Қызылорда облысының Сырдария ауданында тағы үш адамнан вирус табылды
Денсаулық сақтау министрлігі 8 сәуір таңертең Қызылорда облысында үш адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған.
Ресми органдардың хабарлауынша, үшеуі де Сырдария ауданында тұрады. Үшеуі де коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқан.
"Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты. Хаттамаға сәйкес, емделіп жатыр" делінген хабарламада.
Қызылорда облысында барлығы 69 адамға вирус жұққан. Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35, Сырдария ауданында — 14, Арал ауданында – 1 адамнан коронавирус табылған.
Қызылорда облысы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада Нұр-Сұлтан (222) және Алматыдан (119) кейін үшінші орында тұр. Наурыз айының соңы және сәуір айының басында Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданы карантинге жабылған. Облыста шектеу шаралары күшейтілген.
Қарай отырыңыз: Қазақстан аймақтарында вирустың тарау динамикасы (Гистограмма)