Құрбандыққа шалынған мал мұқтаж отбасыларға таратылды

Биыл еліміздегіэпидемиологиялық ахуалға байланысты қасиетті Құрбан айт мерекесінде құрбандықшалу онлайн түрде жүргізілді.
Шымкентте ниет еткен азаматтар «Qurban2020.kz» сайтыарқылы онлайн тапсырыс беріп, амалдарын орындады.
Ақпараттық-коммуникациялықорталығында өткен брифингте Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Шымкентқаласы бойынша бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов пен наиб имамы Дастан Желеуовтіңайтуынша, онлайн тапсырыс бергендер тарапынан 39 ірі қара мал, 396 ұсақ мал, алтұрғындар тарапынан 18 ірі қара мал, 292 ұсақ мал құрбандыққа шалынды. Бұл құрбандыққашалынған малдың еттері 5650 отбасыға таратылды. Ол отбасылар – көп балалы,мүмкіндігі шектеулі және уақытша табысынан айырылған отбасылар. Осы ретте айтакетейін, қасиетті мерекеде құрбандыққа шалынған малдың еттері мұқтажотбасыларға дер кезінде таратылуы мен ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатындаарнайы топ құрылуына қала әкімі Мұрат Әйтеновтың көмегі көп болды.
Бас имамныңсөзіне сүйенсек, қалада биыл құрбандық шалу шарасы онлайн түрінде алғашөткенімен, нәтижесі былтырғы жылдан жоғары. Дегенмен кей қателіктер кеткенін жоққашығармады. Яғни өтініш беру барысында көрші өңірлерден де өтініштер түсіп, ол3800-ге жуықтаса, ал қайталанған өтініштер 1 мыңнан асыпты. Бұл ретте қаламыздамешітке тіркелу арқылы өтініш берген 2000 мыңнан астам мұқтаж отбасыға ет таратылғанынайта кеткен жөн.