Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:08, 12 Қаңтар 2023

Құмардан да құтылдық-ау...

None
None

2022 жыл Обухов кен-байыту комбинаты үшін күрделі жыл болды. Басынан не өтпеді. Бірақ бұл жыл бір үлкен жағымды жаңалықпен аяқталды.

«Тиолайн» компаниясы келісімшартының құқығын қорғап қалды. Халықаралық арбитраждық сот «Тиолайн» ЖШС-ның талаптарын қанағаттандырды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әрекеттері заңсыз деп танылды.

СҚО-ның бұрынғы әкімі Құмар Ақсақаловтың арызымен компанияның келісімшартын тартып алмақ болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі компанияны лицензиясынан айырмақ болған. Зауыт 22 ай бойы заңды жұмыс істеуі үшін соттасты. Ақыры жеңді.

Обухов кен-байыту комбинатында биылдан бастап ана капиталы тағы өседі. Бірінші баласын туған аналарға 1,5 миллион теңге беріледі. Екіншіге – үш миллион, үшінші балаға 4,5 миллион төленеді.

2022 жыл Қазақстанда қаралы қанды қаңтармен басталды. «Тиолайн» компаниясының басшысы Виктор Долгалев өзінің YouTube-тегі каналында атап өткендей, қаралы қаңтарға елдегі жаппай заңсыздық, ұрлық пен жемқорлық себеп болды.

Кәсіпорынның басынан өткергені бұған дәлел. «Тиолайн» компаниясын үш жыл бойы Қазақстан билігімен ауыз жаласқан рейдерлер қудалады. Құмар Ақсақаловтың тұсында СҚО-да жемқорлық пен заңсыздық деген шектен шықты.

2022 жылдың қаңтарында «Тиолайн» компаниясының жүктерін полицейлер жөнсіз тоқтатып, тексерді. Тауарларын тәркіледі.

Виктор Ивановичтің сөзінше, рейдерлерге көмектесетін шенеуніктерде ұят жоқ. Олар Қазақстанды тонап, кейін шетелге қашуды ғана ойлайтындар. Ал мұнда қалатын халық бізбіз.

2022 жылы «Тиолайн» компаниясына 5 жыл толды. Кәсіпорын – цирконий концентратын өндіруден әлем бойынша үшінші орынға шықты.

30 мамырда Обухов кен-байыту комбинатында қазақ тілінен емтихан өткен. «Тиолайн» компаниясы мемлекеттік тілді дамытуға талпынады. Қазақ тілін оқып-үйреніп жүрген әрбір қызметкерінің жалақысына 25% үстеме қосып бере салатын кәсіпорын бұл.

Тамыз айында комбинаттағы орташа жалақы 1000 долларға жетті. Бірақ тамыз айының соңында Тайынша ауданының әкімдігі жасаған иттік тірліктің салдарынан «Тиолайн» компаниясының 430 жұмысшысы жұмыссыз қалды. Әкімдік әлі дауы шешілмеген жерді заңсыз сатып жіберді.

Есесіне, желтоқсан айында «Тиолайн» ЖШС-ы жақсы жаңалыққа кенелді. Обухов кен-байыту комбинаты ақырында өз келісімшартының құқығын қорғап шықты. Халықаралық арбитраждық соттың шешімі қазақстандық кен-байыту комбинатының пайдасына шықты. Ендеше, біз комбинатты осы жеңісімен құттықтаймыз!

Тегтер: