Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:11, 23 Маусым 2020

«Құнанбайдың шынайы фотосы жарты ғасыр менде сақтаулы»

 МанатайБалтақайұлы – Абай ауданы Қарауыл ауылында тұратын ардақты ақсақалдардың бірі.

Көрген-түйгені көп, айтары мол қарияның үйіндегі құнды қазына – ҚұнанбайӨскенбайұлының шынайы фотосуреті. «Мен бұл жәдігерді ешкімнен жасырып отырғанымжоқ. Тек Ақшоқыда салынып жатқан Құнанбай музейіне осы тарихи жәдігер қойылса дегенғана тілегім бар», – деді ақсақал үйіне арнайы сәлем бере барғанымызда. Қабырғадаілініп тұрған фотосуретті қолымызға алған соң, Манатай қарт оның тарихыментаныстырды.

   – Мен, негізі,Құнанбай бабамыздың немере туысы болып келемін. Таратып айтсам, Ырғызбайбабамыздан Өскенбай мен Мырзатай туады. Өскенбайдан Құнанбай, одан  Абай туғаны белгілі. Ал Мырзатайдан Жұман,Толғанбай, Толғанбайдан Балтақай, Балтақайдан мен дегендей… жалғасып, аталас,немере туыс болып келеміз. Бұрынғы қарттардан еститінбіз, Өскенбайдың жылынберерде Құнекең Мырзатай бастаған ағайынға: «Мен шаруашылықпен жүріп кейбіржайларды ескере алмай қалуым мүмкін. Мырзаға, осы шаруаны атқаруға өзіңіз иеболыңыз», – депті. Сонымен, асқа сойыс малын апару, киіз үй тігуді қамдау, асқакелгендерді орналастыру –  бәрініңбасы-қасында Мырзатай жүргенін үлкендерден естіп жүретінмін, – дейді МанатайБалтақайұлы.

     Ал әңгіменіңнегізгі өзегі Құнанбай фотосуретіне ауысқанда көпшілік біле бермейтін біразсырдың шымылдығы ашылды. Айтуынша, осы уақытқа дейін Құнанбай Өскенбайұлыныңіске татыр шынайы фотосуреті болмаған. Тіпті Құнанбайдың қай көзі соқыр болғанытуралы да анық деректі ешкім айта алмайды. Құнанбайдыкі делінген фотолардыңешқайсысы шындыққа сәйкес келмейді екен.

   – Мұхаңның «Абайжолы» романында Құнекеңнің Сүйіндікке қарап сөйлейтіні бар ғой. Кейбір фотозерттеушілерсол эпизодқа қарап бейнесін жасағандай болыпты. Әуезов сол сәттегі Құнанбайдыңкөңіл күйін берген. «Шыңғыстың өңіріндей...» деп бет әлпетін айтатыны бар ғой. Шынмәнінде Мұхтар Омарханұлы Құнанбайды кер заманға сай, образын толық ашып береалған жоқ. Анығында, ол Құнекеңнің қандай қайраткер болғанын жақсы білді. «БізҚұнанбайды білмей, Абайды білуіміз қиын» деп, өзі де айтып кеткен. Оныңастарынан «айта алмай отырмын» дегенін ұғуға болады. Құнанбайдың қайраткерлігі,ел ішіндегі ықпалы, көрегендігін ел енді біліп, мойындап жатыр. Меккеде қонақүйсалдыруы, балаларын білімді игеруге талпындыруынан талай жайды ұғуға болады.

  – Мына фотосурет сіздің қолыңызға қалайтүсті?

  – Шәкәрімніңбаласы Ахат 1960 жылдары осында, Абай жеріне көшіп келді. Абай музейініңЖидебай филиалында жұмыс істеді. Ұлы ақынға қатысты көптеген дүниелерді,жәдігерлерді жинақтап, біршама жұмыс істеді. Әкесі Шәкәрім Құдайбердіұлынақатысты дүниелерге де кеңінен ден қойды. Шәкәрімнің ақталуы үшін барын аяғанжоқ. Сонымен бірге өзі де Құнанбай туралы естелік кітап жазды. Соған қажеттіматериал іздеп, Омбыға дейін барғанын білемін. Сол сапарында Омбы архивіндесақталған Құнанбайдың жеке бас ісінен (личное дело) осы суретін тапқан екен.

  – Бұл қай жылдар шамасы?

  – Жаңылмасам,Омбыға 70-жылдардың ортасына қарай барды. Содан осы фотосуретті алып, үш-төртдана етіп көбейтіп, рамкаға салып алып келді. Туыстарға әкеп таратты. Біреуінмаған берді. Біреуін Шағатай туысымызға берді. Тағы кімдерге бергенінбілмеймін. Кейіннен сұрастырып едім, Семейде тұратын жазушы, өнертанушыАрғынбек Ахметжановқа беріпті. Оларда қалған-қалмағанында шаруам жоқ. Бірақ бұлфотосурет, міне, 50 жылға жақын уақыт менде сақтаулы. Бұл – сөзсіз, Құнанбайдыңанық фотосы. Ахат Шәкәрімұлы тауып, өз қолымен әкеліп берді.

  – Бұл суретте Құнанбай бабамыздың екі көзі деанық байқалады ғой. Демек...

  – Көзі соқырболған деген жаңсақ әңгіме. Жоғарыда айтып өткенімдей, Ахат Құнекең туралыестелігінде оны кәдімгідей суреттейді. Ол кезде Омбыға әлі бармай тұрған шағы.«Көзінің қарашығында тарының үлкендігіндей ғана ағы бар. Шешектен қалған шұбарыбар. Бірақ оның бәрі білінбей кетеді» деп баяндайды. Ол кісі өмірі атын атамай,Құнекеңді «тәтем» деп отыратын. Үлкендер жағы «қажы» деп айтатын. «Мырзам»дегендер де болған.

    МанатайБалтақайұлының сөзінен ұққанымыз – бұл фото Құнанбай Өскенбайұлының анықсуреті. Ахат Шәкәрімұлының жаңылысып беруі мүмкін емес. Ал кейбір басылымдардаарагідік шығып қалатын Құнанбайдың Нұрғаныммен отырған суреті тарихи шындыққа қайшыкеледі. Оның Құнанбай Өскенбайұлы емесін Ахат Шәкәрімұлы да айтып кетіпті.

     Сонымен,осынау құнды жәдігер Манатай ақсақалдың үйінде сақтаулы тұр. Президент Қасым-ЖомартТоқаев Семейге келген сапарында: «ҰлыАбайды ұлықтағанда оның әкесі Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымызқажет», – деген болатын.  Осыорайда, көпшілік әлі күнге дейін біле бермейтін осынау жаңалықты жұртқа тезірекжеткізгенді жөн көрдік.   

СәтжанҚАСЫМЖАНҰЛЫ

ШығысҚазақстан облысы

Тегтер: