Құрбан айтта мал сатуға тыйым салынды

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамызкүндеріне сәйкес келеді.
Осы орайда, Шымкент қаласының Бас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қала аумағында мал союдыұйымдастыруға, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйымсалынады. Сондай-ақ,мал сою цехтарының және мал сату базарларының жұмысы тоқтатылады.
Азаматтардың құлшылық амалға деген ниетін орындау мақсатында онлайн құрбан шалутәжірибесі іске асады.
Олүшін азаматтар Qurban2020.kz сайтында құрбандық шалуға онлайн тапсырыс береалады. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен қалатұрғындары құрбандық малын таңдап, төлем жасауға мүмкіндігі бар.Осы бағытта құрбандық шалу рәсімінің бекітілмеген орындарда жүзеге асырылмауынарнайы жергілікті тәртіп сақшылары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметмамандары қадағалайтындығын ескертеміз.