Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:59, 14 Шілде 2020

Қырғызстан азаматы елде індет ушыққан тұста билік үстінен арыз түсірді

None
None

Қырғызстан азаматы Раушан Айткулова билікті елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жауапқа тартуды талап етіп, бас прокуратураға арыз түсірді.

Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне бас прокуратураның баспасөз хатшысы Наргиза Кубатова айтты.

Прокуратура өкілі арыздың толық мазмұнын айтқан жоқ.

"Арыз жалпы бөлімде тіркелді. Үкіметті, президент әкімшілігіндегілерді жауапқа тарту туралы арыз" деді Кубатова.

Бұған дейін Раушан Айткулова деген азамат әлеуметтік желіде пандемиядан қаза болған адамдардың өлімі үшін президенттің, премьер-министрдің, үкімет мүшелерінің үстінен Бас прокуратураға және парламентке арызданғанын жазған.

Арызға қатысты президент әкімшілігі, үкімет пікір білдірген жоқ.

"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c = 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState = «uninitialized» || d.readyState = «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);

Қазіргі ресми мәліметке сай, Қырғызстанда 11538 адамнан коронавирус табылды. 149 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, 497 адам пневмониядан көз жұмды. Елде вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны ресми статистикадан көп болуы мүмкін. Себебі Қырғызстанда күнделікті алынатын анализ саны аз.

Елде ауруханаларда орын және маман тапшы. Жұрт дәрі-дәрмек таппай жүргендерін айтады. Билік мамырда экономиканы жандандыру үшін төтенше жағдайды аяқтап, карантинді жеңілдете бастаған. Осыдан кейін Қырғызстанда вирус жұқтырғандар күрт өсе бастады. Үкімет елде қайта карантин жариялаған жоқ.

Тегтер: