуылшысы Таңат Нөсербаев жаңакомандасының сапындағы алғашқы добын енгізді. Бұл – оның Қазақстан премьер-лигасындағы75-голы. Жалпы, барлық ірі деңгейлі жарыстарда Нөсербаев соққан доптар саны 89-ғажетті.
- Бұл турда қақпаларға 5 пенальти белгіленіп, соның үшеуінқақпашылар қайтарды. «Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов «Жетісудың» екіпенальтиін дарытпағанымен, алматылықтар бес жылдан бергі алғашқы аса ірі сәтсіздігінетап болды.
- «Жетісу» қорғаушысы Никита Наумов үшінші рет жеңісголының авторы атанып отыр. Ол алғашқы екі турда «Қайсар» мен «Оқжетпес» қақпасынажеңіс добын соғып еді. Бұл жолы да Беларусь легионері бұрыштан көтерілген допты«Қайрат» қақпасына тура бағыттады.
- «Тобыл» командасы бес турда да жеңіске жетіп, ұпай жоғалтпағанжалғыз команда болып отыр. «Астана» 18-тур кездесуін алдын ала өткізгендіктен ғанакөш басында тұр. Әйтпесе елордалықтар екі ұпай жоғалтып алды.
- «Қайсар» мен «Атырау» биылғы чемпионатта ең аз допенгізген (3 гол) командалар санатында.
- «Оқжетпес» – бес турда жеңіс дәмін татпаған жалғызкоманда.
- «Ордабасы» осы турға дейін өз қақпасына доп жібермегенжалғыз ұжым еді. Бұл турда шымкенттіктер чемпионнан қос доп өткізіп алды.Дегенмен жас қақпашы Бекхан Шайзада пенальти қайтарып, өз командасының іріесеппен жеңілуіне мүмкіндік бермеді.
- Бұл турда Н.Наумов («Жетісу»), М.Томасов («Астана»)мергендер көшіндегі жағдайын жақсартты. Бірақ 4 голмен алда тұрған А.Нұрғалиевке(«Тобыл») жету үшін әлі бір-бір голдан соғуға тиіс.
Турнир кестесі:
О Ұ Т Ж Д Ұп
- «Астана» 6 5 1 0 13:4 16
- «Тобыл» 5 5 0 0 12:3 15
- «Қайрат» 5 4 0 1 11:6 12
- «Ордабасы» 5 3 1 1 6:2 10
- «Жетісу» 5 3 0 2 9:4 9
- «Қайсар» 5 2 1 2 3:7 7
- «Ертіс» 5 2 0 3 5:9 6
- «Шахтер» 5 1 1 3 5:6 4
- «Атырау» 6 1 1 4 3:10 4
- «Тараз» 5 1 0 4 4:10 3
- «Оқжетпес» 5 0 1 4 4:13 1
- «Ақтөбе» 5 1 0 4 5:10 -9*
- «Ақтөбе» командасының 12 ұпайы алынған.
Мергендер: А.Нұрғалиев («Тобыл») – 4 (1-пенальтиден), ЖоауПаулу («Ордабасы), А.Есеола («Қайрат»), Н.Наумов («Жетісу»), Д.Ротариу(«Астана»), М.Томасов («Астана») – 3.
Премьер-лига «Астананың» ғана жарысы ма?
Бесінші турдағы «Астана» – «Ордабасы» кездесуіне шымкенттіктер небары 15 футболшы ғана әкелді. Нәтижесінде африкалық Май Махлангу ғана алаңға шықпады, басқа 14 футболшы чемпиондармен терезесі тең өнер көрсетіп, жеңіс добын пенальтиден жіберіп алды. Бұл ойында «Ордабасының» қазіргі көшбасшылары Сергей Малый, Дмитро Непогодов, Алексей Щеткин және Марат Быстров төбе көрсеткен жоқ. Биыл үздік үштіктен дәмесі бар «Ордабасы» тікелей бәсекелесіне қарсы неге жартыкеш құрам шығарды?
Мәселенің себебі бесенеден белгілі. Бұрын «Астанада» ойнаған немесе әлі де осы командаға тән болып саналатын футболшылар ауызша келісім бойынша елордалық клубқа қарсы алаңға шыға алмайды. 2016 жылы А.Щеткин «Ақтөбе» намысын қорғап жүргенде, 2017 жылы «Тобылда» доп тепкенде осындай жағдай болған. Ал Непогодов, Быстров және осы Щеткин әлі де «Астанаға» тиесілі. Өткен жылы да Непогодов пен Быстров «Тобыл» сапында чемпиондарға қарсы алаңға шықпай, орындарын В.Котляр, С.Бұсырманов сияқты ойыншыларға бір ойынға босатқан-ды.
«Ордабасының» қаржыдиректоры Б.Байсейітов осы мәселеге орай, өз пікірін айтып қалды. «Ордабасыға»тән болған Таңат Нөсербаев өткен жылы «Тобылға» жалға берілді, бірақ бізге қарсыойынға шықты. Ойынға шығып қана қоймай, «Ордабасының» қақпасына доп та соқты.Ендеше, алаңға нағыз мықтылар ешбір ауызша келісімдерге қарамастан шығуғатиіс», – деді ол.
Маманның алаңдауға негізі бар. Д.Непогодов алдыңғы төрт турда да шымкенттіктер қақпасын тас қып ұстап, бірде-бір доп жібермеді. Малый мен Быстров – қорғаныс шебінің негізгі ойыншылары, ал Щеткин бразилиялық плеймейкер Жоау Паулумен жақсы тандем жасап үлгерді. Демек, «Ордабасы» «Астанаға» қарсы ойын қарсаңында күнібұрын әлсіреп қалды. Әрине, Жоау Паулу мен Мардан Төлебектің тұмауратқанына елордалық ұжым кінәлі емес, алайда негізгі құрамның төрт ойыншысын әлдебір ауызша келісім арқылы алаңға шығармау деген – толыққанды үш ұпай алудың алғышарты емес пе?
Фотоны автор ұсынды.