Құрығы ұзын қытайвирус бейбіт жатқан ауылға жетті
«Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 мың адамнан асып, індет таралу жағынан шарықтау шегіне жетті» –Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деп мәлімдеді.
Шын мәніндесолай ма? «Індеттің шарықтау шегі» дегеніміз қандай шама? Мұндай көрсеткішқандай критерий бойынша анықталады және одан кейін не болады? Қатерлі пәлетоқтай ма, жалғаса бере ме? Алматыдағы бірнеше ауруханада медицина қызметкерлерініңжаппай коронавирус жұқтыруына кім жауапты?
Бүгінгі мақалада осы мәселелерге жауап іздеп көруді жөндеп таптық. Өйткені, қытайвирустың таралу ауқымы күн сайын өршіп, бас ілдірмесасаудай тулап, кеңейіп барады. Шетел қыдырған шенеуніктердің кесірінен індет бүгінде алыста жатқан моп-момақан қазақауылдарына ауыз сала бастады.
Ең қауіптісі де осы еді. Ірі мегаполистерде, әйтеуір,медициналық жағдай гүлденіп, көркейіпкетпесе де едәуір дамыған. Індет жұқтырғандарды ПТР тест арқылы дер кезіндеанықтап, оқшаулауға мүмкіндік бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныңкоронавирус кеселін емдеуге арналған ұсыныстары дер кезінде жетеді. Дәрі-дәрмекте табылады. Ал жедел жәрдем көлігіне, қалтасында қалақтай дипломы бар дәрігермен фельдшерге жарымай отырған ауыл халқы не істейді? Оңтайландыру саясатысалдарынан фельдшердік-акушерлік бекеттері жабылған елді-мекендер ше? Қатерлііндет күтпеген жерден сарт ете қалса, не істейді? Одан әрі таралып кетпеуі үшінқандай сақтық шаралары әзір тұр?
Сұрақ көп, жауап жоқ.
«Алыс ауыл» демекші, күні кеше, Түркістан облысының Созақауданынан суыт хабар жетті: «Созақ ауданына қарасты Созақ ауылында екітұрғыннан (анасы мен баласы) COVID-19 вирусы анықталды». Ресми ақпараттанұққанымыз Алматыда медколледждің 3 курсында оқып жүрген студент №12 орталыққалалық ауруханада санитар болып жұмыс істепті. Қатерлі індетті сол жердежұқтырса керек. Кейін, ауылына келгесін, анасына жұқтырған. Ал бейресми ақпараткөздері №12 ауруханада санитар болып жұмыс істеген студенттің коронавирусжұқтырған медқызметкерлерді көріп, содан кейін, ауылына «қашып кеткенін»айтады. «Қашқынның» жол жүру маршрутына үңілсек, қауіп пен күдік, тіпті, молаятүседі. Айтуларынша, студент алдымен, Түркістан қаласына жолшыбай кетіп баражатқан көліктермен жетіп алады. Одан соң, Шолаққорған бағытына кетіп баражатқан таксиге мініп, аудан орталығының шетінен түсіп қалады. Одан әрі тағы дажолшыбай көлікке мініп, ауылына жетеді. Қазір әлгі жігіт мінген таксилер мен көлікиелері түгелдей оқшауланыпты. Бұл әрекет болашақ медицина қызметкерінің жауапсыздығынбілдірсе керек.
Қатерлі індеттің ішек-қарыны араласып жатқан ауылдардакеңірек таралып кетпеуіне жол бермеу керек. Барлық күш-жігерді салып, еңболмаса, осы көрсеткіштен ары өсірмеуге тырысқаны абзал. Егер, дәрігерлер менжауапты шенділер мұндай жағдайға жол берер болса, ең қатаң жазаға тартылуытиіс. Өйткені, қазақтың ауылы – қазақтың берекесі, қазақтың руханияты. Ауылдықұртсақ – қазақтың күні де алыс емес.
Студентті – студент делік. Ал талай жылғы тәжірибесі бар,қауіп-қатермен бетпе-бет жүріп, аяқ астынан коронавирус жұқтырған Алматының 200-денастам медқызметкеріне не жорық? Бұл жерде де жауапсыздыққа жол берілді ме,әлде, денсаулық сақтау министрлігінің қателігі ме?
Алматы қаласының бұрынғы бас санитары АйзатМолдағасымованың эпидемия кезіндегі қылығы анау. Дәрігерлерді айыптап, орынсызайтыс-тартысты қыздырды. Соңында екі жақ бір-бірін сотқа беріп тынды. Осыншамаайқай-шу туып жатқанда, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ештеңебілмегендей, ештеңе көрмегендей үнсіз жатты. Бұл жерде «министр түк істегенжоқ», деуден аулақпыз. Бірақ тартыс ушыққан жерде екі жақты шұғыл келісімгекелтіріп, індетпен күреске жұмылдыруы керек еді. Министрлік жұмыс істемедіемес. Істеді. Вице-министр Камалжан Надыров 21 сәуірде Алматы қаласы қоғамдықденсаулық сақтау басқармасына басшы болып ауысуы тиіс еді. Бірақ Надыровтыңкоронавирус жұқтырғаны анықталды. Сөйтіп, бұрынғы вице-министр емделугеауруханаға жатты.
Коронавирустың бұдан әрі таралуына қатысты әртүрлі болжамбар. Елжан Біртанов «біз қазір індеттің шарықтау шегіне жеттік. Шамамен, бұлкеселмен ауырғандар саны мамыр айында 3-3,5 мың адамға жетуі тиіс», депесептейді. Яғни, Алматы мен Астана қаласында індет таралу көрсеткіші өткенапталарда 15 пайызға жетіп, енді 5 пайызға дейін төмендей бастапты. Алдағымамыр айы да коронавирустың таралуына ыңғайлы маусым. Сондықтан, министркарантин уақыты алдағы айда да ұзаруы мүмкін деген пікірде.
«Карантиннің уақыты індеттің жағдайына байланысты. Егер,Алматы мен Астана қалаларында жағдай тұрақтанса, екі қалада карантин талаптарыбосаңсуы мүмкін. Бірақ сонымен вирус жоғалып кетеді дей алмаймыз. Бұл толқынсекілді жаз айларында да бір көтеріліп басылуы мүмкін. Сондықтан, карантиналынған күннің өзінде адамдар бір-бірімен тығыз араласуды тоқтата тұруы керек.Біз барынша, осы вируспен бірге өмір сүруді үйренуіміз керек», – деді ЕлжанБіртанов.
Еуропа мен АҚШ-та карантиннің босаңсуын Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымы да қатаң сынға алды. «Уақытынан бұрын карантиндібосаңсыту пандемияны өршітіп, алдағы уақытта, тіпті, сұмдық жағдайға жеткізуімүмкін» – деп дабыл қақты ДСҰ басшысы Гебреисус. Оның айтуынша, адамдардатрагедияны болғызбауға әлі де мүмкіндік бар екен. Сөйтіп, ол миллиондағанадамның өмірін жалмаған «испан тұмауын» еске салып өтті. «Қазір адамзаттыңқолында түрлі технология бар. Соның көмегімен індетті жеңуге болады», – дедіол.
ДСҰ басшысы Гебреисустың мәлімдемесі әсер етсе керек, ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та алдағы аптада коронавирусмәселесі бойынша халық алдына шығып, мәлімдеме жасауға әзірленуде. Бұл туралыПрезидент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли хабарлады.
«Жақын уақытта төтенше жағдай мен карантинге қатыстыпринципті шаралар қабылдау туралы шешім шығады», – деді ол. Соған қарағанда,Алматы мен Астана қалаларында төтенше жағдай мен карантин уақыты тағы дасозылуы мүмкін.
Созылмай қайтеді? Алматы қаласындағы супермаркеттер менбазарларда, көшелерде себепсіз ағылып жүрген адамда есеп жоқ. Вирусқа да керегісол, тірі жанның қозғалысы ғой! Мұндай жауапсыз жандарды жазалау шараларынбұдан ары күшейте түспесе болмайтын секілді.
Қалай болғанда да індетті тоқтату үшін әр адам өзініңжеке басына, өз отбасына жауап беруі тиіс. Мүмкін болса, далаға шықпағаныабзал. «Бұл саясат». «Мен ауырмаймын», деген сауатсыз бейқамдықтан арылатынуақыт әлдеқашан жетті. Елдің саулығы үшін әр азамат жауапкершілікті сезінуі тиіс!Сөз соңында, дәрігерлеріміздің қауіпті індеттен 505 адамды жазып алғанын айтып,бір серпілейікші. Ал жазылатындар бұдан да көп!
Редакциядан: Айта кетейік, аталмыш індетке қатысты мақалалардың толық нұсқасын оқып отыру үшін арнайы айдар аштық. Мақалаларды мына жерден оқи аласыздар...
Тоқтар Жақаш