Қымбатқа түскен жеңіс: нені айтпай келдік?

Соңғы жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты архив құжаттарыныңізденушілер үшін ашыла бастауы осы тарихи кезең туралы бұрынғы көзқарастарымызғакейбір түзетулер енгізіп, соғыс тарихын жаңа деректермен толықтыра, байытатүсті.
ФашистікГерманияның Кеңестер Одағына қарсы жаулық ұстанымы 1935 жылғы қыркүйекте Нюрнбергтеөткен фашистік партияның съезінде Гитлердің, Геббелстің және т.б. партия басшыларының жұлқына сөйлеген, соғысқұмар да өткір сөздеріненбелгілі болды. Бұлардың тұмсықтары«тасқа тисе» де, алған беттерінен қайтпайтындары көрініп тұрды. Осыдан соң-ақ, КСРОашықтан-ашық жанталаса соғысқа дайындалуы керек еді. Белгілі дипломат М.М.Литвинов1935 жылы И.Сталинге осыған байланысты былай деп жазды: «Антисоветская кампаниягитлеровцев не только не ослабевает, но и принимает совершенно гомерическиеразмеры. Не говаря о бешеных антисоветских выступлениях самого Гитлера в егодипломатических беседах,… почти все органы печати Германии без исключения изодня в день ведут систематическую антисоветскую компанию… Несмотря на это,советская печать в отношении Германии заняла какую-толстовскую позицию –непротивления злу. Такая наша позиция еще больше поощряет и раздуваетантисоветскую кампанию в Германии, Я считаю эту позицию неправильной и предлагаюдать нашей прессе директиву об открытии систематической контркампании противгерманского фашизма и фашистов». Алайда Германиямен соғыс қаупініңкүшейіп кетуінен сақтанған сауысқандай сақ Сталин бұрынғы ұстанымында қалды.Бірақ төніп келе жатқан қауіпті айқын байқаған Қызыл армия басшылары қолқусырып қарап отыра алмады. Әсіресе жағдайдың қауіпті сипат алғанын таланттықолбасы маршал М.Н.Тухачевский алғашқылардың бірі болып аңғарды. Оның 1935 жылы31 наурызда «Правда» газетінде «Военные планы нынешней Германии» деген атпенкөлемді мақаласы жарық көрді.
ОндаГерманияның барлық әскери күштерінің саны (адам, авиация, әскери-соғыс флоты,тіптен атты әскерге дейін) түгел көрсетіліп, оның КСРО-ға қарсы жанталасасоғысқа дайындалып жатқаны нақты айтылды. Мақаланың алғашқы аты «Военные планыГитлера» деп аталатын еді. Алайда редакцияға барар жолда, Сталин оны өзі әдетіншекөк қаламсаппен шимайлай редакциялап, Гитлер есімін Германиямен ауыстырды. Сталинніңбұл түзетулері архив қойнауындағы түпнұсқа құжатта сақталған.
Ал енді Германияға келер болсақ, ол бұл мақалада айтылғанөздерінің КСРО-ға соғысқа дайындалып жатқаны туралы мәселені барынша теріскешығаруға тырысты. Мысалы, КСРО-дағы Германияның әскери атташесі Гартман КСРОқорғаныс халкомының сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы Геккермен әңгімеде Германияның КСРО-ға қауіптөндіретінін теріске шығарып, «егер Германия біреулерге қауіп төндірер болса,өзінің басын кесіп беруге дейін келісетінін» айтып ант-су ішті. Мұндай әңгімелергеқарамастан, сол тұста қорғаныс халкомы Ворошиловтың орынбасары болып қызметатқаратын М.Тухачевский Гитлердің КСРО-ға қарсы соғысқа дайындалып жатқанынаСталиннің көзін жеткізуге барынша күш салды. Аталған мақаласында ол былай деп жазды: «Гитлертребует ослабления западных границ СССР. Гитлер требует также, чтобы Францияотказалась от сотрудничества с СССР. Эту ярко выраженную антисоветскую установку Гитлера признает даже буржуазнаяпечать». Алайда,өкінішке қарай, Сталин осы айтылғандарғасеніммен қарап, осыған сәйкес Қызыл армияны одан ары нығайтуды қолға алудыңорнына оның ішінде жаппай қуғын-сүргін ұйымдастыруды мықтап қолға алды. Немістерде қарап жатпай, өздерінің барлаушылары арқылы Тухачевскийді қасақана «германшпионына» айналдыруға кірісті. Мұндайда бәріне күдікпен қарайтын Сталинді Тухачевскиймен оның әскери кадрларына қарсы арандату онша қиынға түсе қоймады.
Нәтижесінде армияда сталиндік қуғын-сүргіншұғыл түрде белең алып, 1935 жылы армия қатарынан 6198 адам қуылса, 1936 жылымұндайлар 5677 адамды құрады. Келесі 1937 жылы қастандық жасаушыларменбайланыстары бар деген айыппен 15 578 адам, ал 1938 жылы 8612 адам тұтқындалды.Осылайша Қызыл армия 1936-37 жылдары командалық-басшы құрамдағы 19 674 адамнан,ал 1938-39 жылдары 11 723 адамнан айырылды. Бұлардың ішінде қазіргізаманғы соғыс ісінен терең хабардар, аса сауатты, білімді әскерилер азап шекті.
Мұндай қуғын-сүргінді ұйымдастыруда Сталин мен Ворошиловерекше белсенділік танытты. 1937 жылы 2 маусымда Сталин әскери кеңесте сөзсөйлеп, елде «герман фашистері ынталандырған және қаржыландырған Кеңесөкіметіне қарсы әскери-саяси қастандық» орын алғанын, оған әскерилерденМ.Н.Тухачевский, И.Э.Якир, И.П.Уборевич, А.И.Корк, Р.П.Эйдеман және Я.Б.Гамарник басшылық жасағанын мәлімдеді. Бұларазамат соғысының от-жалындарында өздерінің әскери-ұйымдастырушылық талантынайқын танытқан қолбасылар еді. Сталин барлық әскерилер қатысқан жоғарғы әскерикеңесте сөзбе-сөз былай деді: «Он (Тухачевский – Т.О.) оперативный план наш –наше святое святых передал немецскому рейхсверу. Имел свидание спредставителями немецского рейхсвера. Шпион? Шпион… Якир — систематическийинформировал немецский штаб… Уборевич – не только с друзями, с товарищами, ноон отдельно сам лично информировал, Карахан – немецский шпион, Коркин формировалнемецский штаб, начиная с того времени, когда он был у них военным атташе вГермании». Осылайша аяқастынан көп жылдар бойы Қызыл армияны өркендетугежатпай-тұрмай атсалысқандар осы армияның жауларына айналдырылды. Осы әскери кеңеске қатысқанжоғары дәрежелі командалық құрамнан 42 адам сөз сөйлеп, бас баяндамашыВорошиловты және Сталинді қолдады. Алайда кеңестен соң көп кешікпей-ақ, олардың34-і тұтқынға алынды. Сталинге бұл да аз болып көрінді. Ол чекистерден армияның5 пайызын шпиондар ретінде «әшкерелеп», қуғындауды талап етті. Жабылған жалағабүкіл халық сенуі үшін ворошиловшылар жоғарыда аталған командармдарды соталдында азғыра үгіттеп, алдап, олардың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы Сталиннің және Ежовтың атына «күнәларын»мойындап, кешірім сұрап арыз жазу екенін айтып, осыған көндірді. Алайда олардың мұндай мазмұндағыарыздары жоғары басшылықты одан ары долдандырды. Мысалы, Якирдің арызынамынадай бұрыштамалар ұрылған: «Мой архив. Ст. (Сталин – Т.О.)», «Подлец ипроститутка. Ст.». «Совершенно точное определение. К.Ворошилов и Молотов». «Мерзавцу,сволочи и б… одна кара – смертная казнь. Л.Каганович». М.Н.Тухачевскийге сотболған соң, 10 күннен кейін осы әскери қастандықтың қатысушылары ретінде 980командир мен саяси қызметкерлер, соның ішінде 29 комбриг, 37 комдив, 21 комкор,16 полк комиссары, 17 бригадалық және 7дивизиондық комиссар тұтқынға алынды.Осылайша армияны Германияға соғысқа дайындаудың орнына Сталин оған қарсы өзісоғыс ашты. 1937жылы тамызда қорғаныс халкомы Ворошиловтыңжеке өзі ешбір тексерусіз 142 әскери қызметкерді тұтқындауға бұйрық берді. Осыжылы қараша айында НКВД жоғарыға 292 әскериқызметкерді атуға рұқсат сұраған жеделхат жіберді. Ал 1938 жылы 26 шілдеде Ежов138 әскери қызметкерге жоғары жаза қолдану туралы Сталинге ұсыныс түсірді. Архивте сақталған ол қағаздыңжоғарғы бұрышында: «За расстрел всех 138 человек. И.Ст. В.Молотов» деген қарарбар. Көп кешікпей-ақ, осы жоғарғыәскери құрамды жазықсыз соттаған жоғарғы сот мүшелері, кеңестік қарулы күштердіңірі қайраткерлері В.К.Блюхер, И.П.Белов, Н.Д.Каширин, П.Е.Дыбенко, Я.И.Алкснис өздері де «жалалы» болып, жазықсызатылды. Ол кезде бұған өкінген ешкім болмады. Керісінше, қорғаныс халкомының басқарма бастығы Е.А.Щаденкомұндай жағдайды өзінің 1940 жылы 5 мамырда жоғарыға жазған құпия есебінде: «В результатепроделанной большой работы армия в значительной мере очистилась от шпионов,диверсантов, не внушающих политического доверия иностранцев, от пяниц,расхитителей народного достояния» деп мақтанды. Осылайша Қызыл армия қауіптісоғыс қарсаңында «басы шабылған балықтай» болып, басқарусыз қалды. Айта кеткенжөн, көрнекті қолбасыларға және әскери мамандарға тағылған осы кінәлардыңжалған және негізсіз болғанын уақыт өтекеле, 1957 жылы 31 қаңтарда өткен КСРО жоғарғы сотының коллегиясы толықайқындап берді. Нәтижесінде М.Тухачевский бастаған 408 әскери көп жыл өткен соңтолық ақталды. Ал енді өткенге ораларболсақ, Қызыл армиядағы осы қуғын-сүргіннің азапты салдарлары ең алдымен 1939-40 жылдары болған, бас-аяғы 105 күнгесозылған совет-фин соғысында айқын байқалды. Бұл соғыста кадрлық тұрғыдан әбденәлсіреген тәжірибесіз командалық құрам сенімсіз де салғырт қимылдады. Бұрын,1937-38 жылдары қуғындалғандардың орнына келген жас офицерлер соғыста әскердібасқару дағдыларын жеткілікті меңгермегендер еді. Көптеген офицерлердің барлау,бүркемелеу, соғысты инженерлік және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасызету мәселелерін дұрыс сәйкестендіре шешуді ұйымдастыра алмайтыны бірден байқалды.Мұның бәрі жақсы үйретілген фин әскерлеріне қарсы соғыста Қызыл армияны үлкеншығынға ұшыратты. Нәтижесінде егер фин әскерлері бұл соғыста 23 мың адамынанайырылса, ал қызыл әскерлер 67 мың адамынан айырылды. Әрине, мұнда И.Сталиннің жеке қателіктері де қосымша рөлатқарғаны рас. Мысалы, ол соғыс қарсаңында армияның Б.М.Шапошников басқарған бас штабының 1939жылы жазда жан-жақты дайындаған, аз шығынмен соғыста жеңу жоспарын қабылдамай,Ленинград әскери округінің басшылығы, К.А.Мерецков ұсынған нақты жағдайдыескермейтін үстірт те асығыс және шала жоспардыбасшылыққа алды. Нақты жағдайдан туындаған алғашқы жоспар бұл соғыстаФинляндияны Германия ғана емес, Англия, Франция және Скандинавия елдері қолдауымүмкін екенін және сондықтан да бұл соғыстың бірнеше айға созылып кететінінескерген, яғни соғысқа алдын ала асықпай дайындалуды ұсынған тиянақты жоспареді. Ең бастысы, мұнда адам шығынын азайту көзделді. Алайда соғысқа асыққанСталинге мұндай ұсыныстар ұнамады. Өз кезегінде фин басшылығының да соғысқұмарсаясат ұстанғанын, яғни бұл соғыстың басталуына екі жақтың да кінәлі екенінайтуға тура келеді. Ю.К.Паасикивидің мойындауынша, батыс елдерінің қолдауынасенген фин басшылығы КСРО-мен келісімге келмей, жанжалдасуға құмар болып, авантюристікжолға түсті.
Бұл соғыста Қызыл армияның Отанқорғауға әлі дайын еместігі, оның құрылымдық тұрғыдан жеке құрамды дайындау,техникалық жарақтану және іс-қимыл тактикасы мәселелерінде жағымсыз жақтарыашылды. Әскердің қуаттылығы, мықтылығы және «сталиндік-ворошиловтық әскери өнердің» жеңімпаздығы туралы қалыптасқан үстірттүсініктің іргесі шайқалды. Осыған байланысты фашистік Германия Қызыл армияныңішкі әлсіздігін аңғарып, оны қысқа мерзімде талқандау мүмкіндігі туралы қорытындыға келіп, соғысты бастауға асықты.Сталин осы соғыстағы өзінің бас штабтытыңдамайтын өркөкіректігінен туындаған дөрекі қателіктерін басқаларға жауыпқұтылды. Соғыс біткен бетте қорғаныснаркомы К.Ворошилов пен бас штаб бастығы, патша заманынан тәжірибелі штаб офицері Б.Шапошников орындарынан алынды.К.Ворошиловтың армияны қырғынға ұшыратқан осы соғыстағы күнәсі, шынында да,ауыр еді. Ол осының алдында ғана М.Тухачевский бастаған таланттықолбасыларды өзін, «ворошиловтық әскеримектептің» даналығына күмән келтіріп, сынға алғандары үшін қуғын-сүргінгеитермелеген еді. Соғыс өнерінен еш хабары жоқ, өмірі саяси жұмысқа байланғансауатсыз, ескі большевик, оны осындай жауапты әскери қызметке қоюдың өзі Сталиннің адам танымас дөрекі қателігі еді. К.Ворошиловты қолдап,оның армияның дайындығы жоғары кадрларын жойып жіберуіне зор қолдау көрсеткен,әскери білімі атқа мініп, қылышпен шабу өнерінен арыға бармайтын атақтыС.Буденныйдың да асыра сілтеулері аз болмады. Осылайша Сталин өзінің әскер басыларынқуғындап жатқанда фашистік Германияның елге күтпеген жерден шабуыл жасайтыныбарлаушылар мәліметтерінен бір жыл бұрын белгілі болды. Мысалы, 1940 жылы 6маусымда Болгариядан полковник Дергачев немістердің итальяндарды араға салып, Франциямен сепаративтіккелісім жасауға күш салып жатқандарын айта келіп, келісім жасалған беттеГерманияның қысқа мерзімде, бір не екі айда Италиямен және Жапониямен бірге тұтқиылдан шабуыл жасайтынын анықтапайтты. 1940 жылдың 7 желтоқсанында Германиядағы елші В.Деканозов Молотовқа (олоны Сталинге жіберді) соғыстың қашан басталатынын айтып, құпия жеделхатжолдады. Онда мынадай жолдар бар: «Гитлер намеревается будущей весной напастьна СССР. Многочисленными мощными окружениями Красная Армия должна бытьуничтожена… К весне 1941 года германская армия будет насчитывать 10-12 миллионов человек.Кроме того трудовые резервы, СС, СА и полиция еще 2 миллиона, которые будутвтянуты в военное действие… Гитлер будет стараться как и во Франции, напастьна СССР с силами в три раза превосходящими Ваши. Германия 14 миллионов, Италия,Испания, Венгрия, Румыния – 4 миллиона, итого 18 миллионов. А сколько же должентогда иметь СССР? 20 миллионов покрайней мере. К состоянию высшей боевой готовности отноститься наличие большойармии». Барлаушылар арқылы алынған осы сенімді мәліметте тіптен Германиябасшылығының Қызыл армияны қоршап алудың екі жоспарын жасап жатқаны, ол бойыншашабуылдың екі бағытта: 1. Люблиннен Припять (Польша) арқылы Киевке қарай; 2. Шығыс Пруссиядан, Мамель,Виллиг, Березина арқылы Киевке қарай болатыны да көрсетілді. Мұндайда Қызыл армияныңнегізгі бөлімдері қоршауда қалатын еді. Бұған не айтуға болады? Бәрі тайғатаңба басқандай жарты жыл бұрын анық айтылды емес пе?
Алайда өзінен басқа ешкімгесенбейтін Сталиннің тарапынан Гитлер тәрізді соғысқа жанталаса дайындалу орынала қойған жоқ. Ал мұндай жайбасарлықтың салдары аса ауыр болды. Басшылартарапынан кеткен мұндай қателік соғыс күтпеген жерден басталғанда, әсіресе, шекарабойындағы әскерлерді қиын жағдайда қалдырды. Мысалы, Белорус ерекше әскериокругінде 1939 жылы тамыз айында құрылған негізгі, 4-армия Батыс майданныңБрест бағытында жауға тойтарыс беругедайын болмай, тоз-тоз болып қаша, ыдырай шегінді. Армия командашысы А.А.Коробков1941 жылы 9 шілдеде тұтқындалып, әскери трибуналдың шешімімен атылды. Алайдабұл асығыс, әділетсіз шешім еді. Армияның мұндай жағдайға ұшырауына ең алдыменоны дер кезінде соғысқа дайындамаған сталиндік басшылықтың өзі кінәлі еді.Сондықтан да А.А.Коробков өлгеннен көп кейін,1957 жылы ақталды. Брестоблыстық партия комитетінің 1941 жылы 25 маусымда Сталиннің және Пономаренконыңатына жазған мәлімдемесінде осыған байланысты мынадай жолдар бар: «Вторжениенемецских войск на нашу территорию произошло так легко потому, что ни одначасть, и соединение не были готовы принять боя, потому вынуждены были или, в беспорядке отступать или погибнуть. Втаком положении оказались 6 и 42 стр. двизии в Бресте и 49 с.д. – в Высоковскомрайоне. В Брестской крепости на самой границе держали две стр. двизии, которымдаже в мирных условиях требовалось многовремени для того, чтобы выйти из этой крепости и развернуться для военныхоперации. Кроме того, несмотря на сигнал военной опасности, командный состав жилв городе, на квартирах. Естественно, при первых выстрелах среди красноармейцахсоздалась паника, а мощный шквал огня немецской артиллерии быстро уничтожил обедвизии». Шынайы жағдайды осылай сипаттағанымен, бұл мәлімдемеде жеткіліктіақпарат болмағандықтан, Брест қамалын ерлікпен қорғап жатқан шағын гарнизонныңерліктері ол кезде айтылмай қалды. Бұл гарнизонның немістермен 20 шілдеге дейінерлікпен шайқасқаны кейіннен белгілі болды. Алайда қалың жауға қарсы жалғыз гарнизон не істей алатын еді? Брестіқорғаушылар оқ-дәрінің, патрондардың жетіспеуінен де азап шекті. Бұлхалық үшін де күтпеген жағдай болды. Архив құжаттарында соғыс басталысымен қалалардаазық-түлікке деген сұраныстың күрт артуына байланысты нанның жетіспеуі туралымәліметтер көптеп кездеседі. Босқыншылыққа ұшыраған Қызыл армия бөлімдерініңөздерін соғыстың алғашқы күндерінде тоқтату аса қиын болды. Мұндайды күтпеген командирлерөздерінің әскери бөлімдерін таппай, сеңдей соғылып, адасып жүрді.
Соғыс қарсаңында және барысында славян емес немесе этникалық жағынанбасқыншыларға жақын халықтарды сенімсіздікпен атақоныстарынан тылға зорлапкөшіру де сталиндік ішкі саясаттың бір көрінісі болды. Бұл туралы кәрістерді, Кавказхалықтарын, месхет түріктерін, Еділ бойы немістерін, қалмақтарды кеңесбасшылығының Сібірге, Орталық Азияға, Қазақстанға қалай қоныстандырғаны туралыаз жазылған жоқ. Дегенмен архив қойнауында әлі де оқырмандарға жете қоймаған,мәселенің байыбына тереңірек баруға көмектесетін құжаттар баршылық. Мысалы, И.Сталин мен С.Буденныйдыңатына 1941 жылы 3 тамызда Оңтүстік майдан командашыларынан мынадай мазмұндағыжеделхат түскен: «1. Военные действия на Днестре показали, что немецскоенаселение стреляло из окон и огородов по отходящим нашим войскам. Установленотакже, что вступающие фашистско-немецские войска в немецской деревне 1.8.41 г.встречались хлебом, солью. На территории фронта имеется масса населенныхпунктов с немецским населением. 2. Просим дать указания местным органамвласти о немедленном выселениинеблагонадежных элементов». Жекелеген мұндай фактілердің орын алғаны рас.Алайда бұған ел ішіндегі барлық немістерді кінәлау асыра сілтеу болар еді.Солай бола тұрса да, И.Сталин өзіне тән қаталдықпен бұл жеделхаттың шекесінебылай деп нұсқау жазды: «Товарищу Берия. Надо выселить с треском. И.Ст.».Осыған сәйкес, ВКП(б) ОК саяси бюросы1941 жылдың 31 тамызында «О немцах, проживающих на территории Украинской ССР»деп аталатын арнайы қаулы қабылдап, онда НКВД-ға мынадай тапсырмалар берді: «1)немцев, состоящих на учете как антисоветский элемент, арестовать: 2) остальную частьт трудоспособного мужскогонаселения в возрасте от 16 до 60 лет НКО мобилизовать в строительные батальоныи передать НКВД для использования в восточных областях СССР». Бұл ендітүсініктеме беруді қажет етпейтін қаралы құжат. 1941 жылы 29 тамызда Молотов, Маленков, Косыгин,Жданов төртеуі Сталинге мынадай жеделхат жолдады: «Сообщаем, что нами приняторешение о немедленном переселении из пригородов Ленинграда немецского ифинского населения в количестве 96 000 человек. Предлагаем выселениепроизвести в Казахстан – 15 000 человек, в Крсаноярский край – 24 000человек, в Новосибирскую область – 24 000 человек, Алтайский край – 12 000человек и Омскую область – 21 000человек. Просим утвердить этопредложение».
Айтакеткен жөн, мұндай, жоғарыдан жүгенсіздікпен халықтар тағдырын шешуге КеңестерОдағы басшылығы М.Горбачевтың тұсында әділетті баға беріп үлгерді. 1989 жылы 14қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларацияда мынадай жолдар бар:«Верховный Совет СССР безоговорочно осуждает практику насильственногопереселения целых народов как тяжелейшее преступление, противоречащее основаммеждународного права, гуманистической природе социалистического строя…Верховный Совет СССР считает необходимым принять соответствующиезаконодательные меры для безусловного восстановления прав всех советскихнародов, подвергшихся репрессиям». Иә, бұл маңызды мәселе кеңестер заманында-аққолға алынған еді. Алайда жақында ғана президентіміз Қ.Тоқаевтың қуғын-сүргінқұрбандарын анықтауға және ақтауға байланысты мемлекеттік комиссия құру туралы шешімге келуі бұл жұмыстың бізде 30 жылдан астам мерзімге созылып кеткенін,әлі аяқталмағанын аңғартып отыр.
Жалпы, тылға жеделкөшірілгендердің жағдайлары аса ауыр болды. Әсіресе балаларға қиын тиді. Олтуралы архив құжаттарында көп айтылған. Мысалы, 1941 жылы 1 тамызда Мәскеу менЛенинградтан мектеп жасындағы 250 мың бала Мәскеу, Рязань, Тула және Ярославль облыстарына көбіне ауылдықжерлерге көшірілді. Алдын ала бұған дайындық жұмыстары жасалмағандықтан,балалар баспана таппай, жаппай ауруға шалдығып, қиын жағдайға ұшырады. Осындай төтеншесоғысқа қажет дайындықтарды дер кезіндежасауға жеткілікті көңіл бөлмеген, елді соғысқа дайындауда өрескел қателіктергежол берген И.Сталиннің дегенмен десоғыстың алғашқы күндерінде бар жауапкершілікті өзіне алып, күн-түн демейеңбектенгенін де теріске шығара алмаймыз. Өйткені елді тоталитарлық жүйебасқарған заманда ел бір ғана адамнан үміт күтті, Сталиннің аузына қарады. Еңбастысы, мұны Сталин де дұрыс түсінді. 1941 жылдың 21-28 маусымдағы, соғыстыңалғашқы күндеріндегі ол қабылдаған, архивқойнауында сақталған, партия қайраткерлері мен қолбасылар тізімі осыны растайды.Мысалы, И.Сталин 21 маусымда таңғы сағат 18.27-ден бастап, түнгі 23.00-ге дейін13 адамды қабылдады. Олардың ішінде маршал Тимошенко мен Берия екі рет қабылдауда болған. Соғыс басталғансоң, 22 маусымда таңғы сағат 05.45-тен бастап, түні бойы, сағат 16.45-ке дейін ол29 қабылдау жасаған. Олардың қатарында Молотов, Вышинский, Жуков екі реттен, Берия,Маленков, Ворошилов, Микоян үш рет Сталинде болған. 23 маусымда Сталин таңғы сағат 03.20-дан06.10-ға дейін, одан соң, осы күні кешкі сағат 18.45-тен түнгі 01.25-ке дейін қабылдауларжасаған. Ал 24 маусымда Сталиннің қабылдауы 16.20-да басталып, күні бойы, кешкі21.30-ға дейін созылған. Келесі 25 маусымда Сталин мұндай қабылдауларды түнгісағат 01.00-де бастап, таңғы 05.50-ге дейін созған. Кешке осы қабылдауларжалғасып, ол 19.45-тен түнгі 01.00-гедейін созылған. Осы күні Сталин 39 партия қызметкері мен әскерилерді арнайы шақырған.26 маусымда күндізгі 12.10-да басталған осындай қабылдаулар түнгі 23.20-дааяқталған. Бұл уақытта барлығы 28 адам Сталинде болған. Сталин осындайтәртіппен 27 маусымда 30 адамды, алкелесі күні 21 адамды қабылдаған. Сталинніңосындай күнді түнге ұрып, уақытпен де, денсаулығымен де санаспай жанталасаәрекет етуі төңірегіндегілерді, Қызыл армия басшылығын Отан үшін аянбауғабаулыды. Бұл туралы Жуковтың, Василевскийдің, Тимошенконың, Штеменконың,Баграмянның және т.б. естелік мемуарларында аз жазылған жоқ. Бұл айтылғандарданқандай қорытынды туындауы мүмкін? Иә,біз, тарихшылар, Сталинді ел басқарудағы асыра сілтеулері мен әртүрлі саяси озбырлықтарыжәне қуғын-сүргін ұйымдастырған жүгенсіздіктері үшін қатал айыптаймыз. Алайда оны ел басына күн туған сәтте Отанынсатты және опасыздыққа барды деп айыптай алмаймыз. Ол соғыс қарсаңында және соғысжылдарында Отан қорғау ісінде өзі жіберген кешірілмес дөрекі қателіктерді нақтыісімен түзетуге бар күшін салған қайшылықты тұлға. Оны сондықтан да әлі күнгедейін құрметтейтіндер бар. Ол өлгенде халықтың жылау себебі де осында. Бұл –басқа әңгіме және біз айтып отырған кезең тарихының аса күрделілігіне баса мәнберуге шақыратын маңызды мәселе.
ТаласОМАРБЕКОВ,
Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-дың профессоры