Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:59, 02 Тамыз 2020

Қырғызстанда Covid ауруынан қайтыс болғандар саны 1,4 мыңнан асты

None
None

1 шілде күні Қырғызстанда коронавирустан 12 адам қайтыс болып, Covid құрбандарының жалпы саны 1409-ға жетті.

Бұл туралы елдегі республикалық жедел штаб хабарлады.

Жедел штабтың хабарлауынша, кеше Бішкекте төрт науқас, Жалал-Абад облысында үш науқас, Шу облысында екі науқас қайтыс болған. Ал Ош, Нарын Ыстық-Көл облыстарында бір-бір науқастан көз жұмған.

Бір тәулікте 420 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың арасында зертханалық талдаумен расталған жағдайлар да (U07.1 коды), клиникалық белгілері бойынша анықталған жағдайлар да (U07.2 коды) бар.

Қырғызстан 17 шілдеден бері ПТР тестімен расталған коронавирус жағдайлары мен тест нәтижесі теріс шыққан бірақ ауру белгілері бойынша коронавируске ұқсайтын пневмония жағдайларын бірге санап келеді.

Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 36 мың 719-ға жетті. Оның 27 мың 274-і жазылып шыққан.

Тегтер: