Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:17, 27 Мамыр 2020

Қырғызстанда шамамен 300 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан

None
None

Өткен тәулікте Қырғызстанда 12 медицина қызметкерінің COVID-19 ауруына шалдыққаны анықталды.

Бұл туралы 27 мамырда денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нурболот Усенбаев хабарлады.

Оның айтуынша, Бішкекте — 5, Ош облысында 7 қызметкерден коронавирус табылған. Бір күнде 6 дәрігер жазылған.

Елде COVID-19 диагнозы қойылған медицина қызметкерлерінің саны 299 адамға жетті, 243-і жазылып, ауруханадан шыққан.

27 мамыр күнгі ақпарат бойынша, Қырғызстанда 1520 адамға вирус жұққан, жалпы 1043 адам жазылған, 16 адам қайтыс болған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: