Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:46, 21 Қазан 2022

ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің штабы үгіт-насихат жұмысын бастады

None
None

21 қазан күні сағат 18.00-ден бастап Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қарақат Әбден еліміздің барлық өңірінде офлайн және онлайн үгіт-насихат науқанын бастады.

20 қазан күні ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Әбден штабының ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтті, онда өңірлердегі үгіт-насихат науқанының бағдарламасы, іс-шаралар жоспары бекітілді. Сондай-ақ, қатысушылар әр аймаққа саяхат жоспарын, кандидаттың сайлауалды бағдарламасының егжей-тегжейін талқылады.

Кандидат Қ. Әбденді қолдайтын қоғамдық штаб www.abden.kz ресми сайтын ашты. Әлеуметтік желілердегі аккаунттар жұмыс істейді (https://www.facebook.com/abdenova.karakat және www.instagram.com/abdenkarakat/), онда штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер және өзге де үгіт-насихат материалдары туралы барлық ақпарат жарияланады.

Сондай-ақ, штаб Астана қаласының LED-экрандарында үгіт-насихат материалдарын іске қосты, өңірлерде тарату үшін парақшалар дайындады, телеарналарда трансляциялау үшін үгіт-насихат бейнеролигі жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, қоғам қайраткері Қарақат Әбден «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚБ-дан Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидат болып ұсынылды

Тегтер: