Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:30, 28 Мамыр 2020

Қырғызстан: Перзентханада ондаған адамнан коронавирус табылды, бесеуі - нәресте

None
None

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ош облысындағы перзентханада 34 адамнан коронавирус табылған: 15-і — медицина қызметкері, 14-і — жаңа босанған әйел және бесеуі — нәресте.

Министрліктің айтуынша, перзентханада коронавирус бары бұған дейін де белгілі болған, мекеме карантинге жабылып, кейінірек обсервацияға айналған.

Өткен тәулікте Ошта 35 адамнан коронавирус табылды. Мұнда барлығы 177 адамға вирус жұққан.

28 мамыр күнгі ақпарат бойынша, Қырғызстанда 1594 адамнан коронавирус табылған. (Бішкекте — 397 науқас анықталған). 1066 адам жазылған. 16 адам қайтыс болған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: