Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:59, 18 Шілде 2020

Қырғызстанда бір күнде 70 медқызметкер коронавирус жұқтырды

None
None

Қырғызстанда 18 шілдеге қараған күні бір тәулікте 70 дәрігерден коронавирус инфекциясы анықталды.

Олардың үштен бірі Бішкек қаласының үлесінде. Бұл туралы елдің пандемиямен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Эпидемия басталғалы елде барлығы 2269 медқызметкердің COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның ішінде 600 адам дерттен айығып шыққан. Кешегі тәулікте сегіз қызметкер жазылған.

Бір тәулікте барлығы 1264 адамның вирус жұқтырғаны тіркелді. Ресми дерек бойынша, эпидемия басталғалы коронавирус инфекциясы 25 мың адамнан табылған. Оның ішінде 858 адам аурудан қайтыс болған.

Қырғызстан үкіметі жақында пневмонияны коронавирус статистикасына қоса бастады. Оған дейін дәрігерлердің пневмонияны коронавирус қоздырып отыр деген ескертуіне қарамастан өкпе ауруын COVID-19 статистикасына қоспай келген.

Белгілері бойынша коронавирус ауруына ұқсайтын бірақ зертхана талдауы теріс нәтиже берген пневмония жағдайлары Қазақстанда да күрт артқан Кеше, 17 шілде күні елдің денсаулық сақтау министрі 1 тамыздан бастап қоздырушысы белгісіз (зертхана талдауымен расталмаған – ред.) пневмония жағдайлары коронавирус статистикасына қосылады деді.

Тегтер: