Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 04 Тамыз 2020

Қытай елшісінің сөзіне наразы болып пикетке шыққан тұрғын 15 күнге қамалды

None
None

3 тамызда Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында пикет өткізген тұрғын Серік Әжібай 15 күнге қамалды.

Ол Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоның "екі ел арасындағы әскери әріптестік" туралы айтқан мәлімдемесіне наразы болып, акцияға шыққан еді.

Сот қаулысында Әжібайдың консулдық алдында "заңсыз шара өткізгені", "полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны", "қарсылық ретінде қолдарын жіппен байлап, алқаға байлағаны" жазылған. Сот оны Әкімшілік кодекстің 488-бап 6-бөлімі бойынша кінәлі деп тапқан.

Әжібай өзіне тағылған айыптарды мойындамаған. Сот отырысы кезінде акция өткізу үшін рұқсат керек емес деп санайтынын, өз пікірін жеткізгісі келгенін айтқан. Істі судья Олжебаева қараған.

Видео: Тұрғын Қытай елшісінің әскер туралы сөзіне қарсы пикетке шықты. Полиция оны ұстап әкетті (3 тамыз 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Тұрғын Қытай елшісінің әскер туралы сөзіне қарсы пикетке шықты. Полиция оны ұстап әкетті» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Тұрғын Қытай елшісінің әскер туралы сөзіне қарсы пикетке шықты. Полиция оны ұстап әкетті please wait Embed Бөлісіңіз
Тұрғын Қытай елшісінің әскер туралы сөзіне қарсы пикетке шықты. Полиция оны ұстап әкетті
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30763908.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:24 0:00 Жүктеп алу

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо жақында жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери әріптестік туралы айтып, "екі елдің қарулы күштері "үш зұлымдықпен" (терроризм, экстремизм және сепаратизм) күресіп, аймақтағы "түрлі-түсті революция" жасауға қарсы шығады" деп мәлімдеген еді.

Тегтер: