17:13, 30 Тамыз 2023
Қырғыз жанкүйерлері «Барселонаның» аңыздарымен кездесу матчында алаңға жүгіріп шыққан (видео)

Жалал-Абадта «Барселона» клубының аңыздары мен облыс құрамаларының балалары арасындағы матч кезінде жанкүйерлер алаңға жүгіріп шыққан.
Бұл туралы 24kg хабарлады.
Видеоны блогер Николай Гладков Instagram парақшасында жариялады.
Ойын кеше Барселона футбол академиясының ашылуында өтті. Жарыс алдында жасөспірімдер алаңға шықты. Олар аты аңызға айналған футболшылармен суретке түсіп, селфи жасағысы келген. Осы кезде жанкүйерлер алаңға жүгіріп шыққан. Тәртіп бұзушыларды алаңнан алып кету үшін күзетшілер де футбол алаңына жүгіріп шығуға мәжбүр болды.
аталмыш матч Жалал-Абад қаласындағы «Құрманбек» стадионында өтті. Оны ел президенті Садыр Жапаров та бақылап отырды.