Қырғызстан АҚШ-тың санкция салуына қатысты пікір білдірді
Қырғызстан АҚШ әкімшілігінің экономикалық санкциялар қаупіне пікір білдірді. Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, ел билігі санкцияланған тауарлардың шекарадан өтпеуі үшін шара қолданатын болады. Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Қазақстан Қытайда жасалған пилотсыз ұшақтардың Қырғызстаннан келгеніне дәлел келтірмегенін атап өтті.
«Алдағы уақытта санкцияланған тауарлар біздің шекарамыздан өтіп, санкция салынған елдерге бармауы үшін шаралар қабылданатын болады», — деді Премьер-Министр.
Ақылбек Жапаров елде сауданың ашықтығын қамтамасыз ету арқылы мұндай тәуекелдерді жою бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Әлемдегі жағдай соншалықты тез өзгереді, әсіресе үлкен елдер бірдеңені қалайтын болса. Біз дұрыс бағытта жұмыс істеп жатырмыз", — деді ол.
Бұған дейін АҚШ президентінің әкімшілігі Қырғызстаннан Ресейге санкция салынған тауарларды жеткізуді тоқтату үшін жаңа экономикалық шараларды әзірлеп жатқаны хабарланған болатын. АҚШ-та Қырғызстаннан Ресейге тасымалданып жатқан Қытайдың DJI Agras T30 пилотсыз ұшақтың 14 партиясын Қазақстанда ұстағаны туралы жаңалықтарға ерекше назар аударылды. Кедендік мекеме жеткізушінің тауарды тасымалдауға лицензиясы жоқ екенін айтты.