Құлаққаптың қасіреті

...Әлдебұған қарғыс тиді ме екен? Оң жақтан оқыста соққан инсульт оңдырмай құлатты.
Төсеккетаңылып жатқанына бір айдан асып барады. Өз бетімен қозғалуға мұршасы келмейтінғаріп жан ойланғаннан басқа не істей алады? Қырық жастан жаңа асқанда түйсіксіздеусеміріп кеткен, тапалтақ бойлы, жуан мойын, кебеже қарын Манарбай сот таубөктеріне салынған үш қабатты үйіндегі өзінің жатын бөлмесінде жалғыздан-жалғызойланып жатыр…
Бұл университеттің дипломын алғалы сотсаласында қызмет істеді. Заң факультетін бітірісімен аудандық сотқа соторындаушысы болып орналасып еді, содан бергі жиырма жыл ішінде жан жалдап жүріпқызметтің талай баспалдақтарымен жоғары өрледі. Біраз жыл қалалық соттың нанынжеді. Осы жасында аудандық соттың төрағасы да болып көрді.
Былтыр ғана жоғарыда отырған жуанбілекті басшылардың ықпалымен төрағалықтан ысырылып, қатардағы судья қызметінеқайта кіріскен. Лауазымы биік қызметпен қимай қоштасты. Амал не? Дәудің артыдиірмен тартады. Үнемі қолдап келген Жоғарғы Соттағы нағашысы да бұл жолы көмектесеалмады. Қазір Манарбай қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылғансоттың судьясы.
Судьяның жұмысы асқан жауапкершілікпен қараудыталап етеді. Әр істің артында адамның тағдыры тұрған соң «Фемида сарбаздары» мейіліншеәділ шешім шығаруға тырысуы керек. Бірақ бес саусақ бірдей емес. Адамныңжақсысы бар, жаманы бар. Судьяның даәділі бар, арамы бар.
Манарбай жас күнінен дүниеге қатты құнықты.Орайы келген істің бәрін ақшамен шешуге бейіл болды. Ол үшін бірінші орында адамдардыңтағдыры емес, ақша тұратын. Алдына бір іс келсе, көзіне жасыл қағаз елестейбастайды. Қылмыстық баптардың бәрін доллармен бағалап, әр істен қанша ақшажонатынын алдын-ала есептеп қоюшы еді.
Манарбай қатардағы көптің біріболғысы келмейді. Жалғыз айлықпен жан бағып, адалсынған кейбір судьялар әлікүнге дейін мінерге көлік таппай, банктердің несиесіне белшесінен батыпжүргенін бұл жақсы біледі. «Ішерге асың болмаса адалдықтан не пайда? Одандақолдан келсе қонышынан бас! Жымын білдірмей жұлып ал да, жырғап өт!». Міне,Манарбайдың нақты ұстанымы осы.
Ол көп ақша берген баукеспе қылмыскерлердіңжазасын жеңілдетіп отырды. Ақшасы жоқ бейшараларды жылап-еңірегеніне қарамай барыншақатал жазалады. Бай-бағланның айуандық әрекеттеріне көз жұма қарап,жоқ-жітіктің тұсына келгенде түймедейді түйедей етіп көрсетуге мәш болды.Қысқасы, Манарбай өзінің өмірінде жазықсыз талай жанды жылатқан еді.
Ауыр қылмыс жасағандарға оның іші бұрыптұратын. Неғұрлым күрделі іс болса алары да көп. «Молданың күні өліммен»дегендей, қылмыс болмаса Манарбай қалай күн көреді? Қолы жүріп тұруы үшін ол қанқұйлықылмыс күнде болса дейді. Мұндай пиғылға өзін кінәлі санамайды. Қалыпты жағдайдеп қарайды. Өйткені сот саласында «бермесең, бөліспесең өспейсің» деген жазылмағанқағида бар. Беру үшін әуелі алу керек. Алдына іс келмесе бұл қайдан, кімненалады?
Қолына кедей-кепшіктің ісі түссе Манарбайдыңкүлкісі келеді. Ол америкалық атақты психологтың «Ақылды адам кедей болмайды»деген тұжырымын санасына қапақтай шегелеп алған. Кедей адам – ақымақ адам.Ақымақтығы үшін жазасын алуы керек. Қалтасының түбі тесік болса, қылмыс жасапнесі бар? Адам қылмысты да бір жеріне қарап жасауы керек қой. Беретін түгі жоқ,артын ойламаған ақымақты бұл несіне аясын? Ондайлардың талайын шырылдатыптүрмеге тоғытты.
Бұған қарғыс тиді ме екен?.. Манарбайшалқасынан жатқан күйі икемге келетін сол қолының алақанымен шермиген қарнынсипап ойланып жатыр. Көз алдына осы жылдың басында сотталған жетім баланыңжыламсыраған түрі келе қалды. Ой, бағұс-ай! Сол жігіт жетім лақтай шырқырапжылап еді-ау! Әлде, мына дерт сол бейшараның наласы болды ма?..
Қаңтар айының басы еді. Көшеніңбәрі көктайғақ болып жатқан. Жаңа жылдық мерекелерден кейін жұмысқа зауқы соқпайкеледі. Жол тайғақ, әрі алғашқы жұмыс күні болғандықтан Алматының орталық көшелеріндегікөлік кептелісі еселеп артып, қозғалыс қиындап тұр. Өзі жұмыс істейтін сотғимаратының алдындағы автотұраққа астындағы дижипі қалт-құлт етіп тайғанақтап,кешігіп әрең жетті. «Бұжыр табан джиптің жағдайы мұндай болғанда басқа көліктершанадай сырғанап бара жатқан шығар. Бүгін қалада қақтығыс көп болады-ау» деп ойладыішінен.
Үшінші қабаттағы кабинетінің есігін асығысашып, тапырақтап кіре беріп еді қалтафоны безілдеп қоя берді. Сусиырдыңқарнындай қампиған, қолтырауын терісінен жасалған ауыр қоңыр портфелін шеткіүстелдің үстіне қоя салды да, семіздіктен деміккен ентігін баса алмаған күйі быртиғансаусақтарымен төс қалтасына салынған телефонды суырып алды. Телефонның бетінен«Доча» деген сөзді көріп, трубканы құлағына апарды да:
– Қызым, не болды?– дедіқабандай ырсылдап. Университеттің бірінші курсында оқитын студент қызы Жәмилә еңкілдепжылап тұр. Ол:
– Пап! Горе унас, горе!– депсолқылдап қоя берді. Не болғанын түсінбей, зәресі ұшқан Манарбай:
– Доча! Дұрыстап айтшы! Неболды?– деді қалшылдап. Жылаған Жәмилә:
– Мамам… Мам...– деп тұншығаөксіді.
– Мамаңа не болды? Жаңа ғанажұмысқа жиналып жатыр еді ғой.
– Маму машина сбила. Прямовозле дома.– деп еңіреді қызы.
– Обай-ау, не дейсің? Аман баөзі?
– Полуживую на скорой увезли. Имилиция подьехала,– деді Жәмилә.– Пап! Что нам делать?
– Тоқтай тұр! Қаққан кім екен?
– Таксист молодой. Говорят чоон был один в салоне.
– Мамаңды қайда алып кетті?
– В больницу скорой помощи. Ой,пап! Я очень боюсь за нее. Сделай что нибудь!– деп жалбарынды Жәмилә.
– Сен сабағыңа бара бер!Уайымдама! Қазір бәрін бақылауға аламын.– деп Манарбай жалма-жан екіншітелефонын қолына алды.
Ең әуелі аудандық ішкі істер бөлімініңкезекшісіне хабарласып мән-жайды анықтады. Сәнияны қаққан Төкеев Жарас деген жасжігіт екен. Оны қаладағы медициналық сараптама орталығына алып кетіпті.
Бұл бірден өзі жақсы танитын сол орталықтыңбасшысына телефон соқты:
– Бәке, біздің үйдегікелініңізді жаңа ғана машина қағып кетіпті. Жағдайы тым ауыр көрінеді. СіздергеТөкеев Жарас деген жүргізушіні алып келді ме?– деді асығыс сөйлеп. Арғы жақтыңжауабын есіте сала: – Иә, иә. Қаққан сол. Соны ішімдік ішкен деп жазсыншы.Рульде мас күйінде болды деген қорытынды керек. Қарыз болып қалмаспын. Бірқайтарамын ғой… Иә, түсіндім… Аха… Болады… Ой, рахмет Бәке!– деп сөзінаяқтады.
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Аятхандеген полиция полковнигінің өсуіне Манарбайдың көп көмегі тиген еді. Артыншаоның телефон нөмірін теріп, бұл істі дені дұрыс тергеушіге тапсыруды сұрады.
– Мәке, қам жемеңіз! Өзіміздіңмықты жігіттердің біріне тапсырамын. Сізге тергеудің барысын баяндап отырады.Өзім қадағалаймын.– деді Аятхан.
Соттың төрағасынан сұранып, Манарбай жеделжәрдем ауруханасына жеткенде Сәнияға ота жасалып жатыр екен. Наркозда жатқанжарымен тілдесе алмады. Аурухананың бас дәрігеріне барды. Куәлігін көрсетіп,танысты.
Сәнияның екі аяғы бірдей жіліншігінен сыныпты.Миы шайқалған. Көкбауыры соққыдан езіліпті.
– Күтімі дұрыс болса екі-үшайда жазылып кетеді. Тек басын ұзақ емдеу керек. Миы қатты шайқалған. Дегенмен уайымдамаңыз,оны да емдеуге болады.– деді бас дәрігер. Манарбай бас дәрігермен ұзақсөйлесіп, Сәнияның жағдайы өте ауыр деген анықтама жазуға көндіріп шықты.
Түсқайта жұмысына барғанда осы іс туралыөзінің көңілін қалдырмайтын Аманова Гүлзия есімді судья әріптесімен ақылдасты.
– Өз әйелім болғандықтан бұлісті мен қарай алмаймын. Сондықтан сенің қолыңа түсірейік. Ары қарай тағыақылдасармыз.– деп келісті. Гүлзия оған:
– Басекеңе бірауыз айтасалсаңызшы.– деді көзінің қиығымен жоғарғы қабатты нұсқап.
– Ол кісі біліп отыр. Менкеңседегі қыздарға да тапсырып қоямын. Істі бірден саған жіберетіндей қыламын.Менттерге істі тез сотқа жеткізіңдер деп айтып қойдым. Прокурор да өзіміздіңадам. Іс келесі аптаның ортасында келіп қалады.– деп Манарбай Гүлзияның қолынқысты.
Келесі күні Манарбай өзініңкабинетіне аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісін шақыртып алды. Ерболатдеген лейтенант шеніндегі жас жігіт тергеудің барысын баяндап берді. МанарбайғаТөкеевтің жазған түсініктемесін көрсетті. Төкеев сауатсыз жігіт екен, бірбеттік мәтінді мың рет шимайлап, түзеп, айбақ-сайбақ етіп әрең жазыпты.
«Мен, Төкеев Жарас Сағитұлы, Алматыдағы«Мегаполис» таксопаркінде жүргізуші болып істеймін. 1918 жылдың үшінші қаңтарындасағат таңғы тоғызда «Опель Вектра» көлігімен «Бағанашыл» деген жерге клиентапардым. Қайтар жолда Кенесары көшесімен қырдан түсіп келе жатқанда елу метрдейжерден жолға шыққан әйелді көрдім. Тежегішті басып едім, сайға қарай жүріп кележатқан көлігім тоқтай алмады. Қырық метрдей қалғанда дабыл бердім. Шығысқақарай көшеден көлденең өтіп бара жатқан әйел бұрылып та қарамады. Таскереңадамдай дабылды қанша бассам да естімеді. Көктайғақ мұзбен сырғанап бара жатқанмашина маған бағынбай кетті. Жолдың шетіне бұруға тырысқаныммен тура сырғанайберді. Жүргінші әйел құлағына құлаққап киіп алған екен. Менің дабылымдыестімеді. Сөйтіп тоқтамай тайғанаған машинаға соғылды. Бұл жерде менің ешқандайкінәм жоқ. Бәрі құлаққаптың кесірінен болды. Өзімді кінәлімін деп санамаймын.Арақ ішпеймін, рульде сау болдым» деп қол қойыпты.
– Өзінің ағайын туысы бар маекен? Қайдан жүрген адам бұл?– деп сұрады Манарбай тергеушіден.
– Жасы он тоғызда. Тұл жетімекен,– деді лейтенант папкасынан бірнеше құжаттың көшірмесін шығарып.– Таразқаласында туылған. Екі жасында әке-шешесі көлік қақтығысынан қайтыс болған.Нағашы әжесінің қолында өсіпті. Бұл алты жасқа келгенде бағып отырған жалғыз әжесіде ауырып көз жұмған. Содан әкесінің достары жетім балалар үйіне өткізіпті.Балалар үйінде оқуды бітірген соң бір таныстары Алматыға шақырған көрінеді.Әйтеуір жүргізуші куәлігі бар екен. Таксопаркке жұмысқа ілініпті. Қаланың сыртжағындағы арзан жатақханадан бір орын жалдап тұрады.
Былай жап-жақсы бала сияқты. Жүретін қызы барекен. Аты Сайра. Ол да жетім. Балалар үйінде бірге өскенбіз дейді. Ол қызосында бір кафеде даяшы болып істейді. Одан өзге жақыны жоқ. «Жетімге жетімқосылып, амалдап адам болып кетеміз бе деп жүргенбіз» дейді.
– Бізге ылғи жеті атасынан жарымағандаркезігеді ғой,– деді Манарбай алдында тұрған ксерокстан Төкеев жазғантүсініктеменің көшірмесін шығарып жатып.– Жарайды, сен бара бер! Бастығыңменөзім сөйлесемін.
Лейтенант сыпайы қоштасып,кабинеттен шығып кетті.
Манарбай Аятханға телефон соғып оны түскіасқа шақырды. Түскі ас ішіп отырғанда өзінің өтінішін айтты.
– Тергеушің бос жігіт екен. Тәжірибесіжоқ бала ғой. Бұл істі тісқаққан біреуге берсең дұрыс болар еді. Мынатүсініктемені қайта жаздырсаңдаршы,– деді ол қойын қалтасынан көшірменішығарып,– Құлаққап туралы сөзді құртыңдар. «Арақ ішпеймін. Рульде сау болдым»дегенді жазушы болмасын. Рульде мас күйде болғанын мойындатыңдар.
– Медициналық сараптама дайын.Сөзін сөйлейтін бір адамы жоқ. Ол қайда барады? Мойындатамыз ғой.– деді Аятжансудья ағасының көңілін сендіріп. Манарбай алдындағы бокалға құйылған алмашырынын қылқылдата сіміріп алып:
– Жүретін қызы бар дейді. Соныменің алдыма келетіндей қылсаңдаршы. Шын сүйсе әйел адам бәріне көнеді ғой.Бәлкім оған банктен несие алдырармыз. Сәнияның еміне қыруар қаржы кететініншамалап отырған шығарсың?– деді.
– Жақсы, Мәке! Ол қызды сізгеертең жібергіземін. Оны қайтсек те тауып аламыз.– деп Аятхан дастарханға батасұрады.
Ертесіне Аятхан айтқандай-ақ Сайра Манарбайдыжұмыс орнына іздеп келді. Судья Мылтықбаевтың кабинеті жабық тұр екен. Қолаң шашыиығына төгілген, талдырмаш бойлы, жұпынылау киінген қаракөз қыз есік алдындатеңселіп біраз тұрды. «Мылтықбаев қандай кісі? Жарас үшін одан қалай кешірімсұрасам болады? Оның өзі не дер екен?» деген ойлар жас қыздың еңсесін езіпбарады.
Сүт пісірім уақыт өткенде жоғарғы қабаттағы төрағаныңкабинетінен шыққан Манарбай талтаң-талтаң басып баспалдақпен түсіп келе жатты.Ол өз кабинетінің алдында тұрған қызды көріп, маңызды адамның түрін жасап,қабағын түйіп алды. Бұл есікке жақындағанда әдемі қыз нәзік дауыспен тіл қатып:
– Сәлеметсіз бе!– депамандасты.
– Сәлеметпіз. Маған келіптұрсың ба?– деді Манарбай есікті кілтпен ашып жатып.
– Сіз Мылтықбаевсыз ба?– депсұрады қыз.
– Иә. Мен.
– Сізге келіп едім. Менің атымСайра. РОВД-дағы тергеуші жіберді.
– Қандай мәселемен? Ішке кіріпайт!– деп Манарбай есікті айқара ашты. Қыз босағадан қымсына аттап:
– Қамауда жатқан ТөкеевЖарастың мәселесімен келіп едім.– деді жанарын төмен салып.
– А-а, әлгі адам қаққыш таксистпе? Оған қандай қатысың бар еді?– деді судья креслосына жайғасып, қызға ажыраяқарап. Сайра сілейіп тұрып қалды.
– Ол менің досым еді.– дедіестілер-естілмес қана үнмен.
– Иә, құлағым сенде. Не дейсің?Айта бер!– деді Манарбай шалқая түсіп.
– Сізден Жарас үшін кешірімсұрағалы келдім. Қолыңыздан келсе кешіріңізші оны.
– Сендерге адамның тағдырыойыншық па? Жәбірленушінің жағдайы өте ауыр. Қиын жағдайда жатыр. Қандайкешірім? Кешірім сұрап құтыламын деп ойлайсыңдар ма?
– Машина қаққан кісі сіздіңәйеліңіз екен. Сол үшін кешірім сұраймын.
– Ешқандай кешірім болмайды.Сап-сау адамды өмірлік мүгедек қылды. Екі күнде екі рет ота жасалды. Әлі қалайболары белгісіз. Мен мұны кешірмеймін!
– Мен Жараспен сөйлесіп едім.Ол менің кінәм жоқ деп отыр. Құлаққаптың кесірінен болды дейді. Құлаққап кигенкісі дабылды естімепті.– деді қыз басын төмен салған күйі. Бұл сөзді естігендеМанарбай күйіп кетті. Ол жас қызға ызбарлана қарап, қаһарлана сөйледі:
– Сен не деп тұрсың?Қылмыскерді ақтауға келдің бе? Қандай құлаққап? Ол оңбаған таң атпай араққатойып алыпты. Өлесі мас болған. Құлаққап дегенді қайдан шығардыңдар? Енді өлімаузында жатқан адамға жала жабайын дедіңдер ме? Сен де оңбаған екенсің!– депақырды.
– Аға! Жарас арақты ауызынаалып көрмеген адам. Мас болуы мүмкін емес! Нағыз жала осы ғой.– деп жас қыз жылапжіберді. Манарбай оны одан сайын қорқыта түсейін деп:
– Осыдан әйелім бірдеңе болыпкетсе, Жарасыңды түрмеде шірітемін! Оның көзіне көк шыбын үймелетемін! Осыныбіліп ал!– деді айғайлап.– Ал оның мас күйде болғанына бұлтартпас айғақтар бар.Медициналық сараптама бар. Арақ ішпейтін адамды тапқан екенсің!
– Мүмкін емес! Мүмкін емес!–деп еңіреді Сайра жасқа булығып,– Оның менен басқа ешкімі жоқ. Мен оны жақсыбілемін. Арақтың дәмін татып көрген емес. Маған өмірімде арақ ішпеймін, темекітартпаймын, жөні түзу адам боламын деп серт берген. Мен оған сенемін! Бұл жердебір түсінбестік болып тұр. Сіз оны кешіріңізші, аға!
– Серт берген деймісің?Сертінің түрі осы болды. Тағы қандай серт беріп еді? Бәлкім, аспандағы айдыалып беремін деген шығар саған? Оған да сенесің бе? Мұндайлар әр бұрышта сертбере береді. Ол мас күйде болған. Енді сөзді көбейте берме.– деді Манарбайқатуланып.
– Жоқ! Жоқ! Ол жақсы адам. Балаларүйінде бірге өскенбіз. Ақкөңіл, адал жігіт. Ешқашан өтірік айтпайды. Екеуміз дежетім өстік. Сіз ол туралы жаман ойламаңызшы.
– Сонда мен бе өтірік айтыпотырған? Құлаққап киген деп әйеліме жала жапқаныңмен қоймай, енді мені өтірікшіқылайын дедің бе? Айғақ бар ғой, айғақ! Медициналық сараптаманың қорытындысыбар. Оны қайда қоясың?
– Білмеймін, аға! Түсінбейтұрмын. Қалайша олай болады? Бұл мүмкін емес!– деп Сайра солқылдай түсті. Оныңжалбарынып жылағаны Манарбайдың жанына жағып барады. Ол сабасына түскендейболып:
– Отыр!– деді алдындағыорындықты нұсқап. Сайра жылаған күйі өксігін баса алмай отыра кетті.– Өзіңніңағайын туысың бар ма? Кімің бар Алматыда?
– Мамамның інісі бар.
– Қайда жұмыс істейді?
– Жұмыс істемейді. Ол екіншітоптағы мүгедек. Мен көмектесіп тұрамын.
– Отбасы бар ма?
– Жоқ. Ауыра берген соң әйелі тастапкеткен.
– Өзің не істейсің? Жұмысың барма?
– Кафеде даяшымын. Азын-аулақтапқан-таянғанымызбен жан бағамыз. Жарасты босатыңызшы, аға! Сізге жалынамын! Мынаөмірде менің басқа сүйенетін адамым жоқ. Екі жетім бірігіп тірлік құрармыз депжүр едік. Ол кінәлі емес қой.– деді Сайра еңсесін тіктеп.
– Сонда кім кінәлі? Меніңәйелім машинаға өзі барып соғылған ба?
– Солай болып тұр ғой. Құлаққапкимегенде жолдан қашып үлгеретін еді. Түк те болмас еді.– деді қыз Манарбектіңкөзіне тура қарап. Осы сөзден кейін Манарбектің қаны басына шапты. Ол ашуланғаннанөзін ұстай алмай, жалпақ алақанымен үстелді қойып қалды.
– Айналып келгенде өзі кінәлідесеңші. Сен мені көз жасыңмен қорқытпа, айналайын! Егер өмір мен өлімніңарасында жатқан адамды кінәләуыңды қоймасаң, көр де тұр, өзіңнің де сорыңдықайнатамын! Оның ем-домына қанша ақша кететінін білесің бе сен? Шетелге апарыпемдету үшін кем дегенде отыз мың доллар керек. Ең болмаса соның он мың долларынтауып беріңдер. Сосын көреміз. Болмаған жағдайда менен жақсылық күтпеңдер!–деді көзін бақырайтып.
Сайраның ойы сан-саққа жүгірді. Не істеугеболады? Он мың доллар деген ақша бұлардың түсіне де кірмеген. Оны қайдантабады? Қарызға беретін адам жоқ. Қарыз алған күнде де қайтіп қайтарады?
Жетімдіктің жанына батқаны-ай! Мына жарықдүниеде арқа сүйеп, ақыл сұрайтын адамың болмағаны қандай қиын? Жарасқа жалажауып, билігімен ықтырып отырған мына кісі қандай қорқынышты еді. Мына түріменбұл ешкімді аямайды. Сонда Жарас жазықсыздан-жазықсыз сотталып кете бара ма?Қорғансыз басы кімге барып шағынады? Тым болмаса адвокат жалдайтын жағдайы жоққой. Тиын санап, жол ақысын әрең ажыратып жүргенде адвокатты қандай ақшағажалдайды?
Өрімдей жас қыздың әбден басы қатты.
– Біз ондай ақшаны табаалмаймыз. Қазақтың бір баласы ретінде кешіруіңізді өтінем! Екеулеп жұмысістесек кейін бірдеңе етіп құрастырып берерміз. Кешірім беріңізші, аға!– дедіол жалбарынышты түрмен.
– Сендейлердің талайынкөргенбіз. Есектерің судан өткенше өлердегі сөздеріңді айтасыңдар. Іс біткенсоң іздеріңді көрсетпей жоғаласыңдар. Мені ақымақ көресің бе? Оданда екеулеп банктеннесие алыңдар! Кейін амалдап құтыласыңдар. Ол ақша болмаса кешірім деболмайды!– деп Манарбай қысқа қайырды. Судьяның кабинетінен шыққанша Сайраныңқұр сүлдері қалды.
Түсқайта Сайраға Жарас телефон соқты. Тергеуизоляторынан хабарласатын бір амал тауыпты. Мылтықбаевпен болған әңгіменіңмән-жайына қаныққан соң ол асығыс сөйлеп:
– Мен изоляторға келіп жүргенбір адвокатпен келістім. Сол кісі мені қорғайтын болды. Ордерге елу мың теңгетөлеу керек. Гонорары жүз елу мың болады дейді. Барлығы екі жүз мың. Кешкедейін соның жартысын тауып берсін деп жатыр. Жүз мың теңге тауып бере аласыңба?– деді өтініп.
– Сен үшін қолымнан келгенніңбәрін жасаймын. Бастығымнан сұрап көрейін. Тапсам кешке дейін апарып беремін.Тек өзіңе мықты болшы!– деп Сайра ақша іздеуге кірісті. Ол жанұшырып жүріпкешке Жарас айтқан адвокатты тауып алып, айтқан сомасын жеткізіп берді.
Марат Айдаболов Жарасқақорғаушы болып бекітілді. Ол кезінде қалалық сотта Манарбаймен қызметтес болған,сыйлас адам еді. Манарбай оған телефон соғып:
– Ана балаға көп нәрсе үйретеберме! Өзіміз ойлағандай болатын болсын! Саған гонорарыңды алып алсаң болдыемес пе?– деді.
– Мәке, айтсаңыз болды ғой. Олжағынан қам жемеңіз. Мен көп сөйлемеймін,– деп Айдаболов келісім берді.
… СотТөкеев Жарасты үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Судья Аманова үкімдіоқыған сәтте Жарас шарасыздықтан жылап қоя берді. Жазықсыз басы қараптан-қарап үшжыл арқалап бара жатқанына сенгісі келмеді. Өзегі өртеніп, алқымына өксіктығылды. Соттың соңғы отырысына дейін Сайраны қарызға батырып, гонорарын толықалып алған адвокат Айдаболов шешуші сәтте жарытып ештеңе айта алмады. Залдаотырған Сайраның да көз жасы көлдей болды. Жарас өзінің соңғы сөзінде:
– Мен тағылған айптымойындамаймын. Бұның бәрі жала. Өмірімде арақ ішіп көрмеген адаммын. Құлаққаптуралы айтқанымды құлақтарыңызға ілмедіңіздер. Негізі бәрі соның кесіріненболған еді. Істің материалдарында құлаққаптың ізі де қалмапты. Айғақтың бәрімаған қарсы бұрмаланып көрсетілді. Бұл барып тұрған сорақылық қой. Не дегенәділетсіз ел мынау?! Не деген таскерең қоғам?! Мен тіпті Қазақстанныңазаматымын деуге арланамын.– деді жылап тұрып.
Соттың отырысын бейне жазбадан толық көргенМылтықбаевтың айызы қанды.
Төсекте жатқан Манарбайдың көз алдына жетімжігіттің жаны күйіп жылап тұрған сәті елестеді. «Әлде сол ит мені қарғады маекен?» деп ойлады ішінен.
Кенет жүрек тұсы біз сұққандай шаншып алажөнелді. Тынысы тарылып, демі бітіп, көзі қаруытып бара жатты. «Ажалымныңжеткен жері осы шығар» деп зәресі ұшқан ол соңғы күшін жинап, қырылдағандауысымен:
– Көмектесіңдер! Үйде кім бар?Тез! Жедел жәрдем шақырыңдар! Өліп барам!– деп айғайлады. Сәния тағы даауруханада жатқан. Құлақтарын құлаққаппен тас бекітіп алып, өз бөлмелерінде даңғазамузыкамен әуейі болып отырған ұлы мен қызы оның жан дауысы шыққанын естігенжоқ.
Манарбайәл-дәрменсіз күйде тағдырға мойын ұсынып біраз жатты. Жедел жәрдем бір емес,бірнеше рет келетін уақыт өтті. Бұл қанша айғайласа да ешкім естімеді. Ең соңғырет:
– Көмектесіңде-е-ер! Неге естімейсіңде-е-ер? Жедел жәрдем!..– деп ышқынаайғайлады да, үзіліп кете барды. Өліп-тіріліп жиған дүниесі адыра қалды.Темірғали КӨПБАЙ