Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:32, 24 Қыркүйек 2019

«Қырғыз елін келемеждеген, кемсіткен болсам, кешірім сұрайын»

Жақында Қарағандыда өткен айтыста қырғыз ақыны ЖеңісбекЖҰМАҚАДЫРҒА Жүрсін ЕРМАН: «300 мың теңге бұлқырғыздар үшін үлкен ақша» деп, жүлде тапсырған.

Жүрсін Ерманның осы бір сөзіайырқалпақты ағайындарға ұнамай, Қырғыз Жоғарғы кеңесінің депутаты, «Айтыс»қоғамдық қорының құрылтайшысы Садық ШЕР-НИЯЗ әлеуметтік желідегі өз парақшасындаЖүрсін Ерманға жауапқайтарған. «Жас Алаш» газетінің сайтынан осы жайданхабардар болған Жүрсін ЕРМАН да қырғыздарға жауап берді.

«Мен жолда жүріп байқамаппын, біраз қырғызағайындар мені күстаналап, оған айт десе тұра шабатын өзіміздің желөкпелерқосылып, мені талай жерге апарып тастаған екен. Мен қырғыздарды келекелеп, екі елдің арасына жік салған екенмінғой.Ендеше мен болған жайды баяндап берейін, әрі қарай не десеңіз деөздеріңіз білерсіздер.

СәкенСейфуллиннің 125 жылдығына арналған Қарағандыдағы айтысқа Қырғыз елінен жалғызайтыскер келіп еді, есімін атамай-ақ қояйын. Бірінші айналымда қазылартарапынан төмен баға алып, құлап қалды. Қонақ қой, ұят болар деп қайта қостық.Әлгіндей жағдай тағы қайталанды.Ренжімей аттансын деп мейман ақынға 300мың теңге сыйақы тағайындадық. Осы жүлдені тапсырып тұрып:«Қырғызстанда бұл аз ақша емес»дедім. «Осыған риза бол, айналайын»деп арқасынан қақтым. Осы сөзім үшінмен туысқан Қырғыз елін келемеждеген, кемсіткен болсам, кешірім сұрайын. Бірақ өлеңнің, поэзияныңалдында кім кешірім сұрайды?!Қазақ айтысындағы өлең сөздің деңгейі тым биіктеп кеткені үшінайыпты боламыз ба?! Өрен жүйрік Рүстем Қайыртайлар шаң қауып қалған Қарағандыайтысында туысқанның сағы сынбасын деп шүлен таратқанымыз үшін жазықтымыз ба?!Қазылар алқасының құрамында отырған Серік Ақсұңқарұлы, Ғалым Жайлыбай,Аманжол Әлтаев, Асанәлі Әшімов, ӘсияБеркенова, Қойлыбай Асанов, Нұртөре Жүсіп,Бауыржан Халиолла қырғыз ақынына қиянат жасады деп ойлайсыздарма?!

Болғанжағдай осы. Аржағынөз деңгейіңізден бағамдай беріңіз!» деді ол фейсбуккежазған пікірінде.

Тегтер: