11:29, 17 Сәуір 2020
Қырғызстанда жүзден астам дәрігерге коронавирус жұққан
17 сәуірде Қырғызстанда тағы 23 адамнан коронавирус табылды, олардың 12-сі — медицина қызметкері.
Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нурболот Усенбаев хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, Бішкекте — 7, Ош облысында — 4, Ош қаласында 1 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан.
"Дәрігерлерге науқас немесе медициналық бақылауда жатқан адамдардан вирус жұққан. Негізінен вирус бір-біріне тараған" деді вице-министр.
Қырғызстанда COVID-19 диагнозы қойылған медицина қызметкерлерінің саны 116 адамға жеткен. 17 сәуір күнгі мәлімет бойынша, жалпы 489 адамнан коронавирус табылған.