Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:00, 18 Шілде 2023

Қылмыстың өтеуі – жаза

None
None

Осы уақытқа дейін жасөспірімдердің жасаған бұзақылық әрекеттері«балалық» деп саналып, кешіріліп келген болатын.

Дегенмен де қазіргіжасөспірімдердің бұзақылығы балалық емес, нағыз қылмысқа, тіпті бір-бірін пышақтауға дейін жетіп отыр. Сол себептен, Сот жүйесі ендіешкімді «бала, баланың тірлігі шала» деп басынан сипамайды. Яғнибиыл ҚР Ішкі министрлігі Қылмыстық кодекстің 313-бабы бойыншажасөспірімдер енді 16 жастан емес, 14 жастан бастап, қылмыстықжауаптылыққа тартылатын болды.

Ішкі істер әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегіаға инспекторы Айбек Өксімбаев жасөспірімдерді ерте жастан қылмыстықжауапкершілікке тартпаса, олардың арасында жан-жануарларға қиянатжасау, мектептердегі жаппай төбелес пен зорлық-зомбылықтың белең алыпбара жатқандығын айтады. Сондықтан да баланы 14 жастан бастапқылмыстық жазаға тартса, осы бастан өзінің оғаш қылығының қаупі мен керіәсерін біле отырып, оң солын ажырата алатын болады дейді.

Мәселен, биылғы жылдың өзінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс былтырғы жылмен салыстырғанда 50 пайызға артқан. Оның ішінде ең көпорын алған қылмысқа зорлық-зомбылық, әлімжеттік көрсету, өзіне-өзі қолсалу, ұрлық-қарлық, жан-жануарларға қиянат жасау секілді статистикаларжаға ұстатарлық. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың ең көбі Алматы облысында тіркелген. Одан кейінгі орынды Жамбыл мен Түркістан облысы алады.

Қазақстанда қылмыстық жауаптылыққа тартылатынтұлғалардың құқықтық жағдайы

Күн санап, құқықбұзушылықтың көбеюіне қатысты әрі оның алдын алубарысында Қазақстандағы сот жүйесінде біраз өзгерістер болғаны белгілі.Енді жаңартылған сот жүйесі мен бұзақылық жасаған 14 жасқа толған жасөспірімдерге қандай жаза берілетіндігі жөнінде «Tarbagatai» заңкеңесшілер палатасының мүшесі, заң консультанты Бағдат Амандосұлы кеңірек түсіндіріп берді.

Бағдат Амандосұлы, заңгер:

– Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында құқықбұзушылықтарменкүресу үшін жауапкершілікті күшейтумен байланыстыру қажет. Яғни, ҚРҚылмыстық кодексінің 15-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық

құқықбұзушылық жасаған уақытта 16 жасқа толған есi дұрыс жеке тұлғақылмыстық жауаптылыққа тартылады. Алайда жоғарыда аталған баптың 2-бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған уақытта 14 жасқа толған адамдардың адамөлтiргенi ( 99-бап ), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi ( 106-бап ), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташазиян келтiргенi ( 107-баптың  екiншi бөлiгі), зорлағаны ( 120-бап ), әлеуметтiк,ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни алауыздықты қоздырғаны ( 174-бап ), ұрлық( 188-баптың  екінші, үшінші және төртінші бөліктері), мал ұрлау (188-1-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), тонау ( 191-баптың  екінші,үшінші және төртінші бөліктері), қарақшылық ( 192-бап ), қорқытыпалушылық ( 194-баптың  екінші, үшінші және төртінші бөліктері), есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқырғаны не қорқытып алғаны( 298-бап ), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлген адамдардың мәйiттерiнжәне олар жерленген жерлердi қорлағаны ( 314-баптың  екiншi бөлiгi) жәнекөлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені ( 350-бап ) үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Бұл тізбекте келтірілген қылмыстардың тізімін кең мағынада талқылауғаболмайды. Яғни осы көрсетілген қылмыстардың қоғамға қауіптілігін 14жасқа толған кез келген адам сезеді, біледі және өзінің әрекетіне есеп береалады. Сондықтан заң шығарушы жоғарыда көрсетілген тізімдегіқылмыстар үшін жауаптылықты 14 жасқа толған уақыттан бастап белгілепотыр. Қылмыстық кодекс қылмыс жасаған үшін жауапқа 16 жастан, алкейбір заңда арнаулы көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастантартылатынын белгілегенмен, кейбір әрекеттің мәні бойыншаерекшеліктерге қарай жасы кәмелетке толған адамдар ғана тартылады.Мысалы, әскери қылмыстар бойынша жауаптылыққа 18 жасқа толған тұлғағана тартылады.

Адамның белгілі бір жасқа (14, 16, 18, 25) толуы дәл туған күнімен емес, одан кейінгі тәуліктен бастап есептеледі. Сонымен қатар аталған баптың 3-бөлігіне сәйкес, егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi немесеекiншi бөлiктерiнде көзделген жасқа толған болса, бiрақ психикасыныңбұзылуына байланысты емес, психикалық дамуы жағынан артта қалуысалдарынан қылмыстық құқықбұзушылық жасаған уақытта өзiнiңәрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiнтолық көлемде ұғына алмаса не оларға ие бола алмаса, ол қылмыстықжауаптылыққа жатпайды. Кәмелетке толмағандардың қылмыстықжауаптылығы мен оларға жаза тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстықкодекстің 6-бөлімінде нақты қарастырылған. Қысқаша айтқанда, ҚРаумағында қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін Қазақстаназаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ҚРҚылмыстық кодексіндегі тиісті нормаларына сәйкес жауаптылыққатартылатынын естен шығармау керек!

Иә, заң бәріне де ортақ. Сол себептен де қылмыстық заңжасөспірімдердің келешекте қатыгездік әрекеттерге бармауы үшін жәнеолардың дұрыс жолға түсуіне септігін тигізері анық.

Тегтер: